ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2
13
- 0 ден 7 балға дейін (жеңіл симптоматика) – пациент медициналық
бақылауды қажет етеді,
симптоматикалық терапия тағайындалуы мүмкін;
- 8 ден 19 баллға дейін (орташа ауырлық дәрежесі) – пациентке консервативті ем тағайындалуы үшін
толық медициналық тексеруден өту қажет етіледі
- 20 баллдан жоғары (ауыр дәрежедегі бұзылулар) - пациентке
кешенді урологиялық көмек
көрсетіледі, хирургиялық емдеу ұсынылады.
Сонымен қатар, зерттеуге алынған науқастар соңғы екі апта мерзімінде зәр шығару күнделігін
толтырып отырды. Зәр шығару күнделігінің нәтижесінің интерпретациясы:
1. жеңіл дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік бар, бірақ
оған шыдау оңай
2. орташа дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік
жеткілікті ыңғайсыздықты
тудырады және күнделікті белсенділікке кедергі
келтіреді
3. ауыр дәрежелі зәр шығару бұзылысы: қолайсыздықты тудыратын және әдеттегі
істермен айналысуға
мүмкіндік бермейтін ауыр шыдамсыз зәр шығару алдындағы ургенттілік.
Алынған деректерге статистикалық талдау жұмыстары Microsoft
Excel бағдарламасы арқылы
жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалауды жүргізу үшін дәлелді медицина әдістері қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: