Зәрді жалпы талдауға жинау Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.
Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу
Ресурстар: сыйымдылығы 50-100 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны (пластикалық) ыдыс; зәр қабылдағыш, немесе қыз бала үшін резин дөңгелек, ер бала үшін пробирка, баланы жуындыруға арналған құрал-жабдықтар; жолдама бланкасы, ыдысқа жабыстыратын этикетка (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні).
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына немесе балаға (егрер ересек болса) зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.
2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.
5 Этикетка жапсырылған ыдысты баланың анасына беріңіз.
6. Таңертең гигиеналық шара жүргізу іс-әрекетін анасына үйретіңіз (қыз баланың сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына бағытымен жуыңыз).
7 Анализге таңертең шығарған жаңа зәр алынады. Анализ жинауға арналған таза, құрғақ ыдысқа зәрдің ортаңғы проциясын жинауы керек (зәрдің алғашқы және соңғы ағымын жинамайды).
8. Зәрді жинаған соң, қақпақпен ыдысты жабыңыз.
9 Ерте жастағы (1жасқа дейінгі) қыз баланың зәрін жинау үшін резин дөңгелектің айналасын жаялықпен жауып, ортасындағы ойығына лоток
немесе тарелка қойып, жиналған зәрді анализге арналған таза, құрғақ ыдысқа құйып алыңыз.
10. Ер балалардың жыныс мүшесін пробиркаға салып, жабысқақ пластырмен қасаға үстіне жабыстырыңыз. Жиналған зәрді анализге арналған таза, құрғақ ыдысқа құйып алыңыз. 11.Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін анасына немесе басқа туыстарына түсіндіріңіз. 12.Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.
13. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: - зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.