Білім алушы:Жубанова Б
Күні:15.12. 2023ж
Р/c №
|
Кәсіптік
бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған) жұмыстардың атауы
|
Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері
|
Өндірістен кәсіптік практика жетекшісінің қолы
|
басталуы
|
аяқталуы
|
1.
|
Тәжірибеміздің 20 шы күні тікелей жетекшіміз қатысымызды тексеріп, әр түрлі тапсырмалар берді.
|
14.00
|
14.30
|
|
2
|
ОКИ бөлімінің кезекші мейіргеріне дәрігер тексеру алды дайындығына көмектестім
|
14.30.
|
15.30
|
|
3
|
Науқастарды аспаптық зерттеуге (узи) тасымалдадым.
|
15.30
|
16.30
|
|
4
|
Бронх спазм кезіндегі шұғыл көмек
|
16.30
|
17.30
|
|
5
|
Бүгінгі күнді қорытындылап,тікелей жетекшімізге жиналып баяндама жасадық.
|
17.30
|
18.00
|
|
Оқып болған конструкциялардың, жабдықтардың, технологиялық процестердің, өндірістің механикаландыру мен автоматтандырудың және еңбектің озық әдістерінің т.б. сипаттамасы
Бронх демікпе ұстамасы кезіндегі көмек
Мақсаты: Бронхоспазмды жою
Керекті құралдар: спейсер (көлемі 750 мл болатын кеңейтілген ыдыс) немесе небулайзер, щприцтер 1 мл., 2 мл., 5 мл., стерильді мақта шариктері, 70% спирт, резин жгут, оттегі, назальды вилка немесе катетер, сағат секудомермен.
Дәрілік заттар: қалта ингаляторы (сальбутамол ингаляторы), адреналин 0,1%-1,0, преднизолон 30мг-1.0 мл., аминофиллин 2,4%-10 мл. ертінділері.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. науқасты тынышталдырып және анасының қасында болуын қамтамасыз ету (бала мазасызданбау үшін), қысып тұрған киімдерін босатыңыз, таза ауамен қамтамасыз етіңіз. 2. науқасты ыңғайлы қалыпқа келтіруге көмектесіңіз. Егер кішкентай бала болса анасының (немесе көмекшінің) алдына, процедура кезінде бала кедергі жасамайтындай етіп отырғызыңыз. 3. қалта ингаляторын немесе небулайзер арқылы тез әсер ететін бронхолитикті қолданыңыз. Қалта ингаляторын спейсер арқылы қолдансаңыз
4. спейсердің кең жағын баланың ауызы мен мұрынына бағыттап, сол қолыңызбен балаға бағытталған шетінен ұстаңыз. Ол 3-5 қалыпты дем алғанша күтіңіз. 5. Сальбутамол аэрозолының бүріккіш басын спейсерге бағыттап, 2 рет басыңыз (200 мкл). Сонан соң спейсердің келесі шетіндегі тесігін оң қолыңыздың алақанымен басып, 30 секуд күтіңіз. 6. баланың жағдайын 20 мин. соң қайта бағалаңыз (тыныс алу жиелігін, астмойдты тыныстың болуын). Егер астмойдты тыныс болатын болса, сальбутамалды қайталап беріңіз. Осылай 3 рет қайталауға болады. 7. Егер сальбутамол көмектеспесе, 1мл шприцпен өлшеген адреналиннің 0,1% ертіндісін тері астына енгізіңіз -0,01мл/кг (максималды дозасы-0,3мл). Егер 15 минуттан кейін әсер болмаса, тағы 1 рет қайталауға болады. 8. анамнезінде осындай ұстамалар бірнеше рет болған болса, ауыз арқылы 1-3 мг/кг есеппен преднизолон беріңіз. Егер іше алмаса, щприц арқылы б/етке жіберіңіз. 9. Егер баланың тез әсер ететін бронхолитиктен және преднизолоннан кейін жақсармаса, аминофиллин салыңыз. Бастапқы дозасы – 5-6мг/кг (максималды 300мг-ға дейін) к/т. 10. балаға ылғалды оттегін беріңіз.
Білім алушының қолы: Жубанова Б________
Кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі: Альмуханова З:Т
Білім алушы мадақтамалары мен жазалары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары:
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы
"Техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білім беру
ұйымдары үшін өндірістік
практиканы ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларын және
практика базалары ретінде
кәсіпорындарды (ұйымдарды)
айқындау қағидаларына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |