11
тіршілігіне ауызекі тіл арқылы тікелей қатысатын болса, көнерген аталымдар
пассивті сөздік қорда тұрады. Кейбір сөздердің таралу шегі (изогласы)
болғандықтан әрі диалектизмге, әрі ру-тайпа тілдерінің қалдықтары
болғандықтан көнерген аталымдардың қатарына жатуы мүмкін.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында Сыр, Арал
өңірінде дүниеге келген қазақтың ақын-жыраулары Нұртуған Кенжеғұлұлы мен
Ерімбет Көлдейбекұлы шығармаларындағы кейбір көнерген аталымдар
диалект
ретінде қолданылады. Мысалы:
бейқұт
(тыныш, рахат),
кемек
(піспеген, шикі),
әбес
(жаңылыс, теріс),
беде
(жоңышқа),
бейтап
(бейжай),
ғазал
(кеңес),
дабыс
(дауыс),
қардар
(керек болса),
пұрсат
(мұрсат).
Келтірілген көне диалектілер С. Аманжоловтың 2004 жылы жарық көрген
«Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» [15, 283-296 бб.]
еңбегінде нақты түсіндірілген.
Қазақ тіліндегі жиналған говорлық материалдарды бірнеше салаға бөлуге
болады. Олардың бастылары: 1) Ру-тайпа тілдерінің қалдықтары бұларды
Достарыңызбен бөлісу: