Некеге тұру тәртібі. Жоғарыда айтылғандай неке, ниет білдірген адамдардың қатысуымен азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында қиылады.
Еңбекпен түзету мекемелерінде жазасын өтеп жүргендердің некесін тіркеу аталған мекеменің орналасқан жерінде жүргізіледі.
ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» жарлығына сәйкес шетел азаматтары да ҚР азаматтарымен тең негізде тұруға, тоқтатуға құқылы.
Некеге тұрғысы келетін адамдардың біреуі ерекше жағдайларға байланысты АХАТ органына келе алмаған жағдайда неке сол адамның тұрғылықты жерінде қиылуы мүмкін.
Мысалы, азамат А. ауыр науқастанып қалуына байланысты АХАТ органына келуге мүмкіндігі болмады. Мұндай жағдайда заң некені «Неке және отбасы» туралы заңның нормаларын сақтай отырып, емдеу мекемесінде, үйінде, т.б.осыған сәйкес орындарда тіркеуге рұқсат етеді.
Некені тіркеу органына өтініш бергеннен кейін аталған некені тіркеуге кедергі болатын жағдайларға байланысты шағым түсетін болса, Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАТ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Бір айлық мерзім белгілеудің маңызы үлкен.
АХАТ органдарына арыз бергендердің 10-12%-ы тіркеуге келмей қалатыны,осы органның тәжірибесінде жиі кездесіп жүрген құбылыс. Бұл жастардың неке құруға атүсті қарауынан туған жағдайлар болуы мүмкін. 1 ай мерзім өмірлік маңызы бар мәселені жан-жақты ойланып шешуге қажетті шарт. Дәлелді себептер болған жағдайларда некені тіркеудің жергілікті мемлекеттік органдары некені мерзімінен бұрын тіркеуге немесе оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы.
Күнделікті өмірде әр түрлі оқиғалар кездесіп жатады. Осындай ерекше жағдайларда (тараптардың біреуінің өміріне қауіп төну, дүниеге сәби әкелу, жүктілік, т.б.) некені тіркеу өтініш берілген күні де жүргізілуі мүмкін.