Махшарда зауқы әшірет
айтып болмас, Мысалы жалғаншының ойлағанға
(Ерімбет). «Үммет қылдым!
Мақшарда Боларсың,− деді,− дін аман!»
(Ерімбет). Дүниеге дос, ақыретке
бірдей болмас, Екеуі тап бірдей боп орныға алмас. Дүниеге ынтық,
Махшарға амалсыздың, Иманын түгел деуге аузым бармас
(Абай). Маш // мәш –
1) ыңғай, дәл, дөп; 2) қолынан іс келетін, бармағынан бал тамған адам. Адамды Жүсіп деген мен білемін, Кәріге ауыр
қылады болса егер жас. Мен Сізге «бұл жұмбақты қайта айт» дедім, Үшінші
шешкен жұмбақ келді ме
маш? (Ерімбет); Маш келді –
ыңғайы келе кетті, дәл келді. Машһүр − белгілі, даңқты, атақты . Парсы тілінде
машһур −
әйгілі, даңқы шыққан, даңқты дегенді білдіреді
(ПРС., М., 1960, 500). Ойынан
тыңдаушының шыға алмасақ, Кім бізге жүрер дейсің шайыр санап. Жүректің
қылын қозғап оятқаны – Жайылар аты
мәшһүр, елге тарап
(Нұртуған). Ақыраптың аяқ жетер жүйріктері, Жарысып оза алмапты қылғанмен ар.
Тұлпарын жазып нама сұратады, Ғаламға
мәшһүр болған соң осы хабар
(Ерімбет). Көңіліңіз сондай сіздің ірі орында, Жимайсыз мал тұтынып ешкі-
лақтан. Алашқа аты
мәшһүр ай мен күндей, Сердалы шыққан текдар зүрияттан
(Ерімбет). Халыққа
машһүр болған әділдігі
(Біржан мен Сара айтысы). Мәжел (мажал) –
шама, күш. Бір бала бар ма қолымда, Осы саған жарар
ма? Өзімнің балам болса да Берейін саған, жылама. Басымда іс көп,