Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет10/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31

Население  
Имеют признаки какого-либо нарушения 
психической деятельности 
Нуждаются в систематической психиатрической 
помощи 
Наиболее тяжелые пациенты 
Страдают хроническими психическими 
расстройствами и нуждаются в постоянном 
наблюдении психиатра  

112 
 
 
Заключение 
Общественное  умонастроение  в  нашей  стране  в  целом 
неопределенно  и  разъедается  деструктивными  тенденциями.  Это 
проявляется  уходом  в  мистику  и  иррациональность,  активностью 
религиозных  и  эзотерических  сект,  антисоциальных  молодежных 
движений;  доверием  к  народным  целителям,  магам  и  экстрасенсам, 
число  которых  значительно  превышает  число  врачей  в  стране. 
Социальные  институты  не  способны  оказывать  людям  необходимую 
психологическую поддержку. Эту функцию приняла на себя семья, но и 
она далека от благополучия и не вполне надежна, поскольку в ней мало 
детей.  К  тому  же  70%  всех  браков  заканчиваются  разводом. 
Приведенные  данные  подтверждают  вывод  о  том,  что  психическое 
здоровье  населения  Казахстана  является  проблемой  национальной 
безопасности страны. 
Литература  
3,10% 
4,80% 
24% 
68,1 
Молодежь РК 
Школьники, употребляющие наркотики 
Студенты,употребляющие наркотики 
Подростки, хоть раз попробовшие наркотики 
Здоровая молодежь, не употребляющая наркотики 

113 
 
1.
 
Борщук Е. Л., Тубольцев А. А. Особенности психических 
расстройств и расстройств поведения в структуре 
заболеваемости Оренбургской области // Молодой ученый. — 
2013. — №8 
2.
 
Щепин О. П., Медик В. А. Общественное здоровье и 
здравоохранение: учебник. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2012. 
3.
 
Евсегнеев Р. А. Психиатрия для врача общей практики. — Мн.: 
Беларусь, 2001. 
4.
 
Бузина Т.С. Психологические аспекты поведения больных 
наркоманией и ВИЧ-инфекцией, Русский независимый журнал 
,1997 г 
 
ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ 
 
КУДАБАЕВА С.А. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық  университеті, 
«Педагогика және психология» мамандығының 2 курс 
магистранты 
Ғылыми жетекшісі: АБИЛЬМАЖИНОВА О.С. 
Семей  қаласының  Қазақстан  инновациялық  университетінің,  аға 
оқытушысы  
 
 Шет  тілін  үйретудегі  әдіс-тәсілдерді  түрлендіру  арқылы 
оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру,  сабақта  алынған 
материалды  бекіту,  соның  нәтижесінде  балалардың  ауыз  –  екі  сөйлеу 
мәдениетін қалыптастыру.  
Қазіргі  таңда  қоғамда  болып  жатқан  өзгерістерге  байланысты 
қоғам  шығармашыл  әрекет  пен  шығармашыл  тұлғаға  мұқтаж  екенін 
күнделікті  өмірдің  өзі  дәлелдеуде,  осыған  орай  бүгінгі  күні  білім  беру 
мекемелері  мен  ұстаздарға  үлкен  талап  қойылуда.  Ағылшын  тілін 
оқытудың  басты  мақсаты  –  шынайы  өмірде  оқушылардың  ағылшын 
тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу  негіздерін  қалыптастыру  болып 
табылады.Ағылшын 
тілін 
оқытудың 
тарихы 
жүз 
жылдап 
есептелінеді.Орта  мектепте  ағылшын  тілін  оқытудың  тарихы  1947 
жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. 
ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық 
технология  бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз  үлкен  үміттің 
басты  нышаны  болып  табылады.Жаңаша  көзқарастардың  дамуы  шетел 
тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде.  
 

114 
 
Білім  алушылардың  жан–жақты  дамуына,  сапалы  білім 
алуына,өмірде  жақсы  көрсеткіштерге  қол  жеткізуінде  ағылшын  тілін 
жақсы  менгеруінің  маңызы  үлкен.  Осыған  орай  қазіргі  заманға  сай 
ағылшын  тілін  тиімді  үйретуге  мүмкіндік  беретін  көптеген  әдістер 
пайда  болды.  Сондықтан,  әр  мұғалім  өзінің  шығармашылығын  дамыта 
отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің 
мектептерінің  оқу  үрдісі  түбегейлі  өзгеріп  оқытудың  жаңа  түрлері, 
әдістері,  жаңа  бағыттағы  инновациялық  педагогикалық  технологиялар 
пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының  толығымен  жаңаруына  себепші 
болуда.Жеке  тұлғалардың  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  деңгейлеп, 
саралап  оқыту,  жобалап  оқыту,  коммуникативті  оқыту,ақпаратты-
коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал 
ету,өзіндік  пікірлерін  анық  жүйелі  жеткізе  алатын  жеке  тұлға 
қалыптастыру,оқушылардың,  танымдық,  шығармашылық  қабілетін 
жеке  тұлғаның  дамуына  әсер  етуші  фактор  ретінде  танылып, 
әдістемелік-теориялық  негіздерге  сүйене  отырып  анықталды.  Соның 
ішінде  интерактивті,  белсенді  оқыту  әдістерінің  маңызды  роль 
атқаратыны анықталды.[1.14] 
Жалпы  білім  беретін  мектептерде  ақпараттық  коммуникативтік 
технологиялармен  оқыту  үдерісін  ұйымдастырудың  ерекшеліктері  осы 
бағыттағы  ағылшын  тілі  сабақтары  жүйесін  негіздеп,олардың 
педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды. 
-инновациялық  технологиялар  жүйесімен  оқыту-мақсатты  түрде 
жобаланып  саналы  түрде  ұйымдастырылатындығы  зерттеу  барысында 
нақтыланады; 
-ақпараттық    технологиялар    жүйесімен  оқытуда    көрсетілетін  
әдістердің    өзара  байланыса,  араласа  қолданылуы  зерттеуде  айқын 
көрінеді. 
Зерттеудің  теориялық  маңыздылығы.  Жалпы  білім  беретін 
орындарда  ағылшын  тілін  ақпараттық  коммуникативтік  технологиялар 
жүйесімен  оқытудың  әдістемелік  тұғыр  арқылы  жасалған  өзіндік 
құрылымдық  –мазмұндық  болмысы  мен  технологиясы  туралы 
теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас 
бөлшегі  ретінде  ағылшын  тілін  жаңаша  жаңғыртып  оқытуға  қосылған 
үлес ретінде таныла алады. 
Зерттеудің  практикалық  құндылығы.  Жұмыста  қарастырылған 
нәтижелер  жалпы  білім  беретін  мектептерде  шет  тілін  оқытуда 
оқушыларды  коммуникативті  оқыту  технологиясы  негізінде  сөйлеу 
дағдысын  қалыптастырудың  тиімді  жүйесі  ретінде  ақпараттық 
технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы 

115 
 
тәжірибе  жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте 
ағылшын тілі сабағында қолдануға болады. 
Бірінші  тараудың  бірінші  тарамшасында  ағылшын  тілін 
оқытудың  құрылымдық  және  мазмұндық  негіздері  сипатталады. 
Ағылшын  тілін  оқытудың  тарихы  жүз  жылдап  есептелінеді,  әрине 
осыншама  уақыт  ішінде  оқыту  әдістемесі  де  әр  кезеңде  тілдің  әр 
аспектісіне назар аудара   отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды. 
Ағылшын  әдіскері  Г.Пальмер  бұл  кезең  туралы  былай  деген 
екен:»Take care of the first two stages and the rest will take care of itself».   
Бұл  кездегі  бағдарламада  оқыту,түсіну  және  шет  тіліндегі  мәтінді 
аудара  білу.  Ауызша  сөйлеуді  түсіну,  ауызша  мен  жазбашаның  негізін 
қалау.  Бағдарламада  бөлімнің  екі  түрін  рецептивті  және  өнімділікті 
айқындайды.  Алғашқы  кезеңге  бірінші  орынға  оқып-түсіну  және 
аударма  қойылады.1961жылғы  қаулыдан  кейінгі  өзгерістер.  Бұл 
кезеңдегі  бағдарлама  бойынша  бірінші  орынға  тәжірибелік  мақсат 
қойылды.  Ауызша  сөйлеуде  өз  ойын  айта  алу  және  ауызша  хабарлама 
жасауға(монолог)және 
ағылшын 
тілінде 
әңгіме 
жүргізе 
білуге(диалог)мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. 
Орта  мектепте  мынадай  талаптар  қойылды:  ағылшын  тілінде 
әңгімелесе білу; сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу. 
Жазуға  көмекші  рөлі  берілді.  Лексиканың  көлемі  азайды. 
Бағдарламада 
тілді 
тәжірибелік 
білу 
жағына 
басты 
назар 
аударылды.[2.25] 
Тіл  -  сыртқы  дүние  мен  қоршаған  орта  туралы  білім  алу  көзі. 
Пәнді 
оқытуда 
оқушылар 
ағылшын 
тіліндегі 
атаулармен, 
құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. 
Осы  екі  түрді  меңгеру  ағылшын  тілін  игерудің    тәжірибелік  мақсаты 
болып  табылады.  Яғни,  оқушы  ағылшын  тілін  ауызша  және  жазбаша 
түрде  пайдалана  білуі  тиіс.  Ағылшын  тілін  тыңдап  түсіне  білу  және 
сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін 
пайдалана  білу  немесе  жазу  және  ағылшын  тілінде  жазылған  мәтінді 
оқи  білу  жатады.  Тіл  қатынас  құралы,ол  ауызша  және  жазбаша  түрде 
жүзеге  асады.  Ауызша    түрге:  тыңдау,  түсіну  және  сөйлеу  әрекеті 
жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. 
Тыңдау,  сөйлеу,  жазу  және  оқу  дағдыларын  қалыптастыру 
оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер 
етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік 
қалануы  керек.    ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды 
инновациялық  технология  бағытымен  дамыту  мақсатымен  аттауымыз 
үлкен  үміттің  басты  нышаны  болып  табылады.  Жас  ұрпаққа  саналы, 
мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  мен  білім  беру  бүгінгі  күннің 

116 
 
талабы.Сондай-ақ  халықаралық  қатынастар  аясында  болып  жатқан 
әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және  мәдени  өзгерістердің  әсерінен 
қоғамда    ағылшын  тілінің  рөлі  өзгерді.  Ол  қарапайым  оқу  пәнінен 
заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай 
қазіргі  заманға  сай  ағылшын  тілін  тиімді  үйретуге  мүмкіндік  беретін 
көптеген  әдістер  пайда  болды.Сондықтан,  әр  мұғалім  өзінің 
шығармашылығын  дамыта  отырып  озық  іс-тәжірибелерді  пайдалана 
білуі  тиіс.  Сонымен,    еліміздің  мектептерінің  оқу  үрдісі  түбегейлі 
өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық 
педагогикалық  технологиялар  пайда  болып,  олар  білім  мазмұнының 
толығымен жаңаруына себепші болуда. 
Білім  беру  жүйесінің  алдындағы  жаңа  міндеттердің  бірі 
инновациялық  педагогикалық  оқыту  технологияларын  пайдаланып 
білім  сапасын  арттыру.  Ағылшын  тілін  ақпараттық  технологиялар 
жүйесімен  оқытудың  ерекшелігі:  оқу  материалдарының  ақпараттық-
коммуникативтік  технологиялар  арқылы  оқушылардың  оқу  іс-әрекетін 
мұғалімнің  көмегімен  немесе  компьютер  арқылы  меңгерілуі.Жеке 
тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, 
жобалап  оқыту,  коммуникативті  оқыту,ақпаратты-коммуникациялы 
оқытудың  негізгі-қағидалары  балаға  өз  бетімен  ықпал  ету,өзіндік 
пікірлерін 
анық 
жүйелі 
жеткізе 
алатын 
жеке 
тұлға 
қалыптастыру,оқушылардың,  танымдық,  шығармашылық  қабілетін 
дамыту  болып  табылады.  Оқытудың  мақсаты  оқу  бағдарламасымен 
айқындалады. 
Оқытудың  негізгі  үш  түрі  бар:  1.тәрбиелеу,  2.ағарту,  3.дамыту.                                                                       
Оқытудың  тәрбиелік  мақсаты.  Оқушылардың  көпшілігінің  ағылшын 
тілін  оқуға  деген  үлкен  қызығушылықпен  кірісуі,  олардың  ағылшын 
тілінде  қалай  сөйлейтінін  естігісі  және  сөйлегісі  келеді.  Олар  алғашқы 
кезде  амандасып,  қоштасып  үйренеді,  заттардың  атауларын  біле 
бастайды.  Осы  кезеңде  қарым-қатынас  екі  жақты  болуды  талап  етеді 
себебі,  олар  тыңдай  білуге  де,  сұрай  білуге  де  үйретілуі  керек. 
Оқытудың    ағартушылық  мақсаты.  Кез-келген  тілдің  ағартушылық 
қызметі  зор.  Әрбір  тіл  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың  мәдениетінің 
тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы; 
өз  ойын  дұрыс  жеткізе  алуды  үйренеді.    Оқытудың  дамыту  мақсаты. 
Оқу-ұйымдастыру  білігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  дамытушылық 
мақсаттарының  негізі  болып  табылады.  Себебі,  оқушының  тіл  білімі 
деңгейін  жоғарылату  және  сол  тілде  ойлауды  дамыту-тіл  білімін 
дамытудың басты міндеті.[3.4] 

117 
 
Ағылшын  тілін  оқытудың  басты  мақсаты  –  оқушылардың 
ағылшын    тілін  инновациялық  тілінде  қарым-қатынас  жасай  алу 
негіздерін меңгеруі болып табылады. 
Еліміздегі  білім  беру  саласында  оқытудың  жаңа  түрлері, 
әдістері,жаңа  бағыттағы  технологиялар  пайда  болып,  олар  білім 
мазмұнының    жаңаруына  себепші  болуда.  Осындай  оқыту 
әдістемесіндегі  заман  талабына  сай  бағдар  деп  инновациялық, 
технологиялық  білім  беру  жүйесін  айтуымызға  болады.«Инновация», 
«Технология»  терминдеріне  жеке-жеке  тоқталатын  болсақ,  инновация 
дегеніміз-  жаңа    мазмұнды    ұйымдастыру,  жаңалық    енгізу,  яғни  
инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі 
әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology) деген ұғым «оқыту» 
деген  ұғыммен  қатар  қолдананылады  »Технология»  термині  тәсілдер 
жүйесі деген мағынаны білдіреді. 
Оқыту  технологиясы  дегеніміз-оқыту  техникасы  туралы  ғылым, 
сондықтан,  оқыту  ғылыми  түрінде  жүзеге  асуы  керек,  яғни  мұғалім 
қалай оқыту, неге олай оқыту керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. 
Оқыту 
технологиясы 
қалай 
оқыту 
керек 
деген 
ғылыми 
тұжырымдамамен  тығыз  байланысты,  яғни  қандай  үдерістер  арқылы, 
қандай  әдістер  арқылы,  қандай  оқыту  құралдары  арқылы,  оқытуды 
қалай  ұйымдастыру  керек,  қандай    факторларды  ескеру  қажет  және 
ағылшын  тілін  үйретуде  қалай  ескеру  керек  деген  сұрақтарға  жауап 
іздейді.  Сонымен,  тәжірибелер  мен  зерттеулер  нәтижесі  бізге  шетел 
тілінен  берілетін  білім  мазмұны  мен  оқыту  әдістерін  жаңалау  керек 
екендігін көрсетті. 
Ақпараттық  технологиялар  жүйесімен  оқытуда  көрсетілетін 
әдістердің 
барлығы 
өзара 
байланыста,араласа 
қолданылады. 
Ақпараттық  жүйемен  оқытуда  түсіндіру  әдісі  кино,  диафильмдер 
көрсету  арқылы  жүзеге  асады.  Мәтін,  елтануға  байланысты,  мақал-
мәтелдер т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап 
қайтадан  оқып  шығу»,  «Диалогты  тыңдап,қайтадан  кейіпкерлердің 
соңынан  қайталап  отыру»  сияқты  тапсырмалар  компьютер  арқылы 
меңгеріледі. 
Оқу  материалын  толықтыру,  қорытындылау,  қайталау,  ал  ең 
бастысы  оның  практикалық  қолдану  дағдысы  мен  шеберлігін 
қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің қатарына жатқызылады. 
Бірінші  тараудың  үшінші  тарамшасында  ағылшын  тілін 
үйретудегі  коммуникативтік    оқыту  әдісінің  негізгі  ерекшеліктерінің 
сипаты ашылады.[4.22] 
Қазіргі  кезде  тілді  коммуникативтік      оқыту  мәселесіне  ерекше 
назар  аударуда.Ағылшын  тілін  оқытудың  жаңа  технологиясы  тілдің 

118 
 
коммуниктивтік  қызметін  ескере  отырып,  оны  коммуникативтік 
танымдық  жағынан  меңгертуді  көздейді.  Қатынастық  әдіс  ХIХ  ғ  60-
70жылдарында  ағылшын  тілі  халықаралық  қатынастық  тіл  статусын 
алған кезде Британияда пайда болды. 
Бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетімізде  білімге  деген  көзқарас  түбегейлі 
өзгеріп,  оқытудың  жаңа  түрлері,  әдістері,  жаңа  бағыттағы 
технологиялар  пайда,  болып,  олар  білім  мазмұнының  толығымен 
түбегейлі жаңаруына себепші болуда. 
Оқыту  әдістемесіндегі  заман  талабына  сай  әдістердің  бірі 
коммуникативтік  оқыту  технологиясы.  Осы  мәселе  жөнінде,  яғни 
ағылшын  тілін  оқытудағы  коммуникативті  біліктілік  деңгейді 
Германияның  оқу  бағдарламасын  жасаған  неміс  ғалымдары  Г.Нойнер, 
Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, 
дауыс  ырғағы  сияқты)  әрекеттер  арқылы  болады.  Ол  алдын-ала 
жоспарланған,  дайындалған  болуы  немесе  жоспарланбаған  болуы 
мүмкін.  Сабақ  үстінде  әдетте  дайындалған,  жоспарлы  сөйлеу 
коммуникациясына көп көңіл бөлінеді. 
  Оқушылардың  сабақта  айтылған  хабарлардың  мағынасын 
түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын 
іске  асыруы  өте  маңызды  іс.  Осы  біліктілік  коммуниктивтік  біліктілік 
деп аталады. 
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды: 
1.Когнитивті  мағыналық  мақсат,  яғни  оқушы  коммуникативтік 
жағдаяттарды    әңгімелесу,  сөйлесу,  қарым-қатынас  туындайтын 
жағдайларды  таба  білуі  керек.  Ол  өзінің  іс-әрекетінің,  сөйлесуінің, 
қарым-  қатынас  жасауының  барысында  -  осы  жайттарды  ескеруге 
дағдылануы, үйренуі қажет. 
2.Әлеуметтік  мақсат,  оны  жүзеге  асыру  кезінде  оқушы  өзін  өзі 
қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға 
қойған  мақсатына  басқалармен  бірге  жетуге  ұмтылады,  сондай-ақ 
қарым-қатынас  жасайтын  әріптесімен  жеке  тұлға  ретінде  тең  жағдайда 
болуға тырысады. 
3.Лингвистикалық біліктілік мақсат.  Бұл мақсатқа  сәйкес оқушы 
ойларын,іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады. 
Бұл  үш  компонент  бөлек-бөлек  емес,керісінше  өзара  тығыз 
байланыста болады деп пайымдайды Г.Нойнер. 
Осы  аталған  коммуникативтік  біліктілікке  қалай  қол  жеткізу 
жолын    іздестіруші  әдіскерлердің  бірі  Е.И.Пассовтың  пікірінше  шетел 
тілін  оқытуда  мына  жайттарды  ескергенде  коммуникативтілікке  ие 
болатынын байқаймыз: 
1 коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;  

119 
 
2.арнайы жаттығулар жасау;  
3.бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру. 
Коммуникативтік  әдістің  жаңалығы  неде,  ол  оқыту  ісін  қалай 
ұйымдастырады оның ерекшеліктері мынада: 
1.Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік,дағдыны жетілдіруге 
бағытталады.  Ағылшын  тілінде  үнемі  сөйлеу  оқушылардың  тілді 
білмеймін  деген  ойдан  арылтып  оқуға  деген  қызығушылығын 
арттырады.  Ол  үшін  барлық  жаттығулар  сөйлеуге  жетелейтін  мақсатта 
болуы керек.  
2.Коммуникативтік  бағытта  оқыту  оқушының  жеке  бас 
ерекшелігін  ескеруді  көздейді,  яғни  баланың  бойындағы  барлық    жеке  
қасиеттері    ескерілуі  керек.  Бұл  оның  белсенділігін  арттырып,  оқуға 
ұмтылу үшін ең басты құралы болып   саналады. 
3.Коммуникативтілік  функционалдықпен  де  байланысты,  себебі 
кез  келген  сөз  коммуникация  процесінде  белгілі  бір  қызмет  атқарады. 
Оқушы  тілді  үйрене  бастағаннан  бастап  сөздерді  іс  жүзінде  сөйлеу 
барысында  қолданып  жаттықпаса,  кейін  оларды  есіне  түсіре  алмай, 
дұрыс пайдалана алмайды. 
4.Коммуникативтілік,  коммуникативті  бағытта  оқыту  әдісі 
оқытудың ситуативті болуын талап етеді. Өйткені, ситуативтілік сөйлеу 
дағдысының  табиғи  қасиеті  болып  есептеледі.  Ситуативтілік  сөйлеуге 
ынталандырудың    бір  түрі  ретінде,сөйлеу  біліктілігін  жетілдіретін  әдіс 
ретінде әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан 
әдіскер ғалымдардың  көптеген еңбектерінде қаралып келеді. 
Коммуникативтік  оқыту  технологиясы  дегеніміз  пікір  алысуға 
негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана 
бірін-бірі  түсініп,  пікірлесе  алады.  Оқушыларды  белгілі  бір  дәрежеде 
ағылшын  тілінде  сөйлеуге,  өз  ойын  басқаға  жеткізе  алатын,  біреудің 
сөйлеген  сөзін,  жазғанын  түсіне  алатын  дәрежеге  жеткізу  үшін, 
ағылшын  тілі  алғашқы  сабақтан  бастап  сөйлем  түрінде  үйретілуі  тиіс. 
Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара 
бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған 
ойды білдіре алады. 
Коммуникативтік  әдіс  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы 
психологиялық  кедергіні  бұзады.  Коммуникативтік  біліктілікке  қалай 
қол жеткізу жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е.И.Пассов оқытудың 
коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті: 
1.Әдістің  дифференциалдығы  әр  әдіс  нақты  бір  мақсатқа  жету 
құралы  екендігінде  көрінеді.  Бұндай  мақсат  сөйлеу  әрекетінің  әрбір 
түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін жасай білу. 

120 
 
2.Әдістің оқыту жағдайына  байланысты еместігі. Әдіс оқытудың 
тактикасы  емес  стратегиясын  анықтайды  және  сол  себептен  осы 
таңдауды тілге,оқыту сатысына байланысты. 
3.Коммуникативтік  әдістің  мүмкіншілігі  сөйлеу  әрекетінің 
берілген  түрін  жан-жақты қамтиды. 
4.Әдісте  негізгі  өзек  бар  болғандығы  немесе  М.В.Ляковскийдің 
сөздерін  пайдалансақ  басты  әдістемелік  мәселенің  шешуінің  басымды 
ойы  о  бастағы  әдістемелік  мәселені  шешу  қызметінің  бір-біріне 
байланысты  болуын  шарт  етеді.  Бұл  негізгі  ой  әдіске  кіретін  кіретін 
принциптерді  қарастырады,  оларды  интегралдайды.  Осының  негізінде 
Е.И.Пассов  бұл  өзара  жағдай  жасаған  жеке  әдістемелік  принциптер 
жүйесі, бір стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін 
болса да үйретуге бағытталған әдіс деп анықтайды. 
Коммуникативтіліктің  қандай  жағдайда  нәтижелі  болатынына 
мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына 
да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды. 
Сондықтан,  ағылшын  тілдерін  оқытуда  коммуникативтік  оқыту 
әдістемесін  қолдану  –оқушылардың  сөздерді  грамматикалық  тұрғыдан 
бір-бірімен  дұрыс  байланыстырып,  еркін  сөйлей  білуіне  мүмкіндік 
береді, бұл әдістемені жиі қолдану өз нәтижесін береді.Тілді оқытудағы 
ең  басты  мақсат-  оқушыны  сөйлеуге,  яғни  айтар  ойын  жеткізе  білуге 
үйрету.  Сөйлеу  тілдік  қарым-қатынас  барысында  адамның  өз  oйын 
жарыққа шығару процесі. 
 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж  
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж  
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж  
4. Мектептегі шет тілі №3 2006ж  
 
ПРАКТИК ПСИХОЛОГТЫҢ  ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН 
ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІ 
 
КУМАРОВА А.Д. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университеті, 
Педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті 
Ғылыми жетекшісі:
 
КАБДУАЛИЕВА А.Ж. 
Семей қаласының Қазақстан инновациялық университетінің аға 
оқытушысы 
 
Қазақстан  Республикасының  2050  жылға  дейінгі  стратегиялық 
даму  бағдарламасында  білім  беруді  инновацияландыруға  сай  икемдеу 

121 
 
үшін  білім  беру  жүйесін  ақпараттындыру,  жаңа  талапқа  сай  дамыту 
талабы қойылып отыр.Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке 
тұлғаны  дамыту,  дана  және дара  ойлай алатын дарынды  баланы  оқыту 
мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын. 
Қай  елдің  болмасын  өсіп-өркендеуі,  өнуі,  әлемде  өзіндік  орын 
алуы  оның  ұлттық  білім  жүйесінің  қалыптасуына,  даму  бағытына 
тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ 
елінің  көсегесін  көгертіп,  ғылымын  көркейтер  деген  үмітпен  жас 
дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай 
да  болмасын  білім  беру  мекемесі  оқушыларға  мемлекеттік  білім 
стандартына  сай  білім  берумен  шектеліп  қалмай,  оларды  ғылыми 
ізденіс  жұмыстарға  тартып,  шығармашылық,  дарындылық  қабілеттерін 
дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. 
«Жалпы  орта  білім  берудің  ұлттық  деңгейдегі  басты  мақсаты  – 
Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік  және  саяси  өміріне  белсенді 
қатысуға  дайын,  құзіретті  тұлғаның  қалыптасуына  ықпал  ету.  Жалпы 
орта  білім  берудің  негізгі  міндеттеріңбірі  –  жеке  және  қоғам  өміріне 
қажетті  әрі  қарай  кәсіби  білім  алуы  менжұмысқа  орналасуының  негізі 
ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады» 
-  деп,  көрсетілген  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Жалпыға 
Міндетті  Білім  Беру  стандартында.  Елбасы  негізгі  үш  аспектісін 
нақтылаған. Олар: 
Білім беру үрдісіндегі инновациялық даму; 
Ақпараттық даму; 
Жастарды рухани тәрбиелеу. 
Қазіргі дамыған өркениетті қоғамда қазақ тілін жастарға оқытуда 
жаңа  технологиялар  мен  интерактивті  әдістерді  жиі  қолданған  дұрыс. 
Сонымен  бірге  қазақ  тілінде  оқытатын  мектептегі  қазақ  баласын  жеке 
тұлға  ретінде  және  оның  сана-сезімін,  азаматтық  ұстанымын,  рухани 
құндылықтарын  қалыптастыруға  арнаулы  кәсіби  білімі  бар,  жоғары 
білікті,  тілді  құрметтеп,  маңызын  түсіне  білетін  мұғалім  жүргізген 
дұрыс.  
Мектеп  –  білім  берудегі  бар  мүмкіншілікті  қамтамасыз  ететін 
білім  ошағы.  Өз  ұлтын,  тілін  сүйіп,  қастерлейтін  адам  ғана,  сонау 
әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге 
қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің 
иесі  бола  алады.  Қазақ  жастары  осындай  ұлтжандылығымен,  өздеріне 
тән  ұлттық  болмысымен  және  рухани  тазалығымен  ерекшеленуі  тиіс. 
Ар-намысын  жоғары  ұстаған  ел  ғана  басқа  ел  алдында  әрдайым 
абыройлы,  сыйлы  болмақ.Міне  осы  тұрғыда  мектеп  мұғалімдерінің 

122 
 
алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі 
тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.  
Бүгінгі  білім  берудегі  тәжірбие  оқушылардың  әртүрлілігін 
көрсетіп  отыр.  Білім  берушінің  алдындағы  басты  назар  аударатын 
негізгі  міндеттердің  бірі  –  дарынды  балаарды  анықтап,  оларға 
адамгершілік  қасиеттерді  дарыту,  шығармашылыққа  үйрете  отырып, 
терең  біліммен  қаруландыру.  Интеллектілері  шығармашылыққа  жақын 
сараптай  алатын,  байланысын  сезе  алатын  өте  жақсы  дамыған 
оқушылар  өз  қатарларынан  өзгешелініп  тұрады.  Олар  өздерін 
қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және 
өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды  балалар мектепке 
баруға құлышанды, сабақққа барған кезде осындай дарынды балалармен 
қиын  жағдайға  ата-аналарда  оқытушылар  да  тап  болады.  Осындай 
білімқұмар  балаларға  сынып  іші  жалықтырып  жібереді.  Мұғалімдер 
сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, 
себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда 
отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен 
жұмыс  жасау  мұғалімге  қойылатын  басты  талап.  Ендеше,  осындай 
жағдайлар  дарынды  баланы  жалықтырып  алмау  үшін  арнайы  жұмыс 
жасау қажеттігін көрсетіп отыр. 
Дарындылық ұғымының мән-мағынасы, алғышарттары 
Бүгінгі  таңда  дарынды  бала  сөзі  жиі  қолданылып  жүр. 
Дарындылық—адамның  өз  бейімділігі  арқылы,  шығармашылықпен 
жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы 
дарынды  оқушы.  Бұл  қасиетті  байқап,  оның  бар  екеніне  көзжеткізіп, 
бойындағы  дарынын  одан  әрі  өрбітуге,  ұштауға,  арман  асуларын 
жұлдыздай  жарқырап,  тау  бұлағындай  мөлдіреп,  халқының,  ата-
анасының  мақтанышы  болуға  мүмкіндік  жасау  мұғалімге  артылатын 
жүк. 
Елімізде  дарынды  балаларды  іздестіру  мен  олардың  қабілетін 
дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес,  1998  жылы 
Республикалық  «Дарын»  ғылыми  –  практикалық  орталығы  құрылып, 
республикадағы 
дарынды 
балалармен 
жұмысты 
басқарумен 
айналысады. Білім беружүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы 
мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге 
асыруды  міндеттейді.  Сондақтан,  дарынды  баланы  дамыту  мәселесі 
қоғамдық маңызды проблема болып отыр
Дарындылық – баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып 
отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен 
нақты 
пәндерден 
ерекше 
дарындылығы 
бар 
балалардың 
интеллектуалдық  қабілетін  дамыту,  шығармашылық  тұлғаларды 

123 
 
қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің 
алар  орны  ерекше.  Осы  орайда  білім  алушының  қабілетін  айқындай 
отырып,  дарындылығын  анықтау -  баланың  дамуын  бағдарын 
талдаумен  байланысты  ұзақ  процесс.  Осы  тұрғыда  алдымен 
дарындылық  ұғымын  анықтап  алсақ.  «"Дарындылық"  ұғымы  "сый" 
("дар")  деген  сөзден  шыққан,  дамудың  алғышартын  білдіреді.  Бұл 
ұғымға  педагогикалық  энциклопедияда  теменгідей  анықтама  беріледі. 
"Дарындылық  -  белгілі  бір  іс-әрекет  саласында  ерекше  жетістікке 
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі" 
К. Д. Ушинский  «ақыл-ой дегеннің өзі  жақсы  ұйымдастырылған 
білім  жүйесі.  Оқушының  оқу  процесінде  ақыл-ойды  дамыту  мен 
тәрбиелеудегі  ең  негізгі  дидактикалық  шарт-  мұғалым  мен  оқушының 
оқубарысындағы  еңбегінің  дұрыс болуы  мен жүйелі  жинақталуында»  - 
деп 
нақтылаған. 
Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны 
дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана 
өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен 
кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған. 
Дарынды  оқушыны  анықтау  мектеп  жұмысында  бастауыш 
сыныптан  бастау  алады.  Бұл  жұмыстың  жүйелі  жүргізілуі  психологтар 
мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске 
асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының 
сөйлеуінің,  есте  сақтауының,  логикалық  ойлауының  психологиялық 
ерекшелігін  анықтауда  маңызды  жұмыстар  атқарылады.  Баланың 
болашағына  зор  септігін  тигізетін,  келешегіне  жолдауберіп,  түрткі 
болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана  баласын дүниені 
тануға,  білім  алуға  тәрбиелесе,  ал,  мұғалім  сол  баланың  бойындағы 
рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. 
Дарынды  оқушылардың  өзіндік  ерекшеліктері  жетерлік.  Кейбіреуі 
дарындылықтан  қашады,  еңбектеніп,  оны  жетілдіруге  күш  салмайды, 
ешнәрсеге  қызығушылық  танытпайды.  Өздерін  дарынсыз  деп 
есептейтіндерде  жетерлік.  Алған  бетінен  қайтпай  еңбектеніп, 
шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын 
дарынды балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. Міне, дарынды баламен 
жұмыс  жасауда  ата-ана  мен  ұстаздың  бірігі  жасаған  жұмысының  мәні 
зор.Олар  балаларды  рухани  рухани  азықтандырып,  өз-өзіне  деген 
сенімін  оятып,  оны  нақты  бір  шығармашылық  салаға  дер  кезінде 
бағыттау  бағыттау  керек.  Айтылған  зерттеулер  негізінде  баланың 
өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті 
шыңдау жұмыстарымен айналысады. 

124 
 
«Қабілетті  дарын  иесі  арнайы  білімге  мұқтаж  болуы  табиғи 
нәрсе.  Оларға  дұрыс  тәрбие  берудің  алғышарттары  –  дарын  иелерін 
таңдай  білу  қоғамның  аз  ғана  бөлігін  құрайтын  дарын  иелерін 
таңдаумен  бірге,  оларды  ерекше  жетілдіру  мен  жөн  көрсету,  олардың 
құқығы және мұқтаждығын қорғаудың басты мақсаты болып табылады. 
Дарынды  балаларды  даралау-бұл  дарынды  баланың  бойындағы 
даралығы.  Оны  қабілетіне  және  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  нағыз 
дарындыны үшке бөлуге болады. 
Шығармашылық дарындылық. 
Интеллектуалды, табиғи дарындылық. 
Лидерлік  дарындылық  –  деп,  Отырар  ауданының  «Шеңгелді» 
орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі,  Бастауыш  сынып 
бірлестігінің  жетекшісі  Ұлсерік  Арыстан  Жұматқызы  өз  тәжірбиесімен 
бөліскен.  Осы  тұрғыда  Дарындылық  –  бір  немесе  бірнеше  іс-
әрекеттерде  ерекше  жетістіктерге  жетуге  мүмкіндік  беретін  тұлға 
мүмкіндіктерінің  өзіндік  бірігуі  арқылы  анықталатын,  интеллектуалды 
және  шығармашылық  әлеуеттің  ең  жоғары  деңгейінен  көрінуіне  әсер 
ететін интеллектуалды-тұлғалық білім көрсеткіші. 
Дарынды  баламен  жұмыс  жасауда  білім  ордасының  мақсаты  - 
оқушыларға  өз  қабілеттерін,  өзіндік   қызығушылығы  мен  қоғам  
мүддесіне   сәйкес толық іске  асыра   алатындай жағдай  жасау, олардың 
қабілеттерін,ерекшеліктерін  ашып, дамыту. Ол үшін: 
1.  оқушылардың  ғылыми  қоғамының    құрылуы  оқушылардың 
ғылыми – зерттеу жұмыстарына қызығушылығын  арттыру үшін жағдай 
жасау; 
2.   ғылыми  –  зерттеу  проблемаларын  шешу  барысында   қоғам 
  мүшелерін өз бетімен жұмыс жасауға  дағдыландыру; 
3.ғылым, техника, өнер саласындағы жетістіктерін танымал ету; 
4. шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту; 
5. ғылыми ізденудің әдістерін үйрету; 
6. шығармашылық 
сипаттағы  жеке  тұлғаларды  тәрбиелеу 
    жұмыстарын жүргізу; 
7. ғылыми  білімнің  әр  адам  үшін  және  жалпы  қоғам  үшін 
маңыздылығын ұғындыру. 
Дарындылықтың  қалыптасу  деңгейлерін  ғалымдар  екі  топта 
қарастырылады:  
1.  Актуальді  дарындылық  -  бұған  қабілеттілігі  қалыптасқан 
белгілі  іс-әрекетте  өз  жетістігін  байқата  алатын  әлеуметтік  ортада, 
үлкен сында жоғары көрсеткішті иемдене алатын балаларды жатқызуға 
болады.    

125 
 
2.Потенциалдық  дарындылық  -   баланың  жалпы  психикалық 
мінезінде  белгілі  бір  қабілеті  бар,  бірақ  ол  еш  жерде  байқалмайды, 
сондықтан 
жағдай 
жасағанда 
ғана 
нәтижелі 
болады. 
 
«Бұлақ  көрсең  көзін  аш»  деген  ұлағатты  сөзге  сүйеніп,бар 
мүмкіндікті  пайдаланып,  баланың  қабілетін  дарынын  ашу  -  мұғалім 
міндеті,  бала  бойындағы  ерекшелікті,  қабілетті  танып,  соған  бағыттап 
дарынды  баланың  болашағының  ірге  тасы  дұрыс  қалануына  мүмкіндік 
жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - 
заман  талабына  сай  бәсекеге  қабілетті,  білімді,  іскер,  ойлау  жүйесі 
дамыған,  адамгершілігі  жоғары,  логикалық  тұжырым  жасауға  бейім, 
еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының 
шығармашылық  жұмыста  өзінің  қабілетін  іске  асыруға  дайындығын 
арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы 
бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық 
белсенділігін дамыту арқылы  жүзеге  асады. Дарындылықты  анықтауда 
бірнеше  жақта  қарастырылды.  Олар:  интеллектуалдық  дарындылық, 
шығармашылық  дарындылық,  әртістік  дарындылық,  музыкалық 
дарындылық,  техникалык  дарындылық  және  спорттық  дарындылық. 
Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға 
жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады. 
Дарындылық  -  жеке  тұлғаның  өте  күрделі,  көп  аспектілі  қыры. 
Сондықтан  оларға  тән  ортақ  көрсеткіштерді  белгілеу  мүмкін  емес. 
Әйтседе,  Ү.Б.Жексенбаева  өз  еңбектерінде  дарындылықтың  бірнеше 
көрсеткіштерін  берген.  Олар  –  психомоторлық,  интеллекутуалдық, 
академиялық, шығармашылық және әлеуметтік дарындылық. 
 
Дарынды    балалармен    жүргізілетін    жұмыстардың  әдістері  мен 
түрлері 
Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен 
кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ. 
Бала  бойындағы дарындылық,  ғылымилық қабілетін ашу, жақсы 
танымдық  қасиеттерін  зерттеу,  айқындау  –  ең  басты  мәселе.  Ал 
оқытудың түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты 
білімді,  білімін  жүзеге  асыра  алатын,  қалыптасқан  өзіндік  азаматтық 
көзқарасы  бар  іскер,  ақылды,  адамгершілігі  мол  тұлғаны  тәрбиелеп 
қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының 
дарындылығын  айқындау,  шығармашылық  дарындылығын  зерттеу, 
анықтау, белгілі бір бағыт – бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. 
Оқу  жылының  басында  дарынды  балаларға  арналған   тиімді  жұмыс 
жоспарын   құрып  аламын.  Ол  оқушылар  осы  жоспар  бойынша  
жұмыстарын  жасап,  күнделіктеріне  толтырып  жазып  отырады. 
Оқушының  дарындылығын  анықтап,  дамыту  мақсатында  әр  пән 

126 
 
мұғалімінің  алдында  төмендегідей  мақсаттар  мен  міндеттер  болуы 
орынды: 
1.  Дарынды  оқушының  ақыл-ойының,  эмоционалдық  және 
әлеуметтік  дамуы  мен  ерекшеліктерінің  өзіндік  ашылу  деңгейі  мен 
өлшемін ескеру; 
2.Жан-жақты ақпараттандыру; 
3.Коммуникативті бейімдеу
4.  Дарынды  оқушының  шығармашылық  бағытының  ашылуына, 
дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету; 
Осы  мақсаттар  мен  міндеттерді  орындауда  мектеп  ұстаздары 
мынандай жұмыс түрлерін қолданады: 
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады; 
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды; 
3.  Дарынды  оқушының  өзінің  жұмысын  өзі  жоспарлап,  шешім 
қабылдауына ықпал етеді; 
4.  Дарынды  оқушының  қызығушылығына  байланысты  оқу 
жоспарын 
құрады; 
Осындай  жұмыс  түрлерін  ұйымдастыруда  ұстаздар  мынандай 
мәселелерге баса назар аударады: 
1.  Пән  сабақтарында  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды 
іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге; 
2.  Дарынды  оқушылардың  білім  деңгейі  мен  олардың  өз 
мүмкіндіктерін  пайдалану  көрсеткішін  арнайы  әдістемелер  бойынша 
жүйелі түрде тексеріп отыруға
3.  Сабақтан  тыс  мезгілде  жүргізілетін  жұмыстарға  -  пәндік 
олимпиада,  ғылыми  конференцияға,  интеллектуалдық  турнирлер  мен 
шығармашылық  байқауларға  дайындық  жұмыстарын  жыл  бойы 
жоспарлы жүргізуге; 
4.  Білім  беру  мекемелерінде  дарынды  оқушылар  үшін  арнайы 
сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды 
ұйымдастыруға; 
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама 
арқылы  оқушының  дарындылық  сферасын  анықтайды.  Оқушының 
дарындылығы  анықталған  кезде,  дарынды  оқушының  жетекшісі, 
психолог  оның  жеке  құжаттарын,  мінездемесін,  сынып  журналын 
зерттейді,баланың  сабақтағы,  сабақтан  тыс  кездегі  іс-әрекетіне  үнемі 
бақылау  жасап,  талдау  жүргізеді,  әр  түрлі  формада  білім  тексеру 
жұмыстарын  ұйымдастырып,  білім  деңгейін  анықтайды,психо-
педагогикалық 
диагностика 
жүргізеді. 
Мектепте  жеке  пәндерді  оқуда  ерекше  білім  жетістіктерін  көрсеткен 
оқушылардың  мәлімет  банкісі  құрылып,  оқушылардың  білім 

127 
 
жетістіктері мен психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, 
әр оқушыға күнделік жүргізіледі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет