Сезім АЛМАБЕКҚЫЗЫ
Ғ.Қараш атындағы ЖОББМ-нің
5-сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
туғАн тілім
Тіл – қарым қатынас құралы. Адамдар тіл арқылы сөйлеседі, пікір,ой алысады. Мен Бөрлі негізгі орта
қазақ мектебінде оқимын. Бізде мемлекеттік тілімізбен қатар орыс тілі , ағылшын тілі оқытылады.Күні кеше
мектебімізде тіл мерекесіне байланысты апталық оздырылды. Апталық барысында қазақ тілі және әдебиет
пәндерінің мұғалімдері
Шаттық Өмірзаққызы мен Іңкәр Серікқызы бізге қызықты сабақтар, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айнұр
Қадырғалиқызы танымдық ойындар өткізді. Біз ана тілімізге деген қадір қасиетті, оны сақтай білу керектігін ұқтық.
Тіліміздің өркендеуіне, еліміздің асқақтап өсуіне өз үлесімізді қосамыз. Тіліміздің тұғыры биік болсын, мәртебесі
өсе берсін!
Мақсат АДИЕТОВ
Бөрлі қазақ мектебінің , 5 «А» сынып оқушысы, Бөрлі ауданы
«Қауырсын қалам» жеңімпазы
№1 (209) 13.01.2015 ж.
6
Бақытты елдің бойжеткенімін
Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы жолда атамыздың
қаны,анамыздың көз жасы төгілді. Қазақтың намысшыл ұл-қыздары қуғынға
түсіп, тағдыр тауқыметін басынан өткерді. Олар бізге тәуелсіздік алып берді. Біз
тәуелсіздік жолында құрбан болған аға-апаларымыздың ерлігін ұмытпаймыз.
Біздің елімізді басқа шет елдер таниды. Олар елімізбен достастықта. Біз тыныш
елде өмір сүргенімізге қуаныштымыз. Барлық адамдар бақытты болсын деп
тілеймін!
Гүлназ СЕРІК
Еңбекші НЖББМ-нің 2-сынып оқушысы
Қызылжар ауылы Ақжайық ауданы
Астана және Елбасы
Астана- Қазақстанның елордасы. Жаңа ғасырдағы әлем таныған жаңа қала. Жаңа үлгідегі әдемі
ғимараттар бой түзеген, жастар қаласы. Есіл өзені жағасындағы ару қала.
Елбасы мен Елорда егіз ұғым. Еліміздің жаңа Астанасын жасауға Елбасының өзі қолдау көрсеткен. Басқа
елде жоқ ертегідегідей әсем шаһар тұрғызуға әмір берген патша сияқты. Мен елбасын дана, көсем, көреген
көшбасшы, алысты болжай алатын данышпан деп айтар едім. Елбасының арқасында тәуелсіздігіміз мықты,
туымыз мәңгі желбіреп тұр. Тәуелсіздігімізді елімізден айырмасын деп бала жүрегіммен тілеймін.
Рашида АСЫЛБЕК
Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББ мектептің
3-сынып оқушысығАқжайық ауданы
Ақ т
Ая
Асы
Тәуелсіздік тұғыры тарихта
ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында БҚО Жаңақала аудандық
балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
өлкетану үйірмесінің мүшелері «Туған өлкеңді таны» мақсатымен
өңірімізге белгілі «Төребай» мазарына танымдық жорыққа
шықтық.
18 ғасырдың екінші жартысына жататын архитектуралық
ескерткіштің тарихымен, салыну ерекшелігімен таныстық. Жалпы
Жаңақала жері, Қамыс – Самар өлкесі тарихы тұнған, шежірелі,
өнер майталмандарының өңірі, күйдің отаны. Өлкеміздің бай
тарихы бізді әрқашан қызықтарады. Мектепте алған білімімізді
дүние жүзі тарихын, Қазақстан тарихын өлке тарихымен
ұштастырып отырамыз. Төребай туралы аңыздарда өз заманына
белгілі Есенгелді байдың ұлы екендігі айтылады. Мезгілсіз қайтыс
болған баласына бай жылқының қылын араластырып, бие сүтіне иленіп, күйдірілген кірпіштен мазар
салдырған. Өкінішке орай кезінде жоба бойынша төрт бұрышты 6х6 м күмбездеп салынған мазардың үш
қабырғасы ғана жарым – жартылай сақталған
Отан тарихын білу өлкетанудан басталады. Тарихы терең мемлекеттің ғана іргесі берік,
болашағы жарқын болады деп ойлаймыз.
Жігер НАҒЫМОВ
№3 Жаңақала ЖББОМ-ң 8-сынып оқушысы
Жаңақала ауданы
Тәуелсіздік-Тәңір
сыйы
Тәуелсіздік-қолына найза ұстаған,
Абылайлап жорыққа шыққан батырлардың
арманы.
Ақындар мен жазушылардың арманы...
Иә, тәуелсіздікті барлығы армандады.
Қазақ халқы- қиындықты көп көрген халық. Бірақ ешқандай
қиындыққа мойыған жоқ, алға деп өмір сүрді.Елінің тәуелсіз ел
болатынына сенді. Армандары мен сенімдері орындалды. Қазір
біз тәуелсіз елміз. Өз елтаңбамыз,туымыз, Әнұранымыз бар.
Тәуелсіздік алғаннан бері біз талай жетістіктерге жеттік. Астанада
Саммит өтті. Азиада ойындары өткізілді. Бұл біздің осы кезде жеткен
жетістіктеріміздің бір парасы ғана. Әлі жетеміз. Өйткені еліміз-
көшбасшы ел!
Нұржамал ЖОЛАМАН
Еңбекші НЖББМ-нің 2-сынып оқушысы
Қызылжар ауылы Ақжайық ауданы
«Елбасы күні – елдікке құрмет»
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана
сүтімен дарыған туғантілін жақсы көрмейтін адам жоқ.
Менің туған елім – Қазақстан. Даласы кең, таулары биік,
өр халқы мейірімді ғажайып өлке. Мен болашаққа нық
сенемін, үлкен үмітпен қараймын.
Біздің елімізде 1991 жылы 1 желтоқсанда ҚР-ның
тұңғыш президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды. Нұр
атаға үлкен үміт артып, міндет жүктедік. Нұрсұлтан ата
Алатаудың бауырында дүниеге келсе де жанға жайлы
мекенде өмір кешпей еңбек жолын Теміртаудан бастады.
Елбасымыз – Қазақстан елін дамытып, одан әрі
өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр. Біз елбасымызды
қашанда мақтан етеміз. Елбасы күніне орай мектеп
дәлізінде «Елбасы күні – елдікке құрмет» атты көрме
ұйымдастырылды
Аяужан ҚУАНОВА
Маштексай ауылы, Жаңақала ауданы,
Елбасы – мақтанышым
Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата.Ол біздің тәуелсіз
ел болуымызға көп үлесін қосты. Елі үшін көп тер төкті. Халқымыздың бақытты
болуын қалады. Елбасының арқасында біз тыныш, бейбіт өмір сүріп жатырмыз.
Қазақ өнерінде ән жазуға зор үлесін қосқан. «Үшқоңыр» әнін шығарған.
Қазақстан Республикасаның Әнұранның сөзін жазған.
Халыққа қосымша көмек көрсету «Нұр Отан» партиясына биыл 15 жыл
толды. Президенттің қолдауымен «Нұр Отан» партиясы халықтың жағдайын
қарап, мәселелердің әділ шешімін табуға көмектеседі.
Үлкенді құрметтеп, үлгілі болған, кішіге қамқор болып, қадірлі болған
мәрт адам. Мен Қазақстан Республикасының Елбасы осындай адам болғанына
мақтанамын!
Ләйләт МАХМЕТОВА
Т.Жароков атындағы ЖББОМ-тің
4-
б
сынып оқушысы, Жәнібек ауданы
Менің сүйікті Елбасым!
Менің өз әжем жоқ болса да, нағашы әжем маған қазақ халқының басынан көптеген қиын
кездер өткенін айтып отырады. Ата- бабамыздың басынан өткен қиын кездер бізге аңыз-ертегі
болып қалды. Бірақ та, бүгінгі таңда заманымыз жақсы, еліміз тыныш, тамағымыз тоқ, киіміміз бар.
Осының бәрі Елбасымыздың арқасы деп ойлаймын.
Құрметті, Нұрсұлтан ата біз елдің ертеңі, болашағымыз, сондықтан үмітіңізді ақтап, елімнің
көркеюіне үлесімді қосамын. Сізге ақ тілегім, тыныш елде еліңізбен бірге аман болыңыз. Жүз
жасаңыз!
Ақбота АБАЕВА
Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс
орталығының «Бәрекелді, балақай!театрының мүшесі: Жетекшісі:
С.Тулепова.
№19 орта мектеп
Тәуелсіздік – тірегім
Егемендік – дегеніміз азаттық. Ал
азаттық дегеніміз – еркіндік. Еркіндік елімізге
бақ пен байлық әкелді. Өйткені, біз қазақ
халқы өз тілімізде сөйлеп, өз дінімізді ұстауға
мүмкіндік алдық. Қазақ деген халықтың
бар екенін және Қазақстан деген жер бар
екенін, бай екенін дүние жүзіне таныттық.
Өз саясатымызды құрып, экономикамызды
дамыттық. Өткен тарихымыз арқылы
бабаларымыздың жаран жырлап, болашақ
ұрпаққа жалғастырдық. Болашақта да әр
қазақтың жүрегі елім деп соқса, қазақ елі
бұдан да зор жетістікке жетіп, гүлденетіні анық. Елімнің тәуелсіздігі
жасасын!
Айнара БЕКҚАЛИЕВА
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің
4 «а» сынып оқушысы
Теректі ауданы
Аружан СЕРІК
Тегісшіл орта мектебінің
2-сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
№1 (209) 13.01.2015 ж.
7
Есіл бойына ел қондырған - Елбасы»
Астана және Президент
Менің мектебім
Менің мектебім екі қабаттан тұрады. Мұнда үлкен спорт зал,
концерт залы және асханасы бар. Асханада аспазшы апайларымыз
дәмді тағамдар әзірлейді. Дәліздерде әртүрлі суреттер және әдемі
гүлдер көп. Сыныптар іші кең, жарық, таза және әдемі. Мектепте бізге
білім алуға көп мүмкіндік бар.
Мен мектеп табалдырығын аттағалы көп нәрсе үйреніп келемін.
Өзімнің ұстазым Амиргалиева Алтынай апай бізге қашан да көмектесіп,
оқытып, тәрбиелеп, қамқор болып жүреді. Апайыма өте ризамын.
Менің мектептегі ең басты міндетім – білім алу. Сондықтан
ерінбей, күнделікті сабағымды оқып жүремін.
Гүлдана ЖОЛДЫБАЕВА
Алмаз ОЖББМБ-нің 2-сынып оқушысы
Шыңғырлау ауданы
Тәуелсіздік
төрімде
Оқушыларды
адамгершілікке,
Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел
рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен
тарихын білуге, ғасырлар бойы аңсаған
тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз
ұлтжанды болуға дәріптеу мақсатында
даярлық тобы мен бастауыш сыныптар
арасында
«Егеменді елім-ай!» атты кеш
ұйымдастырдым. Кешімізді мемелекеттік
Гимнмен аштық. Оқушылар төрт топқа
бөлініп отырды.Бұл кеш 3бөлімненқұрылды.
Бірінші
«Зерттеу шеберханасы» бойынша
І топ кітапханамен байланыс жасап,
тәуелсіздік туралы мәлімет жинақтап
келді. Оқушылардың жауаптарынан кейін
туған жер туралы слайд көрсетілді. ІІ топ
жазып келген шығармаларын оқыды,
ал ІІІ топ салған суреттерін әңгімеледі.
Сонымен қатар, ІҮ топ қатынасып отырған
қонақтардан сұхбат алған болатын. Екінші
«
Бірлігіміз
жараса» атты
бөлімде әр топ
конструкторды
п а й д а л а н а
о т ы р ы п ,
Е л о р д а м ы з
А с т а н а д а ғ ы
б а с т ы
ғимараттардың бейнесін құрастырып
шығарды. Оқушылардың зерігіп кетпеуі
үшін сергіту сәті ұйымдастырылды. Үшінші
бөлімде балалар берілген сұрақтарға
жауап берді. Желтоқсан оқиғасына
қатынасқан ағаларымыз бен апаларымыз
туралы түсініктер бере отырып, слайдтар
көрсетілді. Сонымен қатар, алдымызда
келе жатқан мерекеге арнап көрме
ұйымдастырылды. Кешті «
Бақытты
балалық шақ» әнімен жаптық. Бұл кештен
оқушылар Туелсіздік туралы көп мәлімет
алды. Мұндай кештер алдағы уақытта да
өз жалғасын таба бермек.
Г. МЕНДЕШЕВА
«Шапағат» бастауыш сынып
бірлестігінің жетекшісі
Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылы,
Тегісшіл ЖББНМ
Қазақ
халқының,
Қазақстан
Республикасының
мақтанышы,
көшбасшысы,еңбегімен
ерекшеленген
бірден-бір адам, ол – Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екені
баршамызға аян. «1
желтоқсан-Тұңғыш
Президент
күнін»
тойлап жатқанымызға биыл үшінші жыл.
Осыған орай мектебімізде бұл мерекеге
байланысты тәрбие сағаттары және
тәлімгердің ұйымдастыруымен «Есіл
бойына ел қондырған-Елбасы» атты
мерекелік кеш өткізілді.Кеш елбасымыздың
өмірі, еңбек жолы,жанұясы туралы
бейне фильмен басталды. 1-9-сынып
оқушыларына «Елбасы және ел қамы»,
«Елбасы және ел шежіресі», «Жалынды
жастық шахары», «Үлкен саясаттан үлкен
кездесулер» тақырыптарынды деректі
фильм көрсетілді.Сыныптарда тәрбие
сағаттары
оздырылды.Атап
айтсам,
6-сынып жетекшісі М.Қаужанқызы «Ерен
көшбасшы-Елбасы», 5-сынып жетекшісі
Эльмира
Азаматқызы
«Еңбегімен
ерекшеленген-Елбасы» тақырыбындағы
ашық тәрбие сағаттары өте жөғары
деңгейде өткізілді.Оқушылар әсем әуен ән
салып, күмбірлете күй тартып өз өнерлерін
ортаға салды.Алдағы уақытта да тәрбие
сағаттары осындай жоғары дәрежеде өтеді
деп сенемін.
Зинеп ЖҰМАГЕЛДИЕВА
Лбішін негізгі жалпы білім беретін
мектебінің тәлімгері
Қабыл ауылы,Ақжайық ауданы
Тәуелсіз елдің
баласымын!
Алтынға да айырбастамас, ғасырлар бойы бір
сүйем жерді жауына бермеген ата-бабаларымыздың
арманы-ел тәуелсіздігіне,міне, 23 жыл!
1991 жылы Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін
жариялады. Қазақ халқы аңсаған арманыны жетті.
Еліміз егеменді мемлекет болды.Қазақ халқы өзінің
арман-ойын қазақ тілінде ашық жеткізді.Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі
біледі.
Тәуелсіз елдің Әнұраны қазақ тілінде шырқалады. Ол жүрегімді
мақтаныш сезіміне бөлейді. Бүгінде мен мектептің намысын
қорғап,күреске қатысып жүрмін.
Менің арманым-Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген спорттағы
ағаларымдай биік мақсаттарға жету. Сабағымды жақсы оқып, ерінбей
еңбек етсем,бұл арманыма жетемін деп ойлаймын. Өскенле Отаныма
адал қызмет етемін. Туған жерімді бабаларым сияқты қорғауға,
қастерлеуге, сүюге міндеттімін.
Нұржігіт МАҚСОТ
Тегісшіл ауылы Жәнібек ауданы
Тегісшіл ЖББНМ-нің 3-сынып оқушысы
Қазақстан – менің
Отаным
Менің туып өскен жерім Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте
көп және еліміздің табиғаты өте әдемі. Биік – биік таулар, әдемі өзендер
мен көлдер,әр түрлі өсімдіктер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен
құстардың неше түрі мекендейді. Сонымен қатар біздің ата – бабаларымыз,
ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Менің Қазақстаным неткен керемет, кең байтақ, еркін, бай және
көп ұлтты. Шынымен де мұндай елді жақсы көрмеу мүмкін емес. Қазақстан
даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Мен осындай кең далалы
елді мекенде туғаныма қуанамын, әрдайым Менің туған елім – Қазастан деп
мақтан тұтамын.
НҰРМАНҒАЛИ ДЕНИС
Е.Ш.Орақбаев атындағы орта мектептің
2 «а» сынып оқушысы, Жаңақала ауданы
Тұңғыш Президент 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
басшысы болып сайланды. Елбасы Алматы облысы, Шамалған
ауданында дүниеге келген.
Біздің елбасымыз өте мейірімді, шыншыл, ақылды, білімді
адам. Елбасының арқасында Қазақстан көркейіп, өркендеп, дамып
келеді. Еліміздің бас қаласы Астана болып өзгертілді. Астана көз
алдымызда көркейіп келеді. Біз соған мақтанамыз. Астана қаласында
«ЭКСПО-2017» деген үлкен жоба өтеді. Сол көрмеде елімізді басқа
елдер көріп таң қалады деп сенемін. Елбасы өз мүддесін ойламайды,
елі үшін еңбек етеді. Сондықтан Нұрсұлтан атаны құрметтейік!
Ақжарқын МЕЙРАМОВА
Ж.Молдағалиев атындағы ОЖББ мектептің
3-сынып оқушысы,Ақжайық ауданы
Мәңгілік ел
Менің елім – Қазақстан. Мен Қазақстанда тудым. Осында мектепке барып, білім алып
жатырмын. Өскенде жақсы оқу орнына түсіп, еліме қызмет етемін. Біздің ел – бейбітшіл, қонақжай.
Осындай елім барына қуанамын. Біздің президентіміз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ақылды,
данагөй, мейірімді жан. Біздің еліміздегі халықтар бір-бірімен дос. Біздің еліміз – мәңгілік ел. Өйткені,
біздің ел қанша жауды кездестірсе де оларды жеңіп, біздің елден жауларды қуып жіберген. Сонымен
қатар, біздің ел мәңгі жасай береді және өсіп-өркендей береді. Мен өз елімді сүйемін, құрметтемін,
мақтан етемін!
ЯСМИН ТЛЕГЕН
№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының 3 «д» сынып оқушысы
№1 (209) 13.01.2015 ж.
8
Отты жылдар шежіресі
Сүйікті мектебім
Біздің мектептің аты Сейітқали Меңдешев деп аталады. Мен ол мектепте білім аламын.
Мен биыл бесінші сыныпта оқып жатырмын.
5-сыныпта сабақтар қиындай түсті. Менің
сүйікті сабақтарым математика, бейнелеу,
дене шынықтыру олар маған қатты ұнайды.
Біздің мектепте ұстаздар өте көп. Менің сынып
жетекшім Бисенова Эльмира Мұратқызы.
Біздің мектепке жетер мектеп жоқ. Мен өз
мектебімді жақсы көрем.
Тілекқабыл АҚСЕРІКОВ
Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы,
С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің
5-сынып оқушысы
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да
70 жыл толмақшы.. Бұл сол кездегі қазақ батырларының
ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін ,тарихта мәңгілік
өшпес із қалдырған күн.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төңген ең ауыр күндер
болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны
үшін, келешек ұрпақ үшін жанқилы соғыс жүріп жатты.Сол
кезде басқа халықтармен бірге жауды тас-талқан қылып,
жеңіске жету жолында қазақ батырларының қосқан үлесі
мол. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап,
Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста,
Днепр өткелінде Москва мен Ленинград үшін болған
ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн
туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық
болған.Соғыс жылдары ерен ері шыдайтын, жаңбырша
жауған оқ пен қарша бораған бомбының арасында қалып,
жүректері тасқа айналып,гүлдей жайнаған жастық шақтары
ажалдың қанды тырнағына ілікті.Сол бұл сұрапыл жылдары
қазақ халқы өзінің отанына,жеріне деген патриоттық
сезімін,ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Мың жылда бір-ақ
көрінетін сыры да, терең тұңғиық дана
тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық боп кетті.
Әйтсе де , Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия,Мәншүк
және Хиуаз ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге.Иә ,Ұлы Отан
соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толмақшы.
Соған байланысты қазақ тілі мен әдебиет пәніні мұғалімі
Хамбетова Ақжарқын Қайырғалиқызының жетекшілік етуімен
«Жеңіске 70 жыл» атты деректі фильм көруге бардық.
Осындай фильмді көруге мүмкіндік туғызып отырған, Гагарин
кинотеатрының директоры Стародубцева Асия Хамзияқызы
мен әдіскер Иманова Айгүл Серікқызына алғысымыз шексіз.
Біз ол жерде Батыс Қазақстан облысының атақты
құрылысшысы сол бір майданда, сол бір ащы шындықты
көзімен көрген қария Сафин Хамза Абдрахманұлымен
кездестік..Ол кісі соғыстың зардабы мен көрген
қиншылықтарын баяндады. Ол қарияның көзінен қуаныш пен
қоса мұңды да байқадық.Қуанышы -жеңіс болса, мұңы -көрген
қиыншылық деген ой түйдік.Көрген-білгенін ардагер атамыз
былайша баяндады:
”Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау адам
баласының тарихында болмаған бір зұламат соғыс бастады.
Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.Қыз жігітімен,ана
баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады,
қолындағы малын винтовкаға айырбастады.Ойда диханшы
трактордан түсіп,танкіге отырды. Сол жылдардың бозбала
-бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, жазушы
болуды армандаған еді...
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалыста
майданнан 394 мың қазақ батырлары қайтпай қалды.Бұл соғыс
барлық отбасына қайғы-қасірет әкелді.Фашистік Германия
тізе бүкті.....Бірақ оларды жеңу үшін Кеңес Одағының 27 млн.
боздағы өз өмірін қыршыннан қиды.Соғыстың әкелген қайғы-
қасіретін айтып жеткізу мүмкін емес. Сол мұңды соғысқа
ержүректілікпен аттанған сол кездің бойжеткендері , қазіргі
жас ұрпақтың әже-әпкелерін айтпай кетуге болмас .Солардың
бірі -Хиуаз Қаиырқызы Доспанова. Ол кезінде Мәншүк
Мәметовамен бірге өскен. Хиуаз Доспанова жастайынан
ұшқыш болуды армандап, Мәскеудегі Жуковский атындағы
әскери-әуе Академиясына оқуға түскісі келгенімен, түсе
алмайды.Ақырында ол ұшқыштар дайындайтын училищиге
барады.Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында
бастап, кейін әйгілі ұшқыш Раскова басқарған 46-гвардиялық
полкінің
құрамында
300-ден астам әуе
шайқастарына
асқан
ерлік
көрсете
білді.
Кейін соғыстан аман-
есен
оралған
Хиуаз
апамызға Қазақстанның
Халық қаһарманы атағы
берілді.”
Хиуаз
Доспанова
апамызға арнап түсірген
фильмін көріп, көзім жасқа толды. Қазақ халқыныңсол
бір ауыр майданды көзімен көріп,шайқасқан сәттерін
көрсеткенде, ұшақтың өртеніп құлап жатқанын көрсеткенде,
өне бойым қалтырап,тітіркеніп қоя берді.Мен бұл фильм
барысында соғысқа қатысқан боздақтар мен бойжеткендердің
қиыншлыққа толы өмірі фильм біткенше көз алдымда
болды.
Бізді осы жеңіске жеткізген,аштыққа да, ауыр жұмыстарға
да, тіпті өмірге қарсы тұра білген,бізді осы бейбіт өмірге
жеткізген ардагерлерге,біз үшін жанын пида қылған
жауынгерлерге айтар алғысым шексіз.Олардың осыншама
қауіп-қатерге қарсы тұрып,көк аспан астында ақ көгершіні
қалықтаған бейбіт,тыныш өмірдің тұнығын лайламауға сөз
беремін!
Достарыңызбен бөлісу: |