Silkway Халықаралық Университеті
Филология факультеті «Аударма ісі»
Реферат
Қарым-қатынастың түрлері,
формалары,қызметтері.
Орындаған:Байдулла А
Тобы:136-01
Қабылдаған:Исакул С
Шымкент 2021
Қарым-қатынас психологиясының пәні адамдардың қарым-
қатынастары болып табылады. Сондықтан, қарым-қатынас
психологиясы адамдардың өзара қарым-
қатынас заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Қарым-қатынас психологиясы қамтитын сұрақтар:
Адами қатынас деген не? Оның ерекшеліктері мен механизмдері
қандай?
-Жеке адам белгілі бір топ мүшесі болған сәтте қандай өзгеріске
ұшырайды, өзін қалай ұстайды? Неге оның мінез-құлқында өзгерістер
пайда болады?
Қарым-қатынас психологиясының негізгі бағыт-бағдарлары:
"Мен"-"Басқа" жүйесіндегі арақатынас. Қарым-қатынас
барысында пайда болатын тұлғааралық қатынастарды танып білу,
адамдардың бірін-бірі тану мен түсіну механизмін зерттеу, олардың
ортақ қызметін ұйымдастыру тәсілін анықтау, бір адамның екінші
адамға ықпал етуінің жолдары мен мүмкіндіктерін айқындау.
"Топ" - "Мен" жүйесіндегі арақатынас. Әртүрлі әлеуметтік
жағдайлардың адамның мінез-құлқы мен тұлғалық ерекшеліктеріне
ықпалын зерттеу. Адамның әлеуметтік ұстанымдары, әлеуметтік
көзқарастары, топ және қоғам адамның тұлғасын қандай жолдармен
қалыптастырады және өзгертеді? Әлеуметтану - даму барысында
әлеуметтік құндылықтарды, нормаларды әр адамның өз бойына сіңіру
үрдісі.
"Мен" - "Топ". Жеке адамның әлеуметтік жағдайларға, қоршаған
ортаға жасаған белсенді ықпалы. Әрбір адам - өз өмірінің, өз әлеуметтік
байланыстарының қожасы, басқа адамдармен қарым-қатынастағы
рөлдері мен орындарының жасаушысы ретінде қарастырылады.
Сонымен, қарым-қатынас психологиясының негізгі мәселесі - адами
қарым-қатынастың тұлға аралық және топаралык формаларын танып-
білу, қарым-қатынастың пайда болуы мен қызмет етуін және жеке
тұлғаның қарым-қатынас барысында әлеуметтік-психологиялық
қасиеттерінің қалыптасуын зерттеу.
Қарым-қатынас психологиясы адамдар мен топтардың әлеуметтік
мінез-құлықтарының зандылықтарын зерттейтін ғылым. Қарым-қатынас
психологиясы - мінез-құлыққа әлеуметтік ықпал етудің тиімді тәсілдері
мен технологияларының жиынтығы.
Қарым-қатынас қарым-қатынассыз, психологиясының маңызы
зор. Адам өмірін арақатынассыз, топішіндік және топаралық
катынассыз елестетудің өзі қиын.