ТУБЕРКУЛИНДІК ДИАГНОСТИКА
Туберкулиндік диагностика – туберкулез микобактериясының жұққандығын анықтайтын әдіс. Бұд диагностика үшін туберкулин қолданылады.
Туберкулин – туберкулез микобактериясы жасушасының элементтерінен тұрады, диагностика мақсатында қолданылады.
Туберкулиннің бағалы қасиеттерінің бірі оның спецификалықтығы, себебі оны енгізгенде жауапты жұққан ТМБ немесе БЦЖ егілген ағза береді. ТМБ жұқпаған және БЦЖ егілмеген ағза туберкулинге реакция жасамайды.
Туберкулинді 1890 жылы алғаш рет Роберт Кох ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |