Отбасы мен неке мәселесі ежелден зерттеліп келеді. Антикалық дәуірден-ақ Платон мен Аристотель сынды ойшылдар ерлі-зайыптылар мен отбасына қатысты өз пікірлерін білдіріп, өз дәуіріндегі отбасыларды сынға алып, оны құрудың жобаларын ұсынған болатын. “Отбасы”, “үй іші”- бұл тарихи ұғым. Ол өмірдің даму , жоғары қарай өрлеу баспалдағы арқылы қалыстасқан. “Отбасы- қимылы өте шапшаң құбылыс. Ол еш уақыттаөозғалыссыз тұрмайды. Қоғамның төменгі сатысынан жоғары сатысына қарай өрлеген даму қарқынымен ілесіп, төменгі қалыптан жоғары қалыпқа ауысып отырады”, - деп жазады америкалық ғалым Морган Луис өз зерттеуінде.
Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол ерлі-зайыптыларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның тұрақтылығы мен беріктігіде әр кезде өзгеріп отырады. Оған құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өңір бірлігі әсер етеді.
Отбасы және неке ұғымдары бір-біріне тәуелді. Неке ұғымына қарағанда, отбасы ұғымының түсінігі кеңірек. Неке – отбасының негізгі алғышарты. Көп жағдайларда дұрыс толыққанды отбасы тек қана неке негізінде құрылады және дамиды. Қоғамның даму тарихында отбасылық қатынастар динамикасын зерттеуге үлкен үлесін қосқан швецария тарихшысы И.Я.а-хофен, оның жазған кітабы “Ана құқығы” (1861) және шотланд заңгері Дш.Ф.Мак-Леннан, ол “Алғашқы қауымдық неке” зерттеуінің авторы (1865).