Отыз жылдық соғыс



бет2/3
Дата25.05.2023
өлшемі19,9 Kb.
#96989
1   2   3
Байланысты:
эссе тарих

Вестфаль бейбіт келісімі. Делегаттардың саны бойынша (135) Вестфаль бейбіт келісімі Еуропа тарихындағы ең ірі конгресс болды. 1645 жылдың қарашасына дейін болашақ делегаттар негізінен конгресті өткізудің шарттарын талқылаумен өткізді.
1648 жылдың 24 қазанында Мюнстер мен Оснабрюктегі келісім Вестфаль бейбіт келісімі ретінде белгілі. 30 қаңтарда қол қойылған Мюнстер бейбіт келісі бойынша Испания мен Біріккен провинциялардың арасындағы сексенжылдық соғысты тоқтатты. Әлі шешімін таппаған Франция мен Испания арасындағы соғыс 1659 жылы Пиреней бейбіт келісімінен кейін аяқталды.
Вестфаль бейбіт келісімі бойынша:

  • Габсбургтер шығыстағы мұрагерлік иеліктерін (Чехияны қоса) сақтағанымен Эльзастан айрылды.

  • Франция Төменгі және Жоғарғы Эльзасты, Зунгдауды, Үш Епископтықты, Декаполисті пен Брайзах қаласын иеленді.

  • Швеция Солтүстік және Балтық теңіздеріндегі басып алған территорияларды иеленді (Алдыңғы Померания, Бремен және Ферден архиепископтықтары, Висмар қаласы). Оларға соғыс шығыны ретінде 5 миллион таллер төленді.

  • Бранденбургтың құрамына Померанияның қалған бөлігі (Шығыс Померания) енді. Өтемақы ретінде Бранденбургке Каммин, Хальберштадт, Магдебург және Минден берілді.

  • Жоғарғы Пфальц Баварияға қосылды. Бавариялық герцог империялық князьдердің арасында үлкені болып танылды.

  • Саксония Лузацяины иеленді.

  • Пфальцграф Карл-Людвигке (пфальц курфюрсты Фридрих V ұлы) Төменгі Пфальц қайтарылып, оған сегізінші курфюрст лауазымы ұсынылды.

  • Аббаттықтан құрылған Херсфельд князьдігін және Шаумбург графтығының бір бөлігі Гессен-Кассельге берілді.

  • Біріккен провинциялар мен Швейцария конфедерациясы Қасиетті Рим империясының құрамынан шығып, тәуелсіздік алды.

Реституциялық Эдикт және Прага бейбіт келісімі өз күштерін жойды. Шіркеу иеліктерінің шекарасы 1624 жылдың 1 қаңтарына сәйкес белгіленді. Қудалауға ұшыраған барлық князьдерге, қалаларға рақымшылық жасалды, соғыс кезінде саудаға қойылған барлық шектеулер жойылды. Рейннің бойында еркін кеме қатынасына рүқсат берілді. Бітім шартының құжатында әскерлердің демобилизациясы туралы ешқандай пункт болған жоқ. Бұл мәселелерді шешу 1649 жылдың сәуір айында Нюрнберг конгресі кезінде басталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет