Өткізген: Есімханов М. А география пәні мұғалімі Аскар. С. А. Бастауыш сынып мұғалімі 014 2015 оқу жылы. Дүниетану – «А» сынып Күні



бет4/4
Дата07.01.2022
өлшемі24,58 Kb.
#18008
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
000249d2-b2d14070

IV-кезең Шығармашылық тапсырма.

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.

Топырақ сөзінен сөздер құрастыру.

**Сергіту сәті . Би:

V – Бекіту кезеңі:

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.

РАФТ стратегиясы


Рөл

Жауынқұрт

Борсық

Аудитория

Орман жұртшылығы

Форма

Хат

Тақырып

Топырақты қорғау



** VI - Сабақты қорытындылау : 
-балалар бүгін біз сендермен жердің құнарлы қабаты топырақ жайында кеңінен мағлұмат алдық
-Топырақ адамдар , жалпы жер бетіндегі тіршілік иелері үшін өте қажет, себебі барлық тіршілік иелеріне қажетті қорек осы топырақта өседі
- Сондықтан ,біз топырақта қорғап, сақтап қалуға ат салысуымыз қажет.

Оқушыларды бағалау.

VI **– Үйге тапсырма беру. 77-78 бет оқу,мазмұндау

.






** III - Жаңа материалды түсіндіру

кезеңі:

Кербез де сұлу бұғмаралдар, қуатты-мықты арқарлар мен таутекелер, алып қозықұмайлар, паң да епті барыстар мекендейтін таулар әлемін сақтап,келесі ұрпаққа жеткізу үшін Қазақстан Республикасында бірнеше қорықтар ұйымдастырылған.

Қазақстан қорықтары
Ақсу - Жабағылы қорығы. Қазақстан жерінде ең алғаш ұйымдастырылған қорық. Ол Батыс Тянь - Шань тау жоталары сәлемдерінің, Талас Алатауы мен Өгей тауларының табиғатын қорғау мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл алқаптың өзіне тән өсімдіктері мен жануарлары түгелдей қорғауға алынған. Мұнда “Қызыл кітапқа” тіркелген сары жылан, ұлар, сақалтай, бүркіт, ителгі, арқар, сілеусін т. б. жануарлар кездеседі.
Алматы қорығы. Іле Алатауының орталық бөлігіндегі биік таулы алқаптың барлық табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Бұл қорықта да өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бай қоры бар. Оның ішінде сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аюды, арқарды, ұларды атауға болады.
Наурызым қорығы. Қостанай облысының оңтүстігінде Наурызым ауданындағы құрғақ далалы аймақтың табиғат байлығын қорғау үшін ұйымдастырылған. Дуадақ, ителгі, қызық жемсаулы қаз және басқа да “Қызыл кітапқа” тіркелген құстар бар.
Барсакелмес қорығы. Арал теңізіндегі өзі аттас аралда құрылған. Онда шөлейтті және шөлді аймақтың табиғаты қорғалады. Қорықта құландар мен қарақұйрықтар мекен етеді.
Қорғалжын қорығы. Ақмола облысының көптеген көлді алқабының табиғат байлығын қорғау мақсатымен құрылған. Бұл өңірде қоқиқаз, дуадақ, ақбас тырна мен басқа құстар тіршілік етіп, мекендейді.
Марқакөл қорығы. Оңтүстік Алтай алқабы мен Марқакөл табиғатын қорғау үшін құрылған. Сирек кездесетін жануарлардан қоңыр аю, қара дегелек, Алтай ұлары, кәмшат және басқалары тіршілік етеді.
Үстірт қорығы. Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлдің табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Қорықта сирек кездесетін жорға дуадақ, қарақұйрық, ителгі тіршілік етеді.

IV – кезең: * - Оқулықпен жұмыс.
Іштей оқу.
Дәптермен жұмыс
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты - қорық деп атайды

** Сергіту сәті . Би:

V –Бекіту кезеңі:

* - оқушылардың өзіндік жұмысы.

Эссе жазу. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қажеттілігі.


** VI - Сабақты қорытындылау
Сауаланамалық тест.

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

VI – Үйге тапсырма беру. 108-109 бет оқу,мазмұндау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет