Қабылдаған: Торыбаева Ж. Орындаған: Джанзакова Ж. Тобы



Дата26.04.2023
өлшемі74,2 Kb.
#87153


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Математика кафедрасы





Тақырыбы: "Менің үлгі тұтар тұлғам"




Қабылдаған: Торыбаева Ж.
Орындаған: Джанзакова Ж.
Тобы: ММА-211қ 23


"Менің үлгі тұтар тұлғам"



Əрбір адам дүние есігін ашқан кезде оның өмірлік ұстанымы, үлгі тұтар тұлғасы, алға қойған мақсаты болады. Ал бүгінгі əңгіме, "Менің үлгі тұтар тұлғам".
Менің ойымша ақылды адам тұлға болу үшін əрқашан өзіне үлгі боларлық Əркім өзінше өздеріне бір адамды үлгі тұтады. Сол адамның істеген істеріне таңдай қағып, сол секілді болғысы келеді. Менің үлгі тұтар адамым - Әкем мен Анам! Адамға ең адымен " алғаш" үлгі болар адамы әкесi мен анасы деп ойлаймын! Менің әкем мен анам ( ешқандай да атақты емес) қарапайым адамдар. Бірақ олардын маған берген үлгі өнегесі ұлы адамдардан артық демесем кем емес! Мен үшін - тағдырдың ауыртпалығына мойымай , ұлын ұяға, қызын қияға қондырған әкем мен анам-Ұлы тұлға, Дана адамдар!
Әркімге де ең алдымен ата-анасы үлгі ғой, ол түсінікті, ата-анадан бөлек деп сураса...
Менің үлгі тұтар тұлғам -Лəйлə Сұлтанқызы.
Көпшілік қауымға (СуперСтар) жобасымен танылған Лəйлə Сұлтанқызы бүгінде Қазақстанның телеарна саласындағы орны бөлек ерекше жандардың бірі болып отыр. Ол сондай ақ "Қазақстан" телеарнасының "Əйел бақыты" бағдарламасының жүргізушісі. Оның жан-жақтылығы мен тəжірбиелілігі мені қатты қызықтырады. Сондай ақ маған қатты ұнайтын қасиеті сөз саптауы. Нағыз журналистерге тəн қасиет осындай болу керек.
Балаларға да арнап "Балапан " телеарнасын ашты. Менің ойымша қоғамға тигізіп жатқан пайдасы өте көп сияқты.
Кескін келбеті көз сүйсіндіретін Лəйлə апай нағыз қазақ əйеліне тəн қасиетті бойына сіңіре білген. Көпшіліктен "Лəйлə Сұлтанқызы қандай? ", деп сұрақ қойса, əсіресе қыздар қауымы ыстық ықыластарымен, жылы лебіздерін білдіріп жатады.
Лəйлə апай жайлы айта берсек өте көп əңгіме болар еді. Өзі журналист, білікті басшы, халықтың мұның мұндаушы, жоғын жақтаушы деп айтсақ артық болмас еді. Себебі əр күні, тікелей эфирде өзекті мәселелерді қозғап, соны шешудің жолын іздейді.
Жақында ғана өзін жазушы жағынан сынап көрген Лəйлə апай "Менің екінші кітабым" атты кітап жазып, жəне оның тұсауы кесіліп, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне ие болды.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет