Отбасым –бақыт мекенім



Дата31.08.2023
өлшемі20,8 Kb.
#105764

Отбасым –бақыт мекенім
Отбасы –ол шағын мемлекет. Әрбір адам бір шағын мемлекеттің тұрғыны. Егер менен «отбасы» сөзінің мағынасын сұраса, мен былай деп жауап берер едім.
«Отбасы» сөзі негізінен «оттың басы»деген ұғымды білдіреді. Отбасындағы оттың басын ұстап отыратын –отағасы. Отағасы деп біз өзіміздің әкемізді айта аламыз. Отбасының бақыты үшін көп нәрсенің қажеті жоқ деп ойлаймын. Ең бастысы отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сыйластығы, махаббаты және құрметі мен сүйіспеншілігін қажет етеді деп ойлаймын.
Әр адам өзінің отбасын бақыт мекені деп есептейді. Сол секілді менде өз отбасымды бақыт мекені деп есептеймін.
Мен өз отбасымды өте қатты жақсы көремін. Тіпті сөзбен жеткізе де алмаймын. Осы тұста менде өз отбасымды таныстыра кеткенді жөн санадым.
Отбасымда ең үлкені қадірлі де қамқоршы әжемнен бастайын. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген қазақта әдемі сөз бар ғой. Сол секілді біздің отбасының берекесі әжем деп айтуыма да болады. Есімі - Манат. Әжем жас кезінде мұғалім қызметін атқарған. Яғни ұстаздық жолында еңбек етіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан. Әжемнің ұстаз болуы мен үшін көп көмегін тигізіп келеді. Үнемі сабақтарыма көмектесіп, білмегенімді үйретіп отырады. Әжемнен кейін отбасымыздың тірегі болып жүрген әкемді айтуға болады. Әкемнің есімі – Ерғали. Ол кісіні мықты адам деп есептеймін. Себебі, әкем халыққа қызмет етеді. Яғни өрт сөндіру саласында өз қызметін атқарып келеді. Сондықтан да мен өз әкемді батыр адам деп айта аламын. Келесі болып мені жарық дүниеге әкелген, отбасымыздың аяулысы болып жүрген анамды айтқым келеді. Анамның есімі –Раушан. Анам қазіргі таңда ұстаздық жолында еңбек етіп келеді. Жалпы қазақта қыз бала анасына жақын келеді деген сөздерді жиі естимін. Менің көптеген білмейтін нәрселерімді анам айтып, үйретіп отырады. Менің анамның менен басқа көптеген балалары бар деп есептеймін. Өйткені анам, ұстаздық жолында жүргесін мен секілді балаларға сабақ үйретіп, білім беруде. Сондықтан да мен анамның осындай қасиеттерін бағалаймын, құрмет тұтамын.
Мен отбасымда кенжесімін. Сонымен қатар отбасымызда менен үлкен екі әпкем бар. Әпкелерім үлкен оқу орындарын бітіріп қазіргі таңда жұмыс жасап жатыр. Әпкелерімнен көптеген үлгі аламын. Өйткені олар маған барлық жақсы нәрселерді үйретеді, ақылды болып өсуіме көп септігін тигізеді. Екі әпкемнің де орындары мен үшін бөлек. Әпкелерімді қатты жақсы көремін. Әке-шешем бізді әрдайым жақсы нәрсеге, ешкімнің ала жібін аттамауға, адал болуға тәрбиелеп қана қоймай, өздері де бізге үлгі бола біледі. Менде ата-анамның үмітін ақтауға тырысып келемін. Ата-анамның үмітін ақтау- ең үлкен арманым болып табылады.Осындай үлкен бақытты отбасында өмір сүріп келе жатқаныма қуанамын. Мен отбасымды қатты жақсы көремін.

Қорыта айтқанда, «Отан –қуат,


Отбасы –шуақ» деген сөзді айтқым келеді. Мен әрбір отабсының шаңырағынан күннің шуағы түспесін деп, әр шаңырақта бақыт, береке болсын деп тілеймін!

С.Толыбеков атындағы №3 IT-мектеп-лицейінің


5 «в» сынып оқушысы Бисембай Гауhар Ерғалиқызы
Жетекшісі қазақ тілі және әдебиеті пәнінің
мұғалімі: Науанова Гүлжан Нұрланқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет