Отыз жылдық соғыс



бет3/3
Дата25.05.2023
өлшемі19,9 Kb.
#96989
1   2   3
Зардаптары. Ғалымдардың пікірлері бойынша адам шығыны 5-8 миллион шамасында болды. Көптеген аймақтар халқының 20-45 % айырылды. Германияда соғыстан, індеттер мен аштықтан ауыл халқының 40 %, ал қала халқының үштен бір бөлігі қайтыс болды. Майдан даласына айналған облыстарда (Мекленбург, Пфальц, Померания) халық саны 50 %, кейде 70 % кеміді. Вестфаль конгресінде швед әскеріне көптеген айыптар тағылды (бұзылған 2000 қамал, қиратылған 1 500 қала мен 18 000 ауыл, металлургиялық зауыттар мен мыс рудалары және т.б.). Медициналық статистік Ф. Принцингтің пікірінше, Германиядағы індеттерден қайтыс болғандардың саны майдан даласында қаза тапқандардан артық болды.
Соғыс Габсбург әулетінің құлдырауына әкелмесе де, Еуропадағы геосаяси жағдайды түбегейлі өзгертті. Франция құрлықтағы гегемонға айналып, Испанияның дағдарысы айдан анық көрінді. Швеция Балтық теңізінің қожайынына айналды. 300-ден астам ұсақ неміс мемлекеттері тәуелсіздікке қол жеткізді (олардың императорға тәуелсілігі қағаз жүзінде ғана қалды). Бұл жағдай 1806 жылға дейін жалғасып, Қасиетті Рим империясының құлауымен аяқталды.
Қасиетті Рим империясы тұрғындарының діни құқықтары (кальвинизм, лютеранттық, католицизм) теңестірілді. Еуропа мемлекеттеріндегі өмірге діннің ықпалы күрт азайды. Олардың сыртқы саясаты экономикалық, әулеттік, геосаяси мүдделерге негізделе бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет