Открытая книга в библиотеке


Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады



бет3/10
Дата25.03.2022
өлшемі4,58 Mb.
#28813
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жеф 7 топ

Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.

  • Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
  • Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді.
  • Сүйектер тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сүйектің сырты - тығыз ұлпадан, ішкі бөлімі кеуекті ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқап болады.

Қаңқаның құрылысы

Адам қаңқасы:

  • бас,
  • тұлға,
  • аяқ-қол сүйектерінен тұрады.

І. Бас қаңқасы

  • Бас қаңқасы – ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.
  • Ми сауыты – маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және сына тәрізді сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
  • Бет сүйектері – жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.

Тұлға қаңқасы.

Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі. Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.

Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.

Тұлға қаңқасы.

Омыртқа өзегінде жұлын мен атқылының түбіршелері орналасқан.

Жұлын қатты торлы жұмсақ қабықшамен қапталған және омыртқа өзегіне клечатка және түбіршелер арқылы бекітілген.Жұмсақ және торлы қабықшалар арасында субарахноидальды кеңістік бар,және онда 120-140мл жұлын сұйықтығы бар.

Омытқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді.Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы(лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см (ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады.4-5 жсқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет