Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Метафора – заттық және құбылыстық ұғымдарға атау беру арқылы  көнерген аталымдардың қалыптасуына өзінің жәрдемін тигізеді.  Метафора



Pdf көрінісі
бет120/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Метафора
– заттық және құбылыстық ұғымдарға атау беру арқылы 
көнерген аталымдардың қалыптасуына өзінің жәрдемін тигізеді. 
Метафора
– 
ұқсату заңының негізінде сәйкес келген заттың бір-біріне 
пішіні, көлемі, 
қасиеті, түрі, түсі
жағынан ұқсату, ауыс мағынада суреттеу арқылы жүзеге 
асады. Осындай жолмен көнерген аталымдардың метафоралануы Ерімбет пен 
Нұртуған ақындар шығармаларын оқыған кезде бірден көзге түсетін құбылыс. 
Ақындар насихат өлеңдердің негізгі нысанасындағы кең ауқымды саяси 
қоғамдық-әлеуметтік, азаматтық-отаншылдық ойлардың салмағын алдын-ала 
белгілеу үшін қолданған. Мәселен, 
ақиық
– 
бүркіт тұқымдасына жататын 
қыран құстың атауы

мұздыбалақ
– 
ерекше қыран,
бұл жерде метафора түстік 
белгілердің негізінде қалыптасып, екі сөзде ауыспалы мағынада келіп, 
асып 
туған дарын иесі, айрықша асыл адам, ер жігіт 
дегенді білдіріп, 
көпмағыналылық жасаған. 
Ақиық, мұздыбалақ
 тәуір де бар, 
Ұмтылып ер намысын шалдырмайтын
[Н.К.Іт]. 
Мұндағы 
ақиыққа да, мұздыбалаққа да
ортақ мағына қыран құстың 
қасиеті – ұқсату, бір заттың бойындағы белгі, қасиетті екінші атаудың бойынан 
іздеу – ұқсату, жалпы метафораның басты шарты: ол – ұқсату, салыстыру, сол 
ұқсату арқылы мағына жаңадан қалыптасып, келесі күрделі атау жасалып, 
басқа сөз таптарына ауысып отырады: 
ақиық – ақияқтай – ақиықша
қалыптасқан. Нұртуған ақынның «Мәулімнияз-Едіге» дастанындағы Едігенің 
аузынан баяндалатын мына жолдарды алалық: 
Мен 
түнерген қара бұлтпын, 
Нөсерлеп жаумай ашылман. 
Еңсеме 
емен шоқпар
 біткен бір ермін 
Еліңді шаппай басылман! 
Мұнда адам мінезін табиғат құбылысы арқылы ауыстырылып берілуі 


104 
көрінеді. Яғни 
«қара бұлт бар жерде күннің бір жауатыны белгілі»,
сондықтан, 
«ашу, кек кернеген адамның бір іс-әрекет жасамайынша, 
басылмайтындығын»
сәйкестендірсе, 
«емен шоқпардың мықтылығын»
батырлық символымен
ұқсату, сөйтіп сол арқылы көздеген мақсатына жету 
деген ұғымның астары. Бұл жерден тек ғана дәстүрлік емес, стиль 
варианттылығының да бар екені көрінеді. Тағы бір мысал: 
Сен бе едің тауда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет