Өтеулі қызмет көрсету шарты алматы қ. 20 ж. Бұдан әрі «Орындаушы»


Осы Шарттың 7.3, 7.4 және 7.5-тармақтар бұзылған жағдайда, Тапсырыс берушінің Қызметтерге қолжетімділігі ескертусіз өшіріледі. 7.7



бет8/28
Дата13.04.2023
өлшемі98,27 Kb.
#82195
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
7.6. Осы Шарттың 7.3, 7.4 және 7.5-тармақтар бұзылған жағдайда, Тапсырыс берушінің Қызметтерге қолжетімділігі ескертусіз өшіріледі.
7.7. Тапсырыс беруші /білім алушы, өтіп жатқан оқу курсынан келесі жағдайда шығарылуы мүмкін:
- жасалған Шарттың талаптарын орындамағаны үшін;
- тәртіпсіздік, үлгерімсіздік немесе оқуға құлықсыздық үшін;
- дәлелді себепсіз сабақты 3 (үш) реттен артық өткізгені үшін;
- Орындаушының қызметкерлеріне, оқыту бойынша серіктеске құрметсіздігі үшін;
- қызметтер құнын төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін;
- үй тапсырмасын, тапсырманы, емтиханды көшіргені үшін.
7.8. Орындаушы Тапсырыс беруші үшін Ақпараттық қызметтерде қамтылған ақпараттың практикалық қолданылуы мен құндылығы үшін, ақпаратты практикалық қолданумен байланысты қандай да бір нәтижелерге қол жеткізгені үшін жауапты болмайды. Ақпараттық қызметтерде қамтылған кез келген ұсынымдарды Тапсырыс беруші өз тәуекеліне жүзеге асырады.


8. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
8.1. Орындаушы міндетті:
8.1.1. Осы Шарттың талаптарына сәйкес сапалы, тиісті түрде, толық көлемде қызмет көрсету;
8.1.2. Қызметтер үшін төлем төлегеннен кейін Тапсырыс берушіге платформадағы онлайн сабақтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8.1.3. сыпайы, ұстамды, тәртіпті болуға, Telegram, WhatsApp чатында/ тобында өзара құрмет пен бағыныстылықты сақтауға міндетті;
8.2. Орындаушы құқылы:
8.2.1. Оқыту курсы процесінде Орындаушы Тапсырыс берушінің / білім алушының оқу курсын меңгеру сапасын анықтау үшін аралық аттестаттауды, емтихандарды, сынақтарды өткізуге құқылы.
8.2.2. Орындаушы сабақ кестесін, ұзақтығын өзгертуге құқылы. Мұндай өзгеріс Орындаушының біржақты шешімі бойынша жүргізіледі және Тапсырыс берушіге / Білім алушыға қандай да бір алдын ала хабарлауды талап етпейді.
8.2.3. ақпараттық білім беру процесін өз бетінше жүзеге асыру, сабақ кестесін өз бетінше анықтау, курстың басталуы мен аяқталуын анықтау, оқытушыны тағайындау және ауыстыру, Тапсырыс берушінің / Білім алушының бағалау жүйесін, аралық аттестаттаудың, емтиханның, сынақтың нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін таңдауға.
8.2.4. Тапсырыс беруші / Білім алушы оқыту ережелерін орындамаған /бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші жүргізген төлемді (алдын ала төлемді) қайтармай, қызмет көрсетуді уақытша немесе толық тоқтата тұруға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет