Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады



Дата13.07.2022
өлшемі2,97 Mb.
#37644
Байланысты:
уй жумысы

ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖАНЕ БАЙЛАНЫ УНИВЕРСИТЕТІ

Отбасы жане казирги заман


Әйләдірова Асылжан
СИБк-21-13
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген,ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.









Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады.
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
Отбасының әлеуметтік қызметтері
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады.
Отбасы және неке әлеуметтануның адамның тіршілік әрекетінің 
формасы ретінде отбасының өмір сүруі, дамуы мен өзгеруінің ішкі және 
сыртқы факторларының жүйесін, сонымен қатар оның құрылымын және 
қоғамдағы әлеуметтік функцияларын қарастыруды қамтиды. Отбасы және 
неке әлеуметтануында әлеуметтік қатынас ретінде неке және осы 
қатынастың негізі болып саналатын әрі тарихи белгілі бір ұйымдасқан 
ерекшелікті әлеуметтік жүйе ретіндегі отбасы арасында қайсыбір 
айырмашылықтар қалыптасқан. Осыдан келіп, неке әдетте әйел мен еркектін 
арасындағы тарихи өзгеріске түсетін қатынастардың әлеуметтік формасы 
ретінде пайымдалады.
 
Отбасы социологиясыотбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері 
отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың 
өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады. 
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет өтуін 
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті 
бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының 
бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттері негізінде отбасын 
нығайтудағы әр түрлі қызметке байланысты. 

Қортынды


Отбасының құрылымы – бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын 
қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, 
өмір салты, дәстүрі, өзге отбасылармен және қоғаммен өзара қарым-
қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас. Отбасының 
ерекшелікті қызметтеріне: 
- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу; 
- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды); 
- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру) жатады. 
Халықтың ұдайы өсуі мен күнделікті бала тәрбиелеу жөніндегі 
мәселелерді бір-бірімен ұштастыратын орта – отбасы. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет