82
үстеме мағынаға не соны мағынаға ие болған зат есімдер мен құранды
етістіктер, ал
қысқарту тәсілі
арқылы жасалған көнерген атаулар мүлдем жоқ
деп толық айта аламыз.
Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады,
олар арқылы жасалған туынды күрделі аталымдар ақындар шығармаларында
өте мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі
аталымдар бір-бірінен мағынасы жағынан әртүрлі болады. Анық айтқанда,
аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды.
Зерттеу жұсымызда
аналитикалық сөзқосым тәсілі
екі сөздің біртұтас
дыбыстық құрамға кірігіп, бір лексикалық мағына беріп, бір екпінмен айтылып,
бір лексикалық бірлік, яғни бір сөз жасайды. Сонда
сөзқосым тәсілі
арқылы
құрамындағы сыңарлардан басқа дербес сөз жасалады.
Айталық, ақындар шығармаларында парсы тілінің сөз жасаушы
элементтері -
зада, -зат
тұлғалары афиксоид қызметіне жеткен грамматикалық
бірлік ретінде олармен біріккен көнерген аталымдар кездеседі. Мысалы:
Өз
жайымды айтайын, Келе жатқан
бекзада
. Едіге ердің тұқымы
[Н.К.Іт].
Жұмысы қанша қиын хан ағаның, Жүрегі тастан қайтпас
ерзаданың.
Қайқайып қаршығадай тойға келген, Қайсысынан мін табайын
ханзаданың
[Н.К.ІIт].
Ағайын-туыс жекжатын, Жолдас-жора,
Достарыңызбен бөлісу: