- қайта өндіру (репродуктивті) – ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру);
- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен,жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру); - қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік – мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енгенқауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.