Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы: Экономика», –
2007. – 528 бет
155
2. Жүндібаева Т.Н. Отбасы педагогикасы. Алматы: Экономика, –
2014. – 312 бет
3. Сатиева Ш.С. Даму психологиясы. Астана: Фолиант, – 2012.–
232 бет
4. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы. Алматы: Эверо, – 2010. –
696 бет
5. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Санат, – 1995. –
352 бет
6. Кенжеахметұлы С. Ұяда не көрсең...: Ұлттық тәрбие, - №2(5). –
2011
РОЛЬ ПЕДАГОГА В СТАНОВЛЕНИИ ЛИЧНОСТИ
ОБУЧАЮЩИХСЯ
НИКУЛИЧЕВА О.Н.
cтудент по специальности «Информатика» Университета
Алматы, города Алматы
Научный руководитель: МУХАНОВА Г.Б.
Университет Алматы, г.Алматы
Педагогическая деятельность - это тот вид деятельности, на
результат которой оказывает влияние характер отношений между ее
участниками. Успешное решение сложных и ответственных задач
обучения и воспитания младших школьников в решающей степени
зависит
от
личности
учителя,
его
нравственной
позиции,
профессионального мастерства, эрудиции и культуры.
Учитель и ученик … две основные фигуры в школе. Личности,
чьи взаимоотношения на уроке и вне его непосредственно и решающе
влияют на весь учебно-воспитательный процесс, определяют его успех.
Не случайно так важно создание в школе атмосферы глубокого
взаимопонимания, доброжелательности, уважения, сотрудничества.
Опыт убеждает, что влияние учителя на ученика, успешная его
педагогическая деятельность зависит от авторитета учителя.
Авторитет
педагога
-
это,
прежде
всего,
средство
воспитательного воздействия на учащегося. Авторитетной личности как
бы авансируется успех. Личности, признающейся авторитетной,
приписывается компетентность и в других областях. Происходит как бы
иррадиация авторитета. Авторитет учителя - это сложный феномен,
который качественно характеризует систему отношений к педагогу.
156
Отношения учащихся к авторитетному педагогу положительно
эмоционально окрашены и насыщены.
Проблемой авторитета учителя - воспитателя занимались
Андриади И.П., Кондратьев М.Ю.,Крупская Н.К., Макаренко А.С.,
Самуйленков Д.Ф., Станкин М.И., Сухомлинский В.А, и др..
УченыеМакаренко А.С, Станкин М.И. разграничили в своих
трудах истинный и ложный авторитет, выделили виды ложного
авторитета.
Андриади И.П.,Кондратьев М.Ю.,Самуйленков Д.Ф. занимались
изучением компонентов авторитета и пути его формирования.
О значении авторитета учителя-воспитателя говорили очень
многие педагоги и психологи (Амоношвили Ш.А.., Крупская Н.К.,
Кондратьев М.Ю., Лихачев Б., Макаренко А.С.,Ольшанский В.Б.,
Сухомлинский В.А и др.).
В организации учебно-воспитательного процесса нельзя пройти
мимо такого мощного педагогического фактора, как характер
воспитателя, свойства и качества его личности. У одного педагога
слишком твердый характер и крепкая воля, большая общественная
активность. Он стремится все сделать сам, подавляет спонтанность
детей, оставляет их непричастными и равнодушными зрителями. У
другого - мягкий, он не способен потребовать от учащихся
элементарного порядка. Плохое знание педагогики и психологии,
нежеланием преодолеть себя, формировать свой характер в
соответствии с педагогическими требованиями дают простор
непосредственному,
спорадическому
проявлению
натуры:
вспыльчивость, жесткости или бесхарактерности, нетребовательности.
Понятие "авторитет" буквально означает общепризнанное
значение человека, его влияние на людей, поддержку его идеи и
деятельности общественным мнением, проявление уважения, доверия к
нему, даже веры в него: в его ум, волю, нравственность, способность
сотворить благо, отдать все силы общему делу.
Сущность, специфические особенности и функции собственного
педагогического авторитета обусловлены тем, что десятки и сотни
ребячьих глаз, как рентгеном, насквозь просвечивают и выявляют
нравственное состояние личности педагога. У настоящего учителя-
воспитателя нет другого морального выбора кроме чистоты,
искренности, открытости и прямоты. В противном случае учитель
неизбежно утрачивает свое влияние на детей и право быть их
воспитателем. Суть педагогического авторитета в постоянном развитии
педагогом в себе гражданской, творческой, человеческой личности,
подлинной духовности и интеллигентности. Ребенок авансирует
157
воспитателю свое уважение, доверие, расположение, исходя из
естественного предположения о высоких качествах его личности.
У учителей наиболее часто встречаются следующие виды
ложного авторитета. Авторитет подавления: завоевывается путем
систематической демонстрации превосходства в правах и возможности
держать учеников в постоянном безотчетном страхе перед наказанием
или высмеиванием за неудачный ответ или выполнение упражнения,
перед окриком, наказанием.
Сейчас такие учителя встречаются нечасто, но вред, наносимый
ими огромен. Они провоцируют учеников на трусость, подхалимство
или, наоборот, агрессивное отношение к старшему, стремление
насолить ему, но тонко замаскировать нарушение дисциплины,
неуважение к педагогу. Никакой речи о воспитании, сознательной
дисциплины, в данном случае идти не может. Кроме того, грубость
расшатывать нервную систему учащихся, прививает отвращение к
учебе, к учебному заведению, подрывает уважение к старшему.
Требовательность преподавателя, не подкрепленная уважением к
личному
достоинству
учащихся,
приобретает
формально
-
бюрократический характер.
Авторитет расстояния. Педагог, воспитатель стремится всегда
держать учащихся на дистанции. Вступает с ними только в
официальные контакты. Стремясь быть недоступным и загадочным,
такой преподаватель возвеличивает свою персону, создает для себя
привилегии вплоть до занятий на уроке посторонними делами,
прохождения в президиум школьного или студенческого собрания, хотя
его никто туда не выдвигает, получения в столовой еды без очереди.
Авторитет педантизма. У учителя- воспитателя существует система
мелочных, никому не нужных условностей, традиций. Он постоянно
придирается к занимающимся. При чем его придирки не согласуются со
здравым смыслом, они просто неразумны. Педант несправедлив и его
действия малоэффективны. У такого педагога ученики теряют
уверенность в своих силах, на занятиях одна часть учащихся грубо
нарушает дисциплину, другая - держится скованно, напряженно.
Авторитет резонерства. Учитель, пытающийся завоевать
авторитет таким образом, бесконечно поучает воспитанников, полагая,
что нотации - главное средство воспитания. К словопрениям таких
педагогов учащиеся быстро привыкают, перестают на них реагировать и
раздраженно, а иногда посмеиваясь, слушают поток нравоучений,
вытекающих из уст увлеченного собеседника красноречием педагога.
Авторитет мнимой доброты. Чаще, чем другие виды ложного
авторитета, встречаются у молодых педагогов. Не имея достаточного
158
педагогического опыта, эти руководители молодежи считают, что
учащиеся оценят их доброту, попустительства и ответят послушанием,
вниманием, любовью. Получается лишь наоборот. Ученики игнорируют
указания и даже просьбы старшего и вдобавок над ним же смеются.
Истинный же авторитет - это такое отношение учащихся к
учителю, которое побуждает учащихся быть все время младшими
товарищами учителю, то есть участвовать вместе с ним и под их
руководством в заботе об улучшении жизни.
Обязательным требованием к авторитетному учителю является
моральная чистоплотность. Нравственные отношения пронизывают все
стороны общения учителя и учащегося. Любой хороший или плохой
поступок обязательно имеет нравственный аспект. Если учащиеся
увлеченно работают на уроке и не слышат звонка на перемену, если не
пререкаясь, выполняют любую просьбу учителя, авторитет последнего
высок.
Успех же педагогической деятельности, как и других видов
труда, зависит не от второстепенных качеств личности, а от основных,
ведущих, которые предают определенную окраску, стиль действиям и
поступкам учителя.
Литература
1.Андриади И.П.Основы педагогического мастерства-М.:
Издательский центр "Академия",1999.
