Назбедеу
іңкәр болып
арғымаққа.
Ақ сауыт, ақ алмас, түзу мылтық,
Жүйрік ит,
құмар болып
мұзбалаққа
[Н.К].
Мұндағы аталып өткен
арғымақ, назбедеу, ақ сауыт, ақ алмас, түзу
мылтық, жүйрік тазы
сол тұстағы қызметі тұрғысынан алғанда қазіргі кезде
ескіліктен хабар беретін, қолданыстан шыққан
көнерген аталымдар
болып
есептеледі.
Ақындар айтыста қарсыласын жеңу үшін тек тақырып, факт, логика,
аргумент мықтылығын ғана көздеп қоймайды, сөз – образдың орынды, әсерлі
әрі соны болуына да қам жейді. Ол үшін тілдік-көркемдік дүниелердің дәстүрлі
түрлерін пайдаланумен бірге, жаңаларын да тудыруға тырысады. Ерімбет пен
қыз Жекейдің айтысында:
Мен көлдегі көлбеңдеген
қоңыр қазбын,
Сен шөлдегі
қара бауыр
боз бұлдырық.
Тауда өсіп, таста туған мейірімсіз,
Сен мені шақырасың үйде отырып!
[Е.К] − деген шумақта Ерімбет өзін де
қыз Жекейді де белгілі бір құстың образы арқылы суреттей отырып, әдемі
поэтикалық метафора
жасайды.
Н. Кенжеғұлұлының «Қарасай-Қази» дастанында: Мұса ханның тоқалынан
туған Ысмайылға былайша сипаттама беріледі:
Сол кездің өзінде-ақ әкесі
Мұсаның бүкіл артында қалған дүние-мал мен хан тағы өзіме тиіспеді деп,
өзегін өрт шалған Ысмайыл зұлымдығынан қайтпады. Ағайынның арасына
сұрқиялық пен залымдық отын жағып, бірін-біріне айдап сала берген соң,
халық оны
«Әнжі Ысмайыл»
деп атаған. Бұрыннан да
«Тобаяқ»
деген лақап
аты бар-тын. Бір қыстың қарлы боранында жылқымен бірге ығып кетіп,
бірнеше күн далада қалған оның екі аяғының бастарын үсік шалып,
башпайлары ағып кеткен еді. Содан кейін-ақ, онсыз да жексұрын көрінетін
оны жұрт
тобаяқ
атандырған
[Н.К.ІІт].
Бұл мәтіндегі
«Әнжі Ысмайыл», «Тобаяқ»
деген Ысмайылдың
антропонимдік атаулары (лақап аты). Антропоним (грек. antropos адам, onyma
есім, ат) – адамның өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын,
лақап аттары [125, 25 б.]. Антропонимдік атаулардың өзі метафораланудың
(ұқсату заңының) негізінде жасалған. Сондықтан мұны
Достарыңызбен бөлісу: |