Отбасы және қазіргі заман



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі2,25 Mb.
#15044
1   2
Байланысты:
әлеуметтану 3

Отбасының қызметі.

Отбасының маңызды қызметі – адамның қалайтын бақытын қанағаттандыратын фелицитивті ( лат. сөзі felicio —бақыт) қызмет болып табылады.

Отбасы –тұлғаның эмоциялық саулығының маңызды факторы. Махаббат пен неке тұлғаның бақытты сезінуі мен өмірге қанағаттануын анықтайды.

Қазіргі отбасы психологиясы мен отбасылық психотерапияда отбасын талдауға қатысты екі теориялық ұстанымды бөлуге болады. Бірінші ұстаным бойынша отбасы – ортақ және әртүрлі қызығушылықтары бар индивидтер тобы, отбасылық контекст тұлғаны әлеуметтендіру және дамыту ортасы ретінде түсіндіріледі. Отбасын осылайша түсіндіру – отбасы психологиясының дербес сала ретінде қалыптасуының бастапқы кезеңіне тән және ол белгілі бір дәрежеде мінез-құлықтық тәсілдемеде және психоанализде көрініс табады. Екінші ұстаным бойынша отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады және талдау «бірлігі» отбасы болып табылады. Бұл ұстаным жүйелі отбасылық терапияға және отбасының аддитивті емес сипатына баса назар аударатын психологтарға тән.

Отбасына жоғарыда берілген анықтамада отбасы құрылымының екі жүйесі – ерлі-зайыптылық және бала-ата-аналық жүйесі нұсқалған. Екі ұрпақ қазіргі нуклеарлы отбасы құрамын анықтайды: «отбасы архитекторлары» ретіндегі ерлі-зайыптылар және олардың балалары, яғни ата-аналар сияқты отбасының тең құқылы мүшелері және отбасының «құрылысшылары».

Отбасы – кез келген жүйе тәрізді бірқатар қызмет атқарады, олар отбасы спецификасын, мәдени-тарихи дамуын, сонымен қатар отбасылық өмір циклдері кезеңдерін бейнелейді:


  • Экономикалық (материалды-өндірістік), шаруашылық-тұрмыстық. Индустриалды қоғамға дейін отбасы барлық негізгі материалды қызметтерді қамтамасыз ететін алғашқы топ ретінде қарастырылды. Қазіргі кезеңде отбасының экономикалық қызметі оның мүшелерінің табыстарының бірігуімен және бұл табыстарды отбасының әрбір мүшесінің қажеттіліктеріне сай тұтынуға бөлуімен анықталады.
  • Репродуктивті (бала туу және халықтың ұдайы өсіп-өнуі). А.Г. Харчев бұл қызметті халықтың өсуін қамтамасыз ететін отбасының маңызды әлеуметтік қызметі ретінде санайды. Отбасының аталмыш репродуктивті қызметінің маңыздылығы Ежелгі Рим қоғамында Август императоры билік еткен кезде Рим азаматтарының дүниеге бала әкелуін арттыру заңы шыққанда мойындалды.
  • Бала тәрбиелеу қызметі. Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты. Ол қоғамның даму үздіксіздігін, адамзат ұрпағының жалғасын, заман байланысын қамтамасыз етеді.Отбасындағы тәрбиенің, баланың жақындарымен эмоционалды-жағымды толыққанды қарым-қатынасының, баланың ерте жаста үйлесімді дамуын анықтайтындығы белгілі. Бала қаншалықты бой жетсе де отбасының тәрбиелік қызметінің маңыздылығы жойылмайды.
  • Рухани қарым-қатынас қызметі –отбасы мүшелерінің рухани дамуын көздейді; ақпаратпен алмасу; тұлға үшін аса маңызды әлеуметтік-саяси, кәсіби, қоғамдық өмір мәселелерін талқылау; әдеби және көркем шығармалар, музыка контексінде қарым-қатынас; отбасы мүшелерінің тұлғалық және интеллектуалды өсуіне жағдай жасау.
  • Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі немесе психотерапиялық қызмет қауіпсіздік сезімін, эмоциялық өзара түсіністікті және жанашырлықты қамтамасыз етеді. Қазіргі отбасында бұл қызметтің басқа аспектісі тұлға бойында өзін-өзі көрсету және өзін-өзі таныту қажеттіліктерін қалыптастыруды көздейді.
  • Рекреативті (қалыпқа келтіруші) қызмет – отбасы мүшелерінің нервтік-психикалық денсаулығы мен психикалық тұрақтылығын қалыпқа келтіру жағдайларын қамтамасыз етеді.

Неке және туыстық

Неке  — отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастаротбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілікигілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен қарындастары; бір жағдайда ортақ атасы — әкесі, ал енді бір жағдайда — атасы болып табылатын көкесі мен жиені.

Қазақ тілінде туыстықтың әр түрлі дәрежесін білдіретін сөз, ұғымдар көп: мысалы, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене,туажат. Мұны қазақ коғамында ұрпактар арасындағы байланыс ерекше жақындықпен ажыратылатындығы арқылы түсіндіруге болады. Сондыктан да әрбір ұрпақтың жеті атаға дейінгі өз атауы болады.

Мысалы, азаматтық құқықта заң бойынша мүлікке мұрагерлік етуде жақын, сондай-ақ алыс туыстық та есепке алынады. Бүгінгі күні мұрагерлердің алты кезектілігі аныкталған. Оларға: балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналарынан баска (бірінші кезектілік) мұра қалдырушының туыстары, толык туыстары, толық емес туыс (жақын) ағалары мен қарындастары, сондай-ақ оның әкесі жағынан және шешесі жағынан келетін атасы мен әжесі (екінші кезектілік), мұра қалдырушының туған көкесі мен тәтелері (үшінші кезектілік), мұра қалдырушының алтыншы атасына дейінгі өзге де туыстары (төртінші кезектілік), егер олар мұра қалдырушымен бір ортада кем дегенде он жыл бірге тұрса туыс ағалары мен қарындастары өгей әкесі мен өгей шешесі (бесінші кезектілік), мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар (алтыншы кезектілік) жатады. Заң бойынша мұрагерлер кезегі бойынша мұрагерлікке ие болады.

Сондай-ақ өсиет бойынша мұрагерлер де болады. Қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі мүлікті бөлуде азаматтың разылығын білдіруін өсиет деп атайды. Азамат өзінің бар мүлкін толығымен немесе бір бөлігін өзіне жақын адамдарға, болмаса тіптен жақын емес адамдарға қалдыруын мұра қалдырушының өзі шешеді. Бұл процеске ешкімнің араласуына кұқығы жок. Сондай-ақ мұра қалдырушы бар мүлкін заң тұлғаларына немесе мемлекетке өсиет етуі мүмкін.

Туған ағалары мен қарындастары толык туыс және толык емес туыс болып бөлінеді. Толық туыстар - бір ортақ ата-анадан тарайтын аға-іні, апа-қарындастар. Егер әкесі мен шешесінің біреуі ғана ортақ болса, онда ағасына іні-қарындастар толық емес туыс деп есептеледі. Егер олардың аналары бір, ал әкелері баска болса, оларды бір кіндіктен таралғандар (яғни, бір анадан туғандар) деп атайды. Егер олардың әкесі бip, шешелері басқа болса, онда оларды қандастар деп атайды. Қазақстанның отбасылык заңнамасы құқықтық жағынын ағасына іні-қарындастарды толық туыс не толық емес туыс деп айырмайды.


Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет