Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді.
Отбасының аса маңызды қызметінің бірі болып табылады. Себебі, отбасынан алған тәрбиені , қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін ұрпаққа жеткізу, бойына сіңіру,яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын ,өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу.
Отбасының эмоциональді қызметі
Отбасының эмоциональды қызметі-оның мүшелерінің ұнатушылық,сыйлаушылық,моцындаушылық, эмоциональды қолдаушылық, психологиялық қажеттіліктермен қағанаттагдыру
Рухани қарым-қатынас қызмет
Отбасының рухани қарым-қатынас қызметі бос уақытты бірлесе өткізу,екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру
Әлеуметтік бақылау қызметі
Отбасының әлеуметтік бақылау қызметі-отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын,оның ерекшелігі,ешер кімнің түрлі жағдайда күші бар болып,әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез құлқын өз бетімен тәрбиелеу деңгейін қамтамасыз етеді.