“Қазақстан тарихы және әлеуметтік пәндер” кафедрасы
Презентация
Көшбасшылық пен жетекшілік.
Орындаған: Фархадов Шахрух
Тобы: В-ЖМҚБ-04-21
Қабылдаған: Ибраимова А.Ж.
Шымкент, 2022.
Жоспар
I) Кіріспе
II) Негізгі бөлім
2.1. Көшбасшының қызметі
2.2. Көшбасшының бойындағы қасиеттер
III) Қорытынды
3.1. Көшбасшылық пен жетекшілікке салыстырмалы талдау
IV) Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпашылығына төзе білетін тұлға. Көшбасшыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды, ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады. Ситауциялық көшбасшылар да болады. Былай күнделікті өмірде ол көшбасшылық қабілетін көрсетпейді. ол көшбасшылығын көрсету үшін белгілі бір жағдай орын алуы тиіс. Мыс., сіз өз тобыңыздағы бар - жоғы білінбейтін адамның спорттық жарыста, не басқа да қиын жағдайларда (өрт, табиғи апат, көше төбелесі) немесе ұжымға тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде өзінің қабілетін ашып көрсетіп, жауапкершілікті өз мойнына алып, ситуацияны қолға алуы, топты басқаруы мүмкін. Бұл да көшбасшылықтың бір түрі.
Негізгі бөлім
Көшбасшының негізгі қызметі топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта түсу. Ол сарапшы ретінде қызмет етеді, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді және көпшілікті соңынан ерте біледі, өз тәжірибесімен бөлісе біледі.
Көшбасшы-әлбетте өз саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар жан. Ол топпен жұмыс істей білуі керек, қол астындағы адамдардың пікірімен санаса білетін, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білетін жан. Үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан.
Көшбасшылыққа жетудің кедергісі – өзімшілдік...
Көшбасшылықты дамытудың бір жолы сыни тұрғыдан ойлану. Сын тұрғысынан ойлану шығармашылыққа жетелейді.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
7. Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.
13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.
Қорытынды
Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы деген мағына білдіреді) – бұл басқа адамдарды, олардың алғашқы ниеті қандай болғанына қарамастан, өзі қалаған нәрсені жасауға көндіре алатын адам болып табылады, сонымен қатар топтағы адамдардың қасиеттері мен қабілеттерін қолдана отырып, оларды көшбасшы мақсатын іске асыруға бағыттай алады.
Лидер (ағылшынша leader — жетекші) — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән.
Ортақ белгілері: Жеке адамдармен және топпен тиімді қарым-қатынас жасай білуінде. Қарым-қатынас - адамға немесе командаға жетекшілік ете алатын кезде ең негізгі қабілеті.