Отбасы және неке құқығының негіздері



бет2/3
Дата11.04.2023
өлшемі19,41 Kb.
#81670
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Отбасы және неке құқығының негіздері

Некеге тұру шарттары.
Неке сарайларында салтанатты жағдайда тағдырларын біріктірген екі азамат жаңа отбасының дүниеге келгенін жариялайды. Бұл екі адам үшін және оның туыстары үшін ғана емес, бүкіл қоғам өмірі үшін маңызды оқиға. Осы сәттен бастап мемлекеттің отбасы алдындағы, отбасының мемлекет алдындағы құқықтық кезеңі басталады. Қ.Р Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылған неке ғана заңды деп танылады. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынған. Бұл тыйым салу неке заңында да көзделген. Неке, тілек білдіруші адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілері тіркеу органдарында қиылады. Некені қию тілек білдірушілердің азаматтық хал актілерін тіркеу органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.
Некеге отыру үшін заңда белгіленген шарттарды сақтау қажет. Аталған шарттардың оң және теріс деп бөлу қабылданған, яғни некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі тиіс.

ҚР-сының «Неке және отбасы туралы» заңы бойынша неке 18 жас деп белгіленген. Дәлелденген себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орындары неке жасын 2 жылдан аспайтын мерзімге кемітуі мүмкін. Мұндай себептер қатарына, әйел адамның жүктілігі немесе дүниеге сәби әкелуі, ерлердің әскер қатарына шақырылуы, т.б.жағдайлары жатады.


Мұндай некеге тілек білдірушілер мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары келісім бергенде рұқсат етіледі.
Некеге тұрушылар заңды түрде ерінің немесе әйелінің тегіне өтуге құқылы. Некені күштеп, қорқытып немесе басқада жағдайлармен мәжбүрлеп қиюға жол берілмейді.
ҚР- сының «Неке және отбасы туралы» заңының 11-бабында араларында неке қиюға жол бермейтін адамдар санаты берілген:
- Біреуі болса да басқа некеде тұрған адамдардың арасында
- Тікелей ататегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың ата-анасы бір немесе бір әкелі, ортақ аға-қарындасты, апа-інілер арасында
- Асырап алушылар мен асырап алынғандардың арасында
- Біреуі болса да психикалық аурудың немесе ақыл-есінің кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың арасында


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет