1.Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы сөз: «Жалау»
Жалау- түркі халықтарының өз әскерін жау әскерінен ажырату үшін жауынгерлердің найзасына, дулығасына матадан қиып таққан арнайы белгісі.
Жалау терминінің метафоралануына мысалдар:
1) Барша жанға жалау болған-сырлы өлең,
Өлең сөзбен шығып жатар сыр деген...
Тіліміз де тек қазақша біздердің,
Қосыл досым, əңгіме айт бізбенен....
(Ж.Искакова «Сырлы өлең»)
2) Шыққан ерлер бұл төбеге
Батырлықтың жалауын ап,
Шыққан ерлер бұл төбеге
Төңіректі қарауылдап.
(С. Мәуленов «Қарауыл төбе»)
3) -Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі.
(М.Жұмабаев «Қызыл жалау»)
2. Ұстама -ерікті қаңқа бұлшықеттерінің кенеттен, ырғақты, қайталанатын және мүлдем еріксіз, бір немесе бірнеше бұлшықет топтарының күшейіп жиырылуымен жүретін қозғалмалы қозғалыстары.
Ұстама- медициналық термин.
Ұстама терминінің метафоралануына мысалдар:
1) Қызыңды үйде бексіз ұзақ ұстама.
(Ж.Баласағұн «Құтты білік»)
2) Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар.
(«Төле бидің шешендігі»)
3. Қызу- жұқпалы ауру кезінде немесе қабыну кезінде көтеріледі.
Қызу- медициналық термин.
Қызу терминінің метафоралануына мысалдар:
1) Қызу еңбек қайнаған,
Алып құрылыс айналам.
Астана – алып көрмесі,
Әсем сәулет өнері.
(Е.Өтетілеуов «Мақтанышым Астанам»)
2) Жақыпбек ойлағанын бет-жүзің бар демей, тіке айтып тастайтын қызу қанды жігіт еді.
(М.Иманжанов «Алғашқы айлар»)
3) Қызу қарқын, көңіл шат,
Шығады жарқын дауыстар.
Ұштасқан қимыл қат-қабат,
Еселенген екпін бар.
(М.Мақатаев «Қырман басында»)
4) Жұмыс – қызу, нәтиже – оң.
(Е. Ерболат «Орталық Қазақстан»)
4. Көрме – белгілі бір қоғамның не жеке адамның материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету.
Көрме-
Көрме терминінің метафоралануына мысалдар:
1) Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.
(А.Құнанбайұлы «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»)
2) Жақсыны алыс, жаманды жақын көрме,
Жақсы атансаң, басқаның хақын жеме.
Жақсымын деп момынның малын жеме,
Жаман адам сол болар, мақұл деме.
(Ш. Құлекеұлы «Жақсы, жаман адам туралы»)
Достарыңызбен бөлісу: |