Отчеты по рейке Превышения Средние превышения Гори зонт инстр ум


Нивелирлеу журналдарын камеральдық өңдеу



бет2/3
Дата04.12.2022
өлшемі165,5 Kb.
#54757
түріОтчет
1   2   3
Байланысты:
геодезия8

Нивелирлеу журналдарын камеральдық өңдеу

Нивелирлеу журналдарын өңдеу келесі реттілікпен жүргізіледі:


1. Журналда өрісте жасалған барлық есептеулер тексеріледі.
2. Парақтап бақылау жүргізіледі:
Σав/2=Σh/2= Σhср. (67)

Келтірілетін журналдың бірінші бетінде (8.1-кесте)


а) тура жүріс
ав) /2=(58601-69740)/2= -5570;
åh/2=(5695-16835)/2= -5570 (68)
åh ср.=2847-8417= -5570.

б) кері жүріс (8.2-кесте):


ав) /2=(70709-59597)/2= 5556;

åh/2=(16802-5690)/2= 5556;


åh ср.=8401-2845= 5556.





      1. Бойлық кескінді анықтау

Бойлық кескін техникалық нивелирлеудің маңызды қорытынды құжаты болып табылады. Ол құрылыс осьтерін вертикаль жоспарлау кезінде және жер үсті жұмыстарын өндіру үшін қажет.


Бойлық кескін нивелирлік журнал деректері мен пикеттік кітапша бойынша құрастырылады және миллиметрлік қағазда сызылады. Горизонталь масштаб 1:1000, 1:2000, 1:5000; вертикаль 10 есе ірілеу.
Кескінді сызу келесі реттілікпен жүргізіледі (5-сурет)
1. Шартты горизонтты, кескін сызығы шартты горизонт сызығын қиып өтпейтіндей және одан 5-10 см-ге жоғары болатындай етіп таңдайды. Шартты горизонт белгісі 10 м еселі болуы керек.
2. Кескін торын салады (41-сурет).
3. Шартты горизонт сызығында пикеттер мен плюстік нүктелерді салады. Алынған нүктелердің әрқайсысында перпендикулярларды қалпына келтіреді және оларға қабылданған вертикаль масштабта см-ге дейін дөңгелектелген кескінді (шартты) белгілер Нпроф.абс. - УГ салады.
4. Беттің жобалық (қызыл) кескінін салады. Жобалау (қызыл) сызығын топырақты қазып алу және себу бойынша жер үсті жұмыстарының минимумын ескере отырып таңдайды (41-суретті қара). Осыған орай таңдап алынған жобалық еңіс жобаланатын құрылысқа қойылатын техникалық талаптарға байланысты еңістің берілген шамасынан аспауы керек.
Трассаның жобалық еңісі формула бойынша есептеледі


і = tg δ = h/d = (Hк.кр. – Hн.кр.)/d (78)
мұнда h = Hк.кр. – Hн.кр. – график бойынша анықталатын қызыл сызық шеттерінің биікайырымы;
d - осы сызықтың горизонталь ұзындығы.

41-сурет– Трассаның бойлық профилі

  1. Трасса нүктелерінің анықталатын қызыл белгілері. ПКО қызыл белгісі графикалық түрде кескіннен алынады; келесі нүктелердің қызыл белгілері формула бойынша анықталады



Нn кр. = H0кр. ± i dn , (79)

мұнда Н0кр. – нольдік пикеттің қызыл белгісі;


Нn кр.n – дік нүктенің қызыл белгісі;
i – сызықтың жобалық еңісі;
dn- ПКО-дан бастап n-ші нүктеге дейін горизонталь қашықтық.
Мысалы: Н1 = H0 + i d1 = 415,46 +(- 0,0055)*100 = 414,91 м,
Н2 = H0 + i d2 = 415,46 + ( -0,0055)*200 = 414,36 м.
42-суреттен (4) бағандағы жобалау сызығы, жобалау белгілері, сондай-ақ (5) бағандағы сызықтар мен жазулар қызыл тушьпен орындалады.
6. Қызыл белгіден осы нүктенің қара белгісін шығарып тастап жұмыс белгілерін есептейді. Жұмыс белгілері берілген нүктеде топырақты себу (+ белгісі) немесе қазып алу (- белгісі) биіктігін көрсетеді және жер үсті жұмыстарын өндіру үшін негізгі көрсеткіш болып табылады. Жұмыс белгілері, егер топырақты алу қажет болса, кескін сызығының астына қызыл тушьпен жазылады, немесе егер топырақты себу қажет болса - сызықтың астына.
7. Көк белгілерді, яғни нольдік жұмыс белгілерін табады. Осы нүктелерде жер үсті жұмыстарын жүргізу қажет емес, себебі жұмыс белгілері оларда 0-ге тең. Трассадағы осы нүктелердің орнын 0,1 м-ге дейін дәлдікпен білу қажет, себебі олардан жер үсті жұмыстары жүргізіледі. Нольдік жұмыс нүктелеріне дейін қашықтықты анықтауды 43-суретте түсіндіреміз. АВ – қара сызық, СД – жобалау (қызыл) сызығы, мұнда а және b – жұмыс белгілері, X – жақын пикеттен немесе плюстік нүктеден нольдік жұмыстар нүктесіне дейінгі қашықтық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет