Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


таж /корона, венец/  тәж  [83,104 б.] дегенді білдіреді.  Тәж



Pdf көрінісі
бет77/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

таж
/корона, венец/ 
тәж 
[83,104 б.] дегенді білдіреді. 
Тәж
сөзі Нұртуған мен Ерімбет шығармаларында 
ханның бас киімі
мағынасында қолданылған. Мысалы, 
Ерлердің әскері бар 


66 
елден аулақ, От кешкен аруақтысы мұнда қонақ. Патшасы Жасаралдай 
бастығы бар, 
Тәж
киіп, жыға тағып, мінген пайтақ 
[Н.К.ІIт]. 
Шаһарияр 
Әбубәкір, әділ Омар, Оспан мен шері құда Ғали арыстан
Тәж
киіп, таққа 
отырып бұл төртеуі, Жөнелді нәубет-нәубет қылапаттан 
[E.К]. 
Нұртуған ақынның шығармасында «
жығалы тәжі
» тіркесі кездеседі. 
Жыға 
− 
1) ерте кезде соғысқанда басқа киетін дулығаның артынан мойынды 
қылыш қиып кетпес үшін қаптап жауып қоятын темірден жасалған заттың 
аты; 2) ауыс. абырой, атақ, бедел.
Мысалы, 
Күндердің күні болғанда, Кіреуке 
алтын тағыңды, Сол мінер деп қорқамын! 
Жығалы
 қымбат тәжіңді, Сол киер 
деп қорқамын!
[Н.К.Іт]. Бұл үзіндідегі 
«жыға»
сөзінің өзексемасы 
абырой, 
атақ
ұғымын білдіріп тұр. 
Сонымен қатар Нұртуған шығармаларында мата-кездеменің 
«батсайы»
деген көнерген аталымы кездеседі. Сөздікте: 
батсайы
– 
белгілі бір бұйымға 
тыстық ететін қымбат жібек мата, қалың кездеменің бір түрі деп 
көрсетілген
. Мысалы: «Ақ Кете Шернияз» дастанында: 
Ішті күміс кесемен, 
Күтілмес бүйтіп нағыз шах! Қолтықта 
батсайыдан
мамық жастық
Патшама не қылдырмас дәулет, мастық?! 
[Н.К.IІт] − деп жырлайды. Бұл 
аталым қазір тіптен қолданыстан шыққан пассив сөздердің қатарында және 
ауыспалы мағынасында да қолданылмайды. 
XV–XVII ғасырлардағы қазақтың қысқы үйінің ертеден келе жатқан түрі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет