I деңгей - Фельдшер - акушерлік пунктінде ЖДА (СВА), АУА (СУБ), АА (РБ) акушерлік стационарда жүктіліктің физиологиялық ағымы мен босануында көмек көрсетеді.
Мақсаты:
1. Жүктілерді анықтаған диагностикалық бақылау.
2. Қауіп факторларын анықтап, қажет жағдайда жоғары деңгейдегі стационарға ауыстыру.
3. Босануға дайындау.
4. Уақытылы госпитализациялау.
2 деңгейдегі мекемелерге: қалалық және облыстық перзентханалар, ірі көп салалы қалалық және облыстық ауруханалардың босану бөлімдері жатады.
2 деңгейдегі мекемелерге: қалалық және облыстық перзентханалар, ірі көп салалы қалалық және облыстық ауруханалардың босану бөлімдері жатады.
2 деңгейдегі мекемелері:
жүктіліктері мен босанулары асқынбағанда, мерзімінен бұрын (34 аптадан жоғары) босануда, сонымен қатар, жеңіл дәрежелі преэклампсияда кезіндегі жүктілік пен босануда, көп сулықта, жатырдағы асқынбаған тыртығы бар жүктілерге, 34 аптадан жоғары көп ұрықты жүктілік кезінде, ремиссия сатысындағы экстрагениталды патология кезінде көмек көрсетеді.
3 деңгейдегі акушерлік мекемелерге облыстық және қалалық перинаталдық орталықтар, Ғылыми акушерия, гинекология және перинатология орталықтары жатады.
3 деңгейдегі акушерлік мекемелерге облыстық және қалалық перинаталдық орталықтар, Ғылыми акушерия, гинекология және перинатология орталықтары жатады.
3 деңгейдегі акушерлік мекемелер:
перинаталдық патология қауіпі бар жүктілер, босанатын және босанған әйелдерді госпитализациялайды, 22-33 апта + 6 күн мерзімінен бұрын босануларда, ауыр дәрежедегі преэклампсияда, эклампсияда, ҚОПМБА, акушерлік қан кетулерде, жіті көп сулықта, ұрықтың дамымай қалуында, акушерлік және экстрагенитальды патологиялары бар 40 жастан жоғары және 16 жастан төмен жүктілерге, үш және одан көп кесар тілігі жасалған жүктілерге немесе бір рет жасалған кесар тілігінен кейін асқыну болған жағдайда, 22 аптадан бастап көп ұрықты жүктілікте, жатыр ісіктерінде, миомада және жүктілікпен жүретін жатыр қосалқыларының патологиясында, жамбас мүшелерінің ауытқуларында, жамбас сүйектерінің деформацияларында, жамбастың 3-4 дәрежелі тарылуында, 22-34 аптадан бастап жатырдан тыс ұрықтануда ЭКО, резус иммунизациясында, ұрықтың даму ақауларында, суб және декомпенсация деңгейдегі экстрагениталды патологиялары бар жүктілерге көмек көрсетеді.