Өткен ғасыр шығармаларындағы жаңашылдық Орындаған: Айтжанова Жулдыз



Дата14.10.2023
өлшемі75,85 Kb.
#114263
Байланысты:
Өткен ғасыр шығармаларындағы жаңашылдық

Өткен ғасыр шығармаларындағы жаңашылдық

Орындаған:Айтжанова Жулдыз

402 топ

Түркілік сарын

Тоныкөк ескерткішінен

Түрк-сір жұрты үшін Түн ұйықтамадым, Күндіз отырмадым, Қызыл қанымды төктім, Қара терімді ағыздым... Тоныкөк жазуы Кердең де кердең басқан күн, Кеудеміз жаудан асқан күн, Қағаным таққа мінгенде Қай дұшпанымнан жасқандым?! Қызыл да тілді жебелеп, Алқалы топтан асқанмын. Қылыштай сөзбен қын тіліп, Тауды да бұзып тас жардым. Ақыл иесі – мен болдым, Түркіге – бақ болғанда, Дұшпандарына қазулы көр болдым. Күндіз отырмадым, Түн ұйықтамадым, Елімнің елдігі үшін

Ж.Әскербекқызы «Тоныкөктің толғауы»

Кердең де кердең басқан күн,

Кеудеміз жаудан асқан күн,

Қағаным таққа мінгенде

Қай дұшпанымнан жасқандым?!

Қызыл да тілді жебелеп,

Алқалы топтан асқанмын.

Қылыштай сөзбен қын тіліп,

Тауды да бұзып тас жардым.

Ақыл иесі – мен болдым,

Түркіге – бақ болғанда,

Дұшпандарына қазулы көр болдым.

Күндіз отырмадым,

Түн ұйықтамадым,

Елімнің елдігі үшін

Талдау

Тастағы жазбаларда бірінші жақтан баяндаушы атынан айтылса, ақын шығармаларында да өзінің кейіпкерлері Білге, Тоныкөк, Күлтегіннің өздерін сөйлетеді. Ақын жырлардың көркемдік ерекшелігін сақтай отырып, көркемдік қуаты зор шығарма тудыра білген. Поэманың сөз қолданысында көне жазбаларда берілген кейбір тіркестерді де ұтымды пайдаланған.

«Күлтегіннің қаһары» бөлімінде жырланатын батырдың ерлігіне назар салсақ, жырдағы аттардың, жерлердің атаулары да толық сақталған. Бұл бөлімнің жазылуында аздаған ерекшеліктер бар. Монолог түріндегі туынды қазақы қара өлең үлгісінде шумақтарға бөліне жазылған. Білге қағанның монологында берілетін жырлардың құрылымдық ерекшелігін біз Күлтегіннің ішкі сырынан байқай қоймаймыз. Алайда тастағы таңбалар сарынының толығымен сақталып қалғанын айтуға болады.

Жыраулар поэзиясы

Қазтуған жырау «Ала да алаң, алаң жұрт»

Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт, Атамыз біздің бұ Сүйініш Күйеу болып барған жұрт, Анамыз біздің Бозтуған Келіншек болып түскен жұрт, Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, Жанға сақтау болған жұрт

.

Ж.Әскербекқызы «Баба жұртына оралу»

Ақ ала ордам қонған жұрт

Шалкиіз жырау шалған жұрт,

Қазтуғаннан қалған жұрт,

Доспамбеттей қыршын ер,

Соңғы демін алған жұрт.

Ақтамберді толғанып,

Махамбет атой салған жұрт,

Дауға түскен ептінің,

Жауға түскен тектінің,

Таңдайынна түйірлеп,

Сөз асылы тамған жұрт.

Тыңдағым келді жыр бар деп,

Сол жұртта қалған кім бар деп,

Тамырға біткен тарпаңдық,

Қанымда менің тулар көп

Талдау

Екі шығармада да «жұрт» сөзінің қайталануы кездеседі. Жұрт сөзінің толғау мәтініндегі тармақ соңындағы қайталануы сөз образға ой екпінін түсіріп, ұйқас құрауға ұйтқы болып, антитезалық параллель мағынасында білдіріп тұр. Екеуіде 2-3 бунақтан құралған.

Абай дәстүрі

А.Құнанбайұлы «Есіңде бар ма жас күнің»

Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің –

Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар! Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың. Махаббат кетті, дос кетті – Жете алмайсың, тоқтайсың. Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын.

Ұ.Есдәулетов «Тіршілік»

Шаттанасың, шарпысасың, Сан қызыққа батасың, Айтысасың, тартысасың, Ит татпасты татасың; Шыға қалса кім айдынға, Көзбен, сөзбен атасың. Тағдырдың да, құдайдың да Шығарасың «қатасын»; Масайрайсың, мастанасың, Бір-біріңді сатасың, Жар құшағын жастанасың, Көрердей боп опасын, Заман мынау — кәпір түрі, Төккен жәбір-жапасын. Айналып кеп ақыр түбі Тар қуыста жатасың..

Талдау

Екі ақынның өлеңдерінің жазылу стилі, ұйқасы, мазмұны ұқсас.4 тармақтан 5 шумақтан тұрады.Мазмұнында есік пен төрдей ғүмырдығ қас-қағымда өте шығатынын айта отырып, табиғаттың осындай құбылысына философиялық түйін жасайды.Тіршілік атаулының үш мезгілі- жастық, есею, ақыл тоқтарлық жас келетінін әр мезгілдің өзіндік сыйы бар екені өлеңге арқау болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет