Отан отттанда ыстық
Кішкентай ынан ауылдың балаларымен қарапайым қазақ балаларымен тай қүлындай тебісіп, ыстық таба нанды бөле жегенімді де мақтан етемін. Отбасым қазақ тілінде сөйлеп, қазақ халқының салт - дәстүрлеріне құрметпен қарайды. Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпағанғой. Отбасым арқылы менің Отанға деген сүйіспеншілігім арта түседі. Отан оттанда ыстық, мен отанды сүйемін. Ұлы Отан соғысы халықтардың ерлігі, майдандағы әскерлерден бастап тылдағы еңкейген қарттан, жас балаға дейін ат салысып таны, елі,жері үшін күрескен. Мұның өзі керемет . Кәзір біздер тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Отанға адал қызмет ету біздің борышымыз. Отанды қорғай отыра бойымызға патриоттық сезімін оятыуымыз керек. Ел қорғау - абыройлы іс. Ұлт азаттығы үшін ата - бабаларымыз талай тер төккен және ұлан байтақ жерді бізге аманат етіп тапсырды. Жастарға ғасырлар бойы ата - бабаларымыз қорғай білген Атамекен көзіміздің қарашығындай сақтау өсиет.
Туған жерім - Қазақстан Республикасы. Менің елім - егемен ел, тәуелсіз мемлекет. Мен - Қазақстан Республикасының Азаматшасымын. Егемен елде өмір сүріп жатырмын. Сондықтан өз жерімді, өз елімді ата - бабаларымыз бен әке - шеше леріміз сияқты қадірлеруге, сүюге, қорғауға тиіспіз Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала. Отан оттан да ыстық.
Біздің халқымызда Отанын, атамекенін ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Менің отаным тәуелсіздігі тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін. Біздің тағдырымыз батыр да, намысқой ата – бабаларымыздың қаныменен шешілді. Ал біз болсақ қазақ жастары ретіндегі олардың рухына мәңгі тағзым етумен ғана шектелмей,отанымыздың тағдырының нұрлы болуына өз септігімізді тигізуіміз керек, сонымен қоса бізден кейінгі ұрпақтардың жалғастығынына,олардың тағдырының себепшісі болуына бар жалынымызды арнауымыз тиіс.
Отан отбасыдан басталады. Әрбір отбасы Отанның қазынасы. Ал Отан отбасының баға жетпес байлығы. Отбасыда өзінді қалай жайлы сезінесін Отанның барда өзіңді қолында жарты әлемнің байлығы бардай қуатты сезінесің. Мұның бәрі Отанның адамға беретін алапат күші. Отбасыда әкеміздің әр айтқан сөзі заң болып, біздің жақсы өмір сүруімізге жағдай жасап, барлық түйіткілді мәселенің шешімін әкеміз қабылдағаны секілді Отанныңда барлық мәселесі мен халықтың әл-ауқатын жақсартып, қолдау көрсететін басшымыз – президентіміз бар. Әкеміз бір отбасынның мәселесін шешсе, президент бүкіл халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, көмектесіп, жарқын өмір сүруімізге жағдай жасап жатады. Әлемнің қаншама әсем жерлеріне саяхаттап барсаңда өз Отанының көз тоймас сұлу табиғатына ешқандай жер жетпейтіні анық. Менің Отаным әлемдегі ең шұрайлы, табиғаты шексіз сұлу, ауасы жұпар иісті, жанынды ерекше сезімге билейтін ғажап мекен. Осындай ғажап мекенде өмір сүріп жатқаныма шексіз қуанамын. Отанымның көркеюіне қолымнан келгенше ықпал жасаймын. Мен Отанымды шексіз жақсы көремін!
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда
Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Менің елімде көптеген ұлттар тұрады. Біз өте қонақжай халықпыз. Біздің елдің табиғаты өте әдемі. Қазақстаннан басқа елге көшіп кеткен адамдар, ол елді «екінші Отаным» деп атайды. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Өйткені, Отан – біреу ғана. Отан деген – біз тұратын аумақ қана емес. Отан отбасыдан, туыстардан және достардан басталады. Ол – сенің екінші анан. Оны ауыстыра алмайсын. Өз Туған жерінді ұмыту мүмкін емес, ол сенің жүрегінде мәңгілік болады. Мен Қазақстанда туылғаныма қуаныштымын! Менің туған жерім – Қазақстан. Ол аумағы бойынша әлемде 9-шы орында. Бұл үлкен тарихы және мәдениеті бар мемлекет. Туған жердің тарихын, әдет-ғұрпын және дәстүрлерін білу, әр адамның міндеті. Қажет болса оны қорғауға дайын болу керек. Еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке - Республика күні биыл маған ерекше әсер етті. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні тәуелсіз мемлекетіміздің туы әрқашанда биікте желбіреп, биікке самғай берсін.
Өз ойымды төмендегі өлең жолдарымен қортындылағым келеді:
Көк байрағым желбіреп асқарымда,
Алтын шуақ төксе күн аспанымда,
Ауыздығын шайнаған арғымақпен
Айға да біз жетерміз қас - қағымда!