Еңбек шығындары. Жылумен жабдықтау жүйелердің жай-күйі мен техникалық деңгейіне байланысты өзгеретін едәуір еңбек шығындарымен байланысты. Еңбек шығындарын азайту және жұмыс күшін босату маңызды экономикалық міндет болып табылады. Рига жылумен жабдықтауды дамыту мысалында жылумен жабдықтауды орталықтандырудың әртүрлі дәрежесі кезінде жұмыс күшін үнемдеу мүмкіндігі туралы түсінік алуға болады.
1955 жылы 575 мың халқы бар Рига орталықтандырылған жылумен қамтылмаған. Қалада тұрғын үйлерге арналған 5000-ға жуық жеке қазандық және 800 жеке зауыттық қазандық бар. Шамамен 15000 ғимарат пешпен жылытылды. Жеке қазандықтарға және олардың отын шаруашылығына қызмет көрсетуде 15000 адам жұмыс істеді. Бұған жеке тұлғалардың пәтерлік пеш қондырғыларына қызмет көрсетуге еңбек шығындарын қосу керек.
Қалаларда жеке жылумен жабдықтаудан орталықтандырылған қызмет көрсететін персоналдың саны 3-5 есе қысқаруы мүмкін деп болжануда.
Жақсы өткізгіш болып саналатын адамның денесі арқылы электр тоғы өткенде, айтарлықтай қауіпті болатындығы, тіпті адам өліміне дейыін әкеп соғатыны белгілі. Электр тоғының адамға әсері әр түрлі болуы мүмкін: бұлшық еттің жеңіл дірілдеп қысқарғанымен жүректің тоқтауы көптеген себептерден тәуелді болады. Адамға әсер ететін тоқтың сипатына адамның денесінің кедергісі және оған түсірілген кереиу ықпал жасайды. Токты үш щекті мәндерге (ол бір қолдан екінші қолға өткен жағдайда) бөледі: сезінерлік, жібермейтін және фибрилляциондық.
Сезінерлік ток(1.6...1,5 мА) аздап, әлсіз қышыну және жеңіл шаншу байқалады. Сезінерлік тоқ өмірге қауіпті емес, алайда ұзақ уақыт әсер еткенде, адамның денсаулығына зиян келтіреді.
3...5Ма қолдың барлық қоспаларын (кисть) тітіркендіреді. 8...10мА ток кезінде ауырғаны күшейіп, барлық қолдарды қамтиды, қолдардың және білектердің бұлшық еттері еріксіз жиырылады.
Жібермейтін ток(10...15мА) күшті ауыртады, құрысып-тартылып қалу күшейе түседі, зардап шеккен адам ток жүрген қолын аша алмайды. 25...50 мА ток тек қолдың бұлшық еттерін ғана емес, сол сияқты тұлғаның бұлшық еттеріне де әсер етеді, бұл кезде қан жүретін тамырлар тарылып, артерияльдық қысым жоғарылайды, зардап шегуші есінен танады. Мұндай токтың ұзақ әсер етуі кезінде адамның тынысы тарылады, тіпті өліп кетуге дейін барады.