Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Байраққа  озып келмесе.  Батыр деп айтып бола ма,  Ұрысқан жауын жеңбесе.  І Байрақ



Pdf көрінісі
бет40/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Байраққа 
озып келмесе. 
Батыр деп айтып бола ма, 
Ұрысқан жауын жеңбесе. 
І Байрақ.
Ат бәйгесінде мәре 
сызығына қадалған ағашқа 
орнатылған жеңіс белгісі 
Нұртуған Кенжеғұлұлы тіліндегі 
«байрақ»
атауының актив мағыналары
Байраққа 
қосса жұрт шулайды:
«Салторы жалғыз келер!» деп. 
Айтқандай жалғыз келеді, 
Келіп тұрып және де,
Ұрынады елеңдеп.


40 
өнерде талғампаз бекзат бітім иесін әңгімеге тарттық: 
Қай жылы екені есімде 
жоқ, қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев 
көк туды
ғарышқа алып ұшты. 
Ғарышқа барып келген тудың саны көп емес. Осыны көргенде «Біздің де 
байрағымыз
ғарышта желбіреген аз ғана тулардың бірі болды-ау» деген 
мақтаныш сезім көкірегіме ұялады 
[74, 3-4 бб.]. Бұл мысалдағы 
көк ту, байрақ
екеуі де 
мемлекет белгісін білдіретін жалау, ту 
деген ұғым. 
Сөздікте берілген 
ала байрақ
− мата-кездеме атауы. Ал қазіргі тіл 
қолданысында 
«көк байрақ»
 
тіркесі кездеседі. 
«Көк байрақ»
− мұнда тудың 
матасының түсі көк болғандықтан, 
көк
сын есімі 
байрақ
зат есімімен тіркесіп 
келіп заттанып кетіп отыр. Бұған бір мысал, 2008 жылғы тамыз айында шыққан 
«Сыр бойы» басылымында 
«Байрақты
бәсекедегі толағай табыс болашақта 
биік белестерге бастайды» деген атпен жазылған мақалада зіл темір көтеруден 
екі дүркін әлем чемпионы Илья Илиннің сөйлеген сөзі: 
Құрметті жерлестер! 
Мен олимпиада тұғырында біздің еліміздің әнұраны шырқалып, 
Қазақстанның 
көк байрағы
көтерілгенде өзімнің Отаныма және халқыма 
деген айрықша мақтаныш сезімде болдым
[75, 1 б.]. 
Мұндағы байрақтың архисемасы қазіргі 
ту, жалау
сөздеріне қарағанда 
едәуір мағынасы алшақтап, көмескіленген, бұл сөздің түп-негіз мағынасы 
ақындар өмір сүрген кезде
 туды
немесе 
жалауды
білдірмеген. 
Аталған деректердегі аталымға уәж болған негізгі ерекшелік қасиеті, 
олардың матадан жасалып, ағаш сапқа орнатылуы, және олардың биікте 
тұру қызметін атқарады,
яғни ономасиологиялық белгісі уәжі және 
аталымның жасалуында ішкі мағыналық үйлесімі мағына мен тұрпаттың 
қалыптасуына, сөйтіп, аталымның таңбалануына себеп болған. 
Мысалы, феодалдық қоғам дәстүріндегі көп әйел алудан 
бәйбіше,
қызды 
малға сатудан (қалың мал)
 қалыңдық
сөзі пайда болды. Кеңес одағынан кейін, 
қазақ әйелдерінің теңдік алуымен байланысты көп әйел алушылық пен қызды 
малға сатушылық мүлде жойылды. Сондықтан көп әйелдің ең алғашқы 
алынғанына айтылатын 
бәйбіше,
малға сатылуға тиіс 
қалыңдық
ұғымдары 
сөзсіз көнеріп қалды. Бірақ сөйте тұрса да 
бәйбіше
мен 
қалыңдық
сөздері 
активті сөздіктен шығып кеткен жоқ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде 
бәйбіше
сөзінің екі мағынасы берілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет