Тапсырма:
Отандық ғылым мен білімнің дамуына ««Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасының қосқан үлесі» тақырыбында эссе дайындау;
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылдан бастап қоғамдық сананы модернизациялауға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынды. Аталмыш бағдарлама аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырылып, гуманитарлық білімнің барлық саласында әлемдегі ең үздік деген 100 оқулық түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылған болатын. Тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі — кітап», — деп атап өткен болатын. 2018 жылғы 12 сәуірдегі Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасы бойынша өткізілген презентацияға қатысуы жас ұрпаққа көңіл бөлудің бір көрінісі деп білемін. Бұл оқулықтар — әлемнің дамыған жоғары оқу орындарында қолданылатын оқулықтар. Еліміздің болашағын, сол болашақта елімізді көркейтуге ат салысатын мамандарды тәрбиелеу ісіне республикамызда көп көңіл бөлініп отыр.
Қазақстанда табысты жүзеге асырылып келе жатқан «Рухани жаңғыру» президенттік бағдарламасы қоғамның кең ауқымды жаңғыртуының негізі болып табылады, бұл біздің Қазақстан халқының рухани тәжірибесіне негізделген жаңа тарихи кезеңге енуімізге, өздерінің ұлттық кодекстерін және ерекше мәдениетін сақтауға мүмкіндік береді. Мақсаты - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа кітап» жобасының аясында қазақ тіліне аударылған 18 кітапты енгізу үдерісін қарау және талдау.
Президент ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша философия, социология, менеджмент, мәдениеттану және журналистика салалары бойынша ана тілінде оқулықтардың шығуы қазақ тілінің көркеюіне, ана тілінде жұмыс істейтін мамандардың білімдерінің шыңдалып, жаңа технологияларды меңгеруіне көмегін тигізетіні сөзсіз.
Жоба жастарымызды дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына кең жол ашып,жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдіміз. Әлемнің озық 100 оқулығымен жастарымыз өзінің ана тілінде таныса алады. Қазақ әдебиетінің ғана емес,әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармалар жастарымыздың ой-өрісін, таным көкжиегін кеңейтуге сөзсіз үлесін қосатын болады. Бұл кітаптар өміршең, сұранысқа ие болатын, жастардың ғана емес, жалпы оқырмандардың жүрегіне жол таба алатын кітаптар болатынына сеніміміз зор.