Туберкулин сынамаларының мынандай түрлері болады:
- тері бетіне – Пирке сынамасы,
- тері ішіне – Манту сынамасы,
- тері астына – Кох сынамасы
- Барлық елдерде сол сияқты біздің елімізде көбінесе тері ішілік Манту туберкулин сынамасы қолданылады. Манту сынамасын 1909 жылы француз ғалымы Ch. Mantoux ашқан. Манту сынамасы басқа сынамаларға қарағанда сезімтал, ол туберкулинді дәлірек мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
2ТБ Манту сынамасымен тексеруге жататын балалар контингенттері.
1. Қауіпті топтағы балалар
2. Туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер
3. Вакцинация алдындағы 2 айдан асқан және ревакцинация алдындағы 6-7 жастағы балалар.
Достарыңызбен бөлісу: |