2.Березняк Е. Авторитет учителя: из чего он складывается.
//Учитель.1997, -№3. -с.6
3.Лихачев Б. Педагогика: Курс лекций, - М.:1996. -с.142-147.
4.Макаренко А.С. О воспитании. - М.: Школьная Пресса, 2003. -
192с.
5.Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива. - с.56-57.
6.Ушинский К.Д. О пользе педагогической литературы. //Собр.
соч.: Т.2.М.,1948. -с.29.
159
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - ІЗГІЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ
НЕГІЗІНДЕ
ОРАЗБАЙ ҒАЗИЗА
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының
3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: ТҰРҒАНБАЕВА Б.Ш.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университетінің доценті, п.ғ.к.
Еліміздің ертеңгі сенімі – жас ұрпақтың бойына туған жерге,
халқына деген сүйіспеншілікті оятып, патриоттық сезімге баулу,
білімді, өнегелі ұрпақ етіп өсіру – қазіргі қоғамның өзекті мәселелеріне
айналуда. Қазіргі кезде республикамыздың егемендігі мен бейбітшілігін
сақтауда әрбір жас тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту
арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән беріп
отырылғандығы Қазақстан Республикасының Конституциясында,
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында, Қазақстан
Республикасы Президентінің республика халқына жолдауларында,
Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру және ғылыми-
зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерінде айқын
аңғарылады.
Кешегі дана Мұхтар арттағыға «Ел боламын десең – бесігіңді
түзе» деген көнермейтін нақыл қалдырыпты. Елдіктің тұтқасын берік
ұстауда бұл қағиданы темірқазық етудің маңызы зор. Бұл ретте жас
буынды патриоттыққа баулуға аса мән беру керектігін баса айтуға
болады. Абай атамызша айтсақ, «жастықтың оты жалындаған» өскелең
буынға «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» бірдей ұстау керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауындағы
маңызды
бағыт
–
қазақстандық
патриотизм.
Елбасымыздың халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы мені өте
қызықтырады. Себебі, қазақстандықтарға болашағын тайға таңба
басқандай етіп тың идеяларын ұсынып отыр. Мен Елбасының әр
жылдардағы жасаған жолдауын басты назарда ұстаймын. «Мәңгілік Ел»
патриоттық актісі біздің елімізге өте қажет дүние деп білемін. Бүгінде
өркендеу көшіндегі бағытымыз айқын болғандықтан, Елбасының
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы болашағымыз үшін адастырмас
бағдаршам. Патриоттықтың қайнар көзі әрине, отбасына, Отанға деген
160
сүйіспеншіліктен бастау алады. Айта кетелік, мысалы әрбір жас
жоғарғы оқу орнына оқуға түскен сәттен бастап оның өміріндегі ең
маңызды кезең басталады. Ол тек жоғарғы білім алып қана қоймай, өзін
қоршаған ортадан тәлім-тәрбие үлгі алады. Сонымен қатар студент
жоғарғы оқу орны қабырғасында жеке тұлға ретінде өзін орнықтырып,
өзінің азаматтық ұстанымдарын қалыптастырады. Кең байтақ елімізде,
тәуелсіздіктің аз ғана жылында көптеген жетістікке қол жеткізіп
жатқандығымызға барша халықтың өзі куә. Әр Қазақстандықтың өзі
таңдаған саласында барынша қарқынды, пайдалы іс жасауы ерекше
маңызды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа
бастар жол» атты жаңа Жолдауымен танысқанымда, осы туралы
ойланып, ойға шомдым. «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші,
ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының
ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық
тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел!
Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Өткен
тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген
келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр.
Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны
көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі
ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтар
жұмысының түпкі мәні – осы!»,-деген Елбасының сөзі әркімді
болмасын ойға салатындығы хақ. Жас қазақстандықтардың патриоттық
сезімдерін қалыптастыру мақсатында насихат жұмыстарын жүйелі,
мақсатты түрде білім, мәдениет жүйесі мен бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы жүргізу қажет. Жастарымыздың Отанның
болашағына деген жауапкершілігін және өз тағдырын Отан тағдырының
ажырамас бөлігі деп сезінуін қалыптастырудың маңызы орасан зор.
Осылайша бойына рух беру арқылы біздің болашағымыз –
Отанымыздың болашағы, ол жауапкершілігі жоғары және сенімді
азаматтардың қолында деп білетін боламыз. Біздің жастар абырой,
парызға адалдық, тәртіп, елдің гүлденуі жолында аянбай еңбек ету
сияқты түсініктердің жолын ұстанып өсулері тиіс. Адал еңбек етіп, өмір
сүріп, саламатты өмір салтын ұстанып, отбасылы болып, өзіміздің
бабаларымызды есте ұстап, оларды құрметтеп, солардың өнегесімен
өзіміздің арттағы қандас, қара көз бауырларымызды паториоттыққа
баулу, өзіміздің қолымызда екендігін есте ұстаған дұрыс. Осындай
қазақ отбасында ғана Отанының патриоты өсіп шығады. Қазақстан
Республикасының Президентінің халыққа арнаған Жоладауының негізгі
бағыттарын түсіндіру мақсатында баяндамалар оқылып, жұмыстар
жүргізіліп жастарды тәрбиелеуде патриоттық бағыттағы шаралар
161
көптеп жүргізілсе дегім келеді. Әрине, патриоттық сезім өз-өзінен
қалыптаспайды. Ол өзінің бастауын отбасынан, мектептен, жоғарғы оқу
орны қабырғасынан елдің тарихын тереңдей білу, оның тәуелсіздігін
және дамуын қамтамасыз етуге күш салған ұрпақтың қызметін түсіну
және құрметтеуден алады. Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында
тұрмыз. Аға ұрпақпен әңгімелер, пікірлесулердің тыныштықтың қадірін
біліп, әлемдегі бейбітшілікке жас тәуелсіз еліміздің қосып отырған үлесі
жайында білімімізді толықтырудағы орны ерекше. Жастардың бойында
жоғары елжандылық сана-сезімін, өз Отанына деген адалдықтың асқақ
сезімін, қасиетті борышы мен міндеті болып табылатын өзінің
азаматтық борышын орындауға әрқашан әзір болуды қалыптастыру
жөніндегі көпқырлы, жүйелі және үйлесімді жұмыстар жасау және әйел
затына қарағанда, ер азаматтарға әскери-патриоттық сезімді
қалыптастырудың бірден бір жолы болып табылады. Өкінішке орай, біз
кейбір жастың әскерге барудан түрлі себеп айтып, тіпті шақыруға үн
қатпай, бой тасалай тұруға тырысатынын байқап, қатты қынжыламыз.
Тәрбиеде жіберілген олқылықты осыдан-ақ көруімізге болады. Осындай
олқылықтардың алдын алу үшін барлығымыз күш жұмылдыруымыз
керек.
Бұрынғы ел-жұртын оята алмай зарлаған, ұлы Абайдың, басқа да
ақын жазушыларымыздың, «Алаш» арыстарының, «Желтоқсан
құрбандарының» ажал аузында, қатер астында тұрып, өз өмірлерінен
гөрі тәуелсіздікті, еркіндікті, жерге, отанға, қазақ халқына жандары
ашыған, қиын жолмен күресем деп қыршынан қиылған қаракөз ата-
бабамыз, аға-апайларымыздың бәрінен де намысты жоғары қойып, биік
ұстап, азаттық жолында бастарын өлімге тіккен біздің қаракөздеріміздің
ерліктерін айта беруде жалықпаймын. Өйткені, олардың қазақ
халқының нағыз патриоттары болғандығын, олардың жасаған ерліктері
дәлелдейді. Соңғы кезде қоғамда, осы патриоттық сезімді
қалыптастырудың қажеттілігі жайлы көтермеген мәселелер, айтылмаған
идеялар қалған жоқ. Бірақ біз қазақ жастары осы күнге дейін бұл
сезімді баяғы ескі ізбен, батырлар жырын жаттап, олардың рөлдерінде
көріністер қою арқылы қалыптастыруға болады деген мардымсыз
ұсыныстар тұщымды жауапты қажет етеді. Олай болса, біз жастар осы
айтылып жатқан өз Отанымыз Тәуелсіз Қазақстанға деген, Туған
жерімізге деген патриоттық сезімді қалай қалыптастырамыз? Міне,
менің көкейімде жүрген сауал осы. Осыны қалай шешсе болады, осы
мәселенің бір жолы бар ма екен деген ой мені толғандырады. Осы
оймен ойлай келе, мынадай шешімге келдім. Біз қазақ жастары қазақ
болып, ұлт, халық ретінде, ұлттық рухымызбен ұлттық ар
намысымыздың белгісі қазақ намысын биікке көтеруіміз керек. Менің
162
ойымша намыс өз маңызын жоймақ емес. Міне бізге намысты қолдан
бермеуді үйреніп, қанымызға сіңдірсек қана патриоттық сезім намыс
сезімімен астасып, тізе қосып, бірге әрекет жасауға, бірін-бірі егеп,
қайрап, өткірлеп, бірінің күшін бірі бірнеше есеге арттырып, аса ортақ
патриоттық сезімнің пайда болуына зор ат салысқан болар едік.
Қорыта келе, Қазақстандық патриотизм, ізгілік идеяларының
негізінде жас ұрпақтың жеке тұлға ретіндегі сапалық қасиетін
қалыптастыруға жұмылуымыз керек. Кеудесіне «бұл менің Елім, менің
Жерім» дейтіндей мақтаныш сезімін ұялата білген жас қана өз елінің
шынайы патриоты болады. Бұл елдің ертеңгі тағдыры сенімді қолға
тапсырылады деген сөз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы.2007ж.
2.
ҚР Президентінің жолдауы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар
жол».
3.
Құттыжолова А. «Патриоттық құндылық – қасиетті ұғым».
Қазақстан мектебі – 2007. №11.
4.
Айтақов Ғ. «Патриотизмге тәрбиелеу». – Алматы: 2001ж.
5.
Кузнецова Л.В. «Азаматтық неден басталады», - Алматы,1988.
ТӘРТІБІ ҚИЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҚАЗАҚ
ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОСПАНОВА К.Б.
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті,
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: КАБДУАЛИЕВА А.Ж.
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің аға
оқытушы
Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті
қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін
қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан
этнопедагогикалық
тәрбиені,
адамгершілік
асыл
қасиеттерді
қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз
ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын,
бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.
Қиын балалар өмір тәжірибесінің аздығынан, көп ретте ерік-
күшінің жетіспеуінен, берік қалыптаспауынан кездескен қиындықты
жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп кете барады. Ұрпақ тәрбиесі қай
163
заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып
келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамның алаңдатып отырған
маңызды мәселелерінің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының
көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда
байқалатын белгілер: біріншіден, анамальды қажеттілік, екіншіден,
тұрақты жаман қасиеттердің жиынтығы, үшіншіден, ата-аналармен
немесе мектеп мұғалімдерімен тұрақты ерегесу жағдайлары,
төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін-өзі түзетуге қабілетсіздігі.
Қиын
балаларды
педагогикалық
тұрғыдан
айқындауда
А.С.Белкин мен А.Н.Кочетов баланың денсаулық жағдайына,
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне баса көңіл бөлді.
Ал психолог әрі педагог ғалымдар А.Жұмабаев, Л.М.Зообин,
И.А.Невский, Г.А.Уманов, В.В.Трифонов, т.б. қиын балалардың мінез-
құлық өзгешеліктері туралы, дүние-танымдары мен өмірге деген
құлшыныстары, ұстанған бағыттары жайлы статистикалық мағлұматтар
жинап, сол арқылы олардың жүріс-тұрысындағы қоғамға жат
құндылықтарын осы тұрғыдан жіктеп көрсетіп, осы бағытта танып-
білуді дұрыс деп есептеді. Г.А.Уманов «қиын» балалар мәселесін
зерттегенде, оның себептерінің бірі – әке-шешесінің маскүнемдігі,
әкесіз, бақылаусыздық, орынсыз қаталдық, ұрып-соғу екендігін
анықтаған. В.В.Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы –
бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі
қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін,
қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы.
Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30
жылдары
П.П. Блонскийдің еңбектерінде пайда бола бастады. Оның
зерттеулерінде қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы
арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы
арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға
былайша мінездеме береді: обьективті көзқараспен қарағанда қиын
оқушы –мынадай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне
байланысты. Субьективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы –
мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп
жұмыс істеуді талап ететін оқушы.
Балаларды тәрбиелеу - өте күрделі, нәзік те жауапты іс. Бұл
жолда мұғалімнің балаларды оқуға қалай үйрену керек , олардың
әрқайсысының
бойында
Отанға
деген
сүйспеншілікті,
интернационалдықты, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін , сергектік
пен жамандықа ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге болады деген аса
маңызды сұрақтарға жауап беруіне тура келеді. Тәрбиенің негізгі
164
бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды
қасиеттерін өскелең ұрпақ бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-
әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Тәрбие жұмыстары
мектептегі сабақ барысында ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда көп
мәнге ие.Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүріп, баланың
қалай дамып келе жатқанын , оның түрлі қылықтарына түрткі болған
себептерді ұдайы талдап отырады, балалардың жеке-даралық
ерекшеліктері жайлы ойластырумен байланысты.
Ата-аналардың қуанышты өмірі, өз бастарының бақыты,
қартайғандағы тыныштығын балаларының қаншалықты жақсы
тәрбиелегеніне көп байланысты. Тамаша педагог А.С.Макаренко ата-
аналарға: «Балаларды дұрыс тәрбиелеу – қартайғанда бақыт, нашар
тәрбие – біздің келешектегі күйінішіміз, ол біздің көз жасымыз, ол
біздің басқа адамдар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы кінәміз»,-
деген болатын.
«Қиын» баланың өзіне ғана тән қайшылықтары болатындықтан,
оны тәрбиелейтін мұғалімнен, ата-анадан қол өнершінің шеберлігіндей
ептілік емес, әлдеқайда сан салалы тапқырлық табатын жан-жақты
білімдер ұстаз болу талап етіледі. Ол педагогикалық ықпалды тікелей
де, жанамалай да жасай біліп, өз ісіне шығармашылық жаңалық енгізіп
отырсан
шиеленістерді
шешерде
қашанғы
бір
қағидалардан
жаңылмаймын демей, сәтті құбылыстарды еркін қолдана білсе ғана
мұратқа жетпек.
Мектептегі басты тұлға – мұғалім, сол ғана ұлтжанды ұл мен
қызды тәрбиелейді. Ал ұлтжандылықты тәрбиелеудің негізі - халықтық
педагогика. Қазақ елі егемендік алысымен мектептерде оқу-тәрбие
жұмысы ұлттық тәрбие беру негізінде жүргізілуі тиіс болды. Ол үшін
мұғалімдердің этнопедагогикалық даярлықтан өткізу қажеттігі туды.
Бұл қиыншылықты шешуге республиканың ғалым-этнопедагогтары
Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев,С.Ұзақбаев
М.Балтабаев,
Қ.Бөлеев,
Ж.Наурызбай, Қ.Қожахметова т.б. көмек етті. Олар халықтық
педагоика, этнопедагогика және этнопедагогика тарихы бойынша
зерттерулер жүргізіп, мерзімді баспасөздердер бетінде көптеген
мақалар,
әдістемелік
нұсқаулар,
оқу
құралдарын
шығарды,
бағдарламаоар жасады, өздері дәріс берді.
Тәртібі қиын мектеп жасындағы балаларды зерттеудің
қорытындысы дәлелдегендей, олардың пайда болуына себепші болатын
және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі. Отбасы
тәрбиесіндегі кемшіліктің болуының себептеріне - балаларын оқытуда,
тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы немесе
тәрбиенің көзі - баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждығын
165
қамтамасыз ету деп санаушылық. Осы секілді тағы бір себеп - бұл
отбасындағы сәтсіздік - маскүнемдік, ұрыс-төбелес, ұрлық, ата-
аналардың және басқа отбасы мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал
бәрінен жаманы ажырасу және жаңа адамның отбасы мүшесі болып
енуі.
Дүйсембінова
Р.Қ.
зерттеуінде
қазақ
этнопедагогикасы
құралдарына мазмұндық сипаттама беріліп, оның функциональдық
мүмкіндіктері айқындалған.
Танымдық функциясы балаларѓа өз ұлтының рухани – мәдени
қазынасын жаңа қырынан танып – білуге, әрбір тарихи кезеңдердегі
дүниенің заттық – сезімдік кұндылықтарын бағалауға, болмыстағы,
қоғамдағы қарама – қайшылықтарды, оның даму процесін байқап,
бағамдап, идеологиялық бағытын санамен ұғынуға көмектеседі.
Тәрбиелік функциясы қазақ халқының жеткіншек ұрпақты өмірге
бейімдеп, болашағына бағыт – бағдар беруінен байқалады. Үлкендер
әрдайым ат жалын тартып мінуге талпынған жас буынға қоғамдағы өз
міндетін жауапкершілікпен бұлжытпай орындауға, қажымай – талмай
еңбек етуге көмектесіп, оларға қажетті білім, іскерлік, дағдыларды
меңгертуді көздейді.
Дамытушылық функциясы оқушылардың халықтың рухани
қазынасын меңгеруге қызығушылығын оятып, қажеттілігін дамытады,
тілін ұстартып, ой әрекеттерін белсендіреді, сенсорлық және қозғалыс,
эмоциялыќ – ерік және қажеттілік – мотивациялық қабілеттерінің
дамуын ілгерілетеді.
Коммуникативтік функциясы ұлттық мәдени – рухани мұраның
кұнды идеяларын, өнеге тұтар дәстүрлерін түсінікті тілмен, логикалық
жүйемен тыњдарманға жеткізе білуге үйретеді.
Әлеуметтендіру функциясы жеткіншектердің өз ұлтының рухани
– мәдени мұрасын сезіне білуін, өзінің Қазақстан Республикасының
азаматы екендігін саналы қөзқараспен түсінуін қалыптастырады.
Ақпараттық функциясы ұлт мәдениетінің озық үлгілерін (халық
шығармашылығы, салт – дәстүрлер, халық ілімдері, құнды
педагогикалық идеялары, т.б.) өзгелерге насихаттап жеткізу рөлін
атқарады [191,20-21].
Тәртібі қиын оқушылар халықтық ауызша шығармашылығын
оқып үйрену барысында патриотизм, ұйымшылдық, халықтар
ынтымағы, гуманизм, үлкендерді құрметтеу, қарапайымдылық,
сыпайылылық, адалдық және адамның моральдық кейіпінің өзге де
тұстарын тәрбиелеуге ерекше көңіл аударуды үйренеді. Халық
шығармашылығының тәрбиелік мүмікдіктерін қазіргі тәрбие мақсаты
және міндеттерімен тығыз байланыста қарастырудың мәні зор.
166
Тәртібі қиын оқушыларда халық шығармашылығының көркемдік
құндылығы жайлы шығармашлығының көркем дік құндылығы жайлы
түсінік қалыптастыру үшін кіршіксіз арман мен өмір орнықтырушы,
көңіл күйді алып беруші болып табылатын кейіпкер бейнелерін көңілге
қонымды пайдалана алу, халық туындылары, тілі, музыкасы, өнердің
мәнерлігі,әуендігі, көркемдік айқындылығын көрсетудің қажеттігі
туындайды.
Адамгершілікке
тәрбиелеу
процесінде
озық
халықтық
дәстүрлерді,
жоғары идеялық ертегілер, мақалдар мәтелдер,
жұмбақтарды қолдану тиімді. Халық педагогикасының өнегерлерге
сыныптан тыс жұмыста. Газеттер мен журналдар беттерінде, радио мен
теледидар хабарларында тиісті орын берілуі керек.
Қазақ этнопедагогика құралдарының тәртібі қиын мектеп
оқушыларына
адамгершілік
тәрбие
берудегі
педагогикалық
мүмкіндіктері
№
Этнопедагогика
құралдары
Мазмұндық сипаттамасы
1
Ақын
-
жыраулардың
поэзиясындағы
тәлімдік
ой-
пікірлер
Асанқайғы: «Әрбір адам ақырын басып,
ойлана сөйлеп, толғай толғана білуі керек.Өзін
ұстай білген, бекер желікпейді, мінез-құлқын
көріктейді.
Толғанып
тұлға
үлгісін
серіктейді».Әл-Фараби: «Тәрбиелеу дегеніміз
– халықтардың бойына білімге негізделген
этникалық ізігіліктер мен өнерлерді дарыту
әдісі....» Ахмед Жүгенекей: «Адамгершілік бір
үй, қайырымдылық оның іргетасы сияқты».
Ақтамберді жырау: «Жамамн туған жігітке,
рақатты күн барма» т.б.
2
Ұлттық
ойындар
мен
өнердің
халықтық
сипаты
Ұлттық ойын – ұрпақ пен елдіктің
елшілігі, халықтың әдет-ғұрыпының көрігі, әр
перзенттің жүрегіндегі оттығы.
М.Жұмабаев
ойындарды
халық
мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене
шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп
тұжырымдайды.
3
Қазақ
халқының
ауызекі шығар-
Жұмбақтар:нақты бір зат туралы
тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы
баланы ойлату, танымдық, шешімге келуде
167
машылығы
тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін
байқау үшін, халық ертеден –ақ жұмбақтардың
алуан түрлерін шығарған.
Жаңылтпаштар: халық баланың тілін
ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын
дамыту
мақсатында
жаңылтпаштар
пайдаланған.
Ертегілер: халық өмірін бейнелейтін,
қиялға құрылған оқиғалы көркем шығарма.
Мақал-мәтелдер:
халықтың
сан
ғасырлық даналығын, ақыл-өсиетін, балалар
мен
жастарды
тәрбиелеу
тәжірибесін,
халықтың педагогикасының аса маңызды
идеяларын өз бойына жинақтап, қорытқан.
Санамақтар: әр баланың қисынды
ойлауы мен қабілеті дамиды.
4
Қазақ
халқының салт-
дәстүрлері
Дәстүрлер – адамдардың қоғамдық
қатынастарының тарихи қалыптасқан тұрақты
және мейлінше қорытылған нормалары мен
принциптері, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырады және қоғамдық мінез – құлықтың
арқасында сақталады (Н.С.Сәрсенбаев).
Әдет – ғұрыптар – адамдардың
тұрмысындағы
қоғамдық
қатынастардың
тарихи қалыптасқан тұрақты нормалары
(Н.С.Сәрсенбаев).
Тәртібі қиын мектеп оқушылармен жұмыс жасау жоспарын
жасай отырып,мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:
тәртібі қиын мектеп оқушылардың тәртібін, оқу үлгерімін,
мінез-құлығын бақылау;
мектеп ережесін бұзуының, мінез-құлық ережесін бұзу
себептерін анықтау;
оқу процессі кезіндегі мінез-құлықтың жағымсыз тұстарын
тез арада тоқтату үшін педагогикалық кедергі жасаудың техникасын
таңдап алу;
оқушының ұжымда өзіне қолайлы жағда жасау;
жоспарды іске асыруға ата-аналар мен басқа мұғалімдердің,
мектеп психологтарының қатынасуын қамтамасыз ету.
168
Орта буын сыныптарында тәртібі қиын мектеп оқушылардың
адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу барысында олардың бойында
мынадай сапаларды қалыптастыруға көңіл бөлудің маңызы зор:
балалар мінез-құлқының шеңберін белгілеу;
баланы анықтап біле отырып бағыттау;
бала тек оқытушының нұсқаушысы ғана емес, өз тәжірибесі
арқылы да мінезін бағыттап отыруы тиіс;
баланың шындыққа деген сенімін туғызу;
баланы тыңдау, мақылдау;
балаға өсиет айту, жіберген қателерін көрсету;
өтірік, жалған айтпау.
Тәртібі қиын мектеп оқушыларын қазақ этнопедагогика
құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық тәрбие берудің
жолдарын пайдалудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |