66
елден аулақ, От кешкен аруақтысы мұнда қонақ. Патшасы Жасаралдай
бастығы бар,
Тәж
киіп, жыға тағып, мінген пайтақ
[Н.К.ІIт].
Шаһарияр
Әбубәкір, әділ Омар, Оспан мен шері құда Ғали арыстан,
Тәж
киіп, таққа
отырып бұл төртеуі, Жөнелді нәубет-нәубет қылапаттан
[E.К].
Нұртуған ақынның шығармасында «
жығалы тәжі
» тіркесі кездеседі.
Жыға
−
1) ерте кезде соғысқанда басқа киетін дулығаның артынан мойынды
қылыш қиып кетпес үшін қаптап жауып қоятын темірден жасалған заттың
аты; 2) ауыс. абырой, атақ, бедел.
Мысалы,
Күндердің күні болғанда, Кіреуке
алтын тағыңды, Сол мінер деп қорқамын!
Жығалы
қымбат тәжіңді, Сол киер
деп қорқамын!
[Н.К.Іт]. Бұл үзіндідегі
«жыға»
сөзінің өзексемасы
абырой,
атақ
ұғымын білдіріп тұр.
Сонымен қатар Нұртуған шығармаларында
мата-кездеменің
«батсайы»
деген көнерген аталымы кездеседі. Сөздікте:
батсайы
–
белгілі бір бұйымға
тыстық ететін қымбат жібек мата, қалың кездеменің бір түрі деп
көрсетілген
. Мысалы: «Ақ Кете Шернияз» дастанында:
Ішті күміс кесемен,
Күтілмес бүйтіп нағыз шах! Қолтықта
батсайыдан
мамық жастық,
Патшама не қылдырмас дәулет, мастық?!
[Н.К.IІт] − деп жырлайды. Бұл
аталым қазір тіптен қолданыстан шыққан пассив
сөздердің қатарында және
ауыспалы мағынасында да қолданылмайды.
XV–XVII ғасырлардағы қазақтың қысқы үйінің ертеден келе жатқан түрі
Достарыңызбен бөлісу: