Реферат тақырыбы: «Қазақстан менің арманым»



Дата10.12.2023
өлшемі18,17 Kb.
#136734
түріРеферат
Байланысты:
эссе


ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Индустриалды-технологиялық институты


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Қазақстан менің арманым»
Тапсырды: Такесова Гүлнәз Марсқызы
Группа:МТ-11
Номер:87027230463
Тексерді: Ермекова.А.Б



Орал 2022 ж


Осыдан 17 жыл бұрын мен Қазақстан Республикасында туылдым.Мен осындай тарихқа бай,болашағы жарқын мемлекетте туылғанымды мақтанышпен айта аламын.Қазақстан-әлемде территория бойынша 9 орын алатын,барлық мемлекетпен достық қарым-қатынасты,бейбітшілікті ұран ететін мемлекет.Керемет табиғат,қонақжай,қарапайым халық,дамушы елдер қатарына кіретін,экономикада өз салмағы бар мемлекетке қиындықтар немесе мәселелер болуы мүмкін бе? Әрине
Біріншіден еліміздегі экономикалық мәселелерге келсек.Қазақстан пайдалы қазбалар мен ауылшаруашылық шикізатын шығаруда экспорттық лидер дей аламыз.Бұл салалар мемлекетке үлкен пайда әкеліп отырғаны анық.Енді осы салаларға әртүрлі реформалар мен жолдауларда көбірек көңіл бөлмеске?! Елімізде Менделеев кестесінің барлығы дерлік табылды.Осыларды өндіруді кеңейтіп,табыс көзіне айналдырсақ,алдағы 60 жылда бітеді деп есептеліп отырған мұнай мен көмірге тәуелді болмаспа едік?
Қазақ елі бұрынғы заманнан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатыр.Тіпті,ең алғаш жылқыны қолға үйреткен де біздің аймақ еді.Енді,ұлттық мәдени генетикалық кодымыз деп атай алатын мал шаруашылығы,әсіресе қой мен жылқы шаруашылығына көп көңіл бөлсек,бізді бұл сала тек табысқа жетелейді деп есептеймін.Қай экономика саласы болмасын жаңа күштерді қажет етеді.
Сол себепті,мемлекет жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп,халықты өндіріске баулыса экономикамыздың шығар шыңы биік болады деп сенемін.
Екіншіден,жаһандану мен ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесі.Көбінің қорқынышы-егер жаһандануға белсене аралассақ өз ұлттық құндылығымызды жоғалтып алу мүмкіндігі басым болуы.Менің ойымга,бұл қорқынышқа негіз жоқ.Керісінше,біз дамыған мемлекетермен көбірек аралассақ,жақсы келісімдер жасасақ әлемдік ықпалымызды арттырып,жарқын болашаққа қадам баса аламыз.Жаһандану алып келетін жаңашылдық пен ұлттық құндылықты керемет ұштастыруға болатынын Еуроодақ елдері өз үлгісінде көрсетіп отыр.Бұндай керемет қосынды туризмді де жақсы дамытып,Еуропа қалаларын аралау көп адамның арман-мақсатына айналды.Қазақстан да осы тәсілді неге қолданбасқа.Еліміз ұлттық мәдени ерекшеліктер мен табиғи ерекше құбылыстарға толы.Осыларды мемлекетіміздің ерекше белгісі ретінде қолдану керемет болар еді.Егер халқымыз өх тарихы мен мәдениетін құрметтей білсе,жаһандану бізге кедергі емес,керісінше одан әрі орнықтыруға үлкен көмек болар еді.
Үшіншіден,жастар жағдай «Еліміздің болашағы-жастар» деп Тұңғыш Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай,жастар-еліміздің басты қозғаушы күші.Сол себепті,мен жазып отырған мәселелердің ең бастысы деуге болады.Ел болашағы біз өскелең ұрпақ.Қазіргі күнде жастардың патриоттық сезімі,елімізді дамытуға деген құлшыныс аз.Әрине,бұның өзіндік себептері бар,бірақ,еліміз шетелге кеткен жастарды кері қайтаруда бұл көңілге қаяу түсіреді.Менің пікірімше,басты себеп осылай жастардың кетуіне ол жастарға көрсетілмейтін қолдаудан:Жұмыс саласында мемлекет көрсетпейтін қолдауда,менталитетіміздің салған ойдағы шекарада,өз дегенін істегісі келетін жастарды ата-анамен жақындардың шектеуінде.Осыдан кейін еркіндік іздеп шетелге кететін жастарды түсінуге болады.Мен өз мамандығым арқылы Қазақстанның экономикасын,техникалық,өндірістік саласын дамытқым келеді.Мен сияқты жастар жетерлік.Осындай бағыт алған жастардың қанатын қақпай,жетелеп,тіреу бола білсек нұр үстіне нұр болар еді.
Елу жылда ел жаңа шын мәнінде адамзат тұрмысы үздіксіз жаңарумен келеді.Біз жастар бір орында тұрын қалмауымыз керек. Біз  болашақ еліміздің ұрпақтары,өз елімізді,отанымызды жанымыздай жақсы көріп,еліміздің намысын,өнеге салтын,ана тілімізді,тарихымызды сақтап,қорғай білу біздің Отан алдындағы парызымыз.Білікті маман иесі болып өз Қазақстанымызға себептігімізді тигізуіміз керек.Отан алдындағы бірден-бір борышымыз осы.Болашақ Қазақстан-тек жастар мәселесі емес.Еліміздің жарқын болашағы үшін бәріміз ат салыса білейік.Қазақстан-өзіміздің қолымызда.Өз қолымызды ойлаймыз деп жүріп,туымыз бен ел абыройын құлатып алмасақ болар еді.М.Жұмабаев айтқандай «Мен жастарға сенемін....» осы сенімді абыроймен ақтайық!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет