Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі Әйелдің кәсіптік, аналық, жұбайылық рөлдерді атқаруы



Дата01.11.2022
өлшемі24,37 Kb.
#46767
Байланысты:
Отбасы тәрбиесіндегі ата ананың рөлі


Отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың рөлі Әйелдің кәсіптік, аналық, жұбайылық рөлдерді атқаруы
Жас баланы отбасында тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан - ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім - тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының орны зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батылдық пен батырлыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше.
Отбасында, әсіресе, ата-ананың, туған-туыстың айтқан сөздері, қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар, саяси-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер жөнінде оларға айтқан пікірлерді, қабылданып жатқан шешімдерге берген бағаларды т.с.с жас бала арнайы тыңдап, мән бермегенімен, ойын арасында естігенін біртіндеп белгілі бір ой қалыптастырып, тұжырымдар жасайды. Жанұяда негізі қаланған тәрбие өсе келе өмірлік нысанаға айналуы мүмкін. Халық жанұядағы тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Оны "Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын", "Балақан өсіру - Балапан ұшыру емес" деген мақал - мәтелдерден көруге болады. Ал, "Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер", "Үлың өссе - ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе - қызы жақсымен ауылдас бол", "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" -мақалдары халықтың бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп-өнуіне, болашағына үлкен көңіл бөлгендігі байқалады. Яғни, бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі, үлкендердің үлгі өнегесіне қарап тәлім алады. "Тәрбиенің ең тамаша мектебі-отбасы".Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт,10 жасқа дейін құлдай жұмса,15 жастан асқан соң-досыңдай сырлас»-деп халық текке айтпаған. Ата-ананың үйдегі қарым-қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі өйткені, "қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі", "Әкеден - ақыл, анадан - мейір алады", "Әке - асқар тау болса, ана бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ"халықтың даналық сөздері еске түседі. Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағанына іспеттес.
Тәрбиеге арнайы бөлінген уақыт жоғы белгілі. Ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, жақсы қасиеттері арқылы қадірлі ғұмыр кешіп, ұрпағына мирас ете білсе, өзінен күш -қуат кетіп, бағу-қағу сияқты күтім қажет кезінде кімді тәрбиелеп, кімді өсіргенімен бағалы болады.
Семья тәрбиесінде ата-аналардың ез мінез-құлқы шешуші фактор болып табылады. А. С. Макаренко лекцияларында: «Сіз өз балаларыңыздың, тәрбиесін баста-мастан бүрын, өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәр-се... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы ата-аналардың өз семьясын қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы — тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі,— деген болатын.
Әйелдердің отбасындағы орны мен олардың күнделікті жағдайы да отбасы тарихындағы маңызды мәселенің бірі. Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиеттердің көпшілігінде қазақ әйелдерінің қоғамдық қатынастарда құқықсыздығын орынды баяндаумен бірге, олардың отбасындағы орнын, Орта Азия халықтары әйелдерімен салыстырғанда әлдеқайда еріктілігін негізінен дұрыс көрсетеді. Солай болғанмен де әйелдердің отбасындағы орнын анықтауда оны әлеуметтік қатынастармен байланысты қарамай, бүкіл қазақ әйелдерінің көрген күні қараң, тұрмысы ауыр, өмірі азапты өтеді деген үстіртін пікірлер де болды. Сондықтан төңкеріске дейінгі отбасындағы әйел орнын анықтауға, оның қоғамдық және үйдегі жағдайына тоқталған уақытта әлеуметтік қатынастарды, ислам дінінің және халықтың әдет-ғұрыптардың ықпалын дұрыс ескерсе ғана өткен өмірді обьективті түрде көрсетуге, ол туралы дұрыс тұжырымдауға келуге болады. Қазақ қауымында қоғамдық мәселелерге байланысты әйелдің орны еркектерге қарағанда әлдеқайда кем саналғандығы кімге болса да аян. Ел арасындағы әр түрлі мәселелерді және ауыл отбасы тағдыры көбінесе әйелдердің араласуынсыз тек ерлер арасында, онда да ақсақалдар мен билер арасында шешілетін. Ал әйелдердің мойынында тамақ дайындау, киім тігу, жүн сабау, киіз басу, жіп иіріп алаша тоқу, кір жуып, үй жинау, от жағу, жас балалар мен кәрі ата-енесін күту, үйдің ұсақ-түйек шаруаларын атқару түгел әйелдерге қарады.
Сөйтіп қазақ қауымындағы патриархалды-феодалдық қарым-қатынастың салдары мен ислам дінінің әсеріне байланысты әйел атулыны төмен санап, оларға байлар мен билер тәкаппарлықпен қарау да орын алды. Бірақ, жалпы халық арасындағы ежелден қалыптасқан ұғым бойынша еркекке бергісіз әйелдердің болғанын жоққа шығармайды.
Бүгінгі күні бүкіл әлемде әйелдердің қоғамдағы жетекші рөлінің артып отырғаны белгілі бір заңдылық. Алысқа бармай-ақ, өз халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған Томирис патшайымның, Қарашаштың, Домалақ ененің, Әлия мен Мәншүктің есімдерін айтсақ та жеткілікті. Ендеше, егеменді ел атанып, етек-жеңімізді жинап, әлемдік өркениетті мемлекеттермен үзеңгі қағысуымызда әйелдердің де асқан үлесі бар деп айта аламыз.
Қазақстан әйелдерінің биліктегі арақатынасы туралы мәселе, яғни, саяси аренаға әйелдердің қатысы қазіргі күн тақырыбындағы өзекті проблема. Тарихи тәжірибені зерделесек, кеңестік жүйенің коммунистік партиясы әйелдерге байланысты заңдарды, әлеуметтік саясатты дамыту стратегиясын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
Мемлекеттік саясаттағы гендерлік проблеманы енгізу нәтижесі жоғары білімді әйелдердң санының өсуімен сипатталады. Мәселен, 1939 жылы халық шаруашылығындағы 1000 әйелдің алтауы жоғары білімді болса, 1959 жылы бұл цифр – 29, 1970 жылдары – 55, 1979 жылы – 91 болған...
Әйелдердің еңбектегі белсенділігінің артуы экономиканың, мәдениеттің даму талабымен айқындалғаны түсінікті. Оның үстіне білімділік пен кәсіби жоғары даярлық үлесі де өсті, бұл өз кезінде әлеуметтік жағдайдың басты критериіне айналды. Кеңестік кезеңнің тарихындағы басты ерекшелігі - әйелдердің әлеуметтік позициясына саяси қолдау көрсетуде эгалитаризм идеологиясын жетекшілікке алған. Мемлекет әйелдерінің сайлану құқығын, қоғамның барлық саласындағы рөлін арттыруды жүзеге асырды. Дегенмен, әйелдердің саяси өкілеттілігі кеңестік саяси жүйенің шеңберіндегі шараларға тәуелді болғанын есте ұстауымыз керек.
Әйелдерді билікке қатыстыру ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында кеңінен өрістеді. Алайда, партиялық-шаруашылық, қоғамдық-саяси басқару аппаратына әйелдерді көтеру ісі өте төменгі деңгейде жүргізілді. 1989 жылы басшылық қызметтегі әйелдердің үлес салмағы 4,8 пайыз болды (оның ішінде, өнеркәсіпте – 9,4 пайыз, ауыл шаруашылығында – 5,5 пайыз, транспортта не бәры – 0,6 пайыз, байланыс жүйесінде – 4,3 пайыздай...) Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда, кеңес үкіметі тұсында басшылық қызметке әйелдердің тағайындалуы сиректеу болғанын көреміз. Әйел қауымы интеллектуалдық мүмкіндігі ер адамдардан кем түспейтіндігі белгілі. Демек, қоғамның билік жүйесіндегі әйелдің жағдайы отбасылық-тұрмыстық дәстүрден асып шыға алмады. Шын мәнінде, кеңестік кезеңде әйелдердің дискриминациясы «жасырын» практикамен іске асырылды.
Тоталитарлық саяси жүйеде мұның бәрі өміршілдік-әкімшілдікке, орталықтандырылған жоспарды экономикаға, бір партиялық монополияға бағындырылды. Сондықтан билік органдарының қалыптасу тетігі де осындай бағытта айқындалды.
Егемен Республикамыздың тұңғыш Конституциясының қабылдануы сайлау жүйесінің мүлдем жаңа кезеңін тудырды десек те, 1994 жылғы сайлаудың нәтижесі бойынша, 13-шақырылған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 176 депутаттары арасында әйелдер Кеңесі ұйымдарының 3 мүшесі болды. Бүгінде Парламент депутаттарының арасында әйелдер не бәры 11 пайызды құрайды. Еліміздің Парламенттік корпусы, билік құрылымындарында негізінен ер-азаматтар отыр. Министрлер мен вице-министрлер арасындағы әйелдер саусақпен санарлықтай ғана.
Сондықтан, қазіргі Қазақстан әйелдері бейүкіметтік ұйымдар құрып топтасу арқылы өз мәртебесінің, әлеуметтік жағдайының өзгеруіне белсенді ықпал жасауда. Әйелдер өздерінің экономикалық ресурс ретіндегі сапалық қасиетін өтпелі кезеңдерден жоғалтпай келеді. Қазіргі Республика тұрғындарының жартысынан астамын құрайтын әйелдер нарық жағдайына бірден бейімделді, саяси өмірге белсене араласты. Осының барлығының басты өзегі - әйелдің ұрпақ тәрбиесіне, оның өсіп-өнуінің игілігін еселеп жетілдіруге бейжай қарай алмауынан туындайтын сапалық қасиеті. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы әйелдер қозғалысы институты кенеттен басталған құбылыс емес. «Заң» газетінің 28 қарашасындағы нөмірінен біздің республикамызда 374,4 мың әйелдердің жұмыссыздығы, оның біразы жоғары білімді екендігі жайлы деректерді оқыдым. Қазақ ұлтының бесігін түзейтін әйелдердің жағдайы Үкімет тарапынан шұғыл түрде қамқорлыққа алынбаса қазақтың саны қалай көбеймек.
Әйелдердің белгілі бір саяси позициясын айқындауы әлеуметтендірілуді талап етеді. Ол үш түрлі салада өрістейді: белсенді іс-әрекет, қарым-қатынас, саналы түрде айқындалу. Аталған салалар саяси сипатта көрініс табады. Бұл сипаттағы саяси білім мен біліктілік жүйесін игеру барысында бекітеді. Саясаттағы әйелдер, олардың саяси әлеуметтендірілуі саяси іс-әрекетінің барлық деңгейін қамтығанда ғана нақты саяси салмақ пен мәртебеге, беделге ие болады. Оның нақты дәлелі «Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының» белсенді қызмет әрекеті болып отыр (президенті Р.Сарсембаева).
Елбасымыз «Әйел саяси шешім қабылдау процесінен тыс бола алмайды. Өкімет органдарында әйелдердің өкілеттілігі жеткілікті дәрежеде емес. Әйелдерсіз демократия болуы мүмкін емес», - деп атап көрсеткендей, әйелдердің әлеуметтік тепе-теңдігі заңмен қамтамасыз етіліп, қоғамдық, атмосферада тұрақты басымдыққа айналуы тиіс.Бұл мәселенің ойдағыдай орындалуына біз, әйелдер – қоғамдық күш ретнде жұмыла еңбек етуіміз керек деп ойлаймыз. Өйткені, біздерге бүгінгі ұрпақ пен бүгінгі отбасы қамын ойлау міндетімен қоса қоғамның саяси, мәдени, рухани өміріне белсене араласуды заман талабы жүктеп отыр

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет