ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет2/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212
 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 

Секция: МОДЕРНИЗАЦИЯ СЕСТРИНСКОГО ДЕЛА 
Абдан А.Қ. 1 курс магистранты «Мейіргер ісі» мамандығы 
е-mail: kanubekovnaa@mail.ru 
Ғылыми жетекші: м.ғ.к., қауым. профессор м.а. Қауызбай Ж.Ә. 
е-mail: zhumaly@mail.ru 
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы 
 
СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ БАР НАУҚАСТАРДА ӨМІР СҮРУ САПАСЫН 
БАҒАЛАУ
 
Кіріспе.
ХХІ ғасырдың басынан бастап созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) сырқаттанушы-
лықтың, мүгедектіктің және өлімнің жоғары болуына байланысты әлемнің дамыған елдерінде негізгі 
медициналық-әлеуметтік проблемасы болып қалуда. Емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуге және енгізуге 
қарамастан, осы патологиядан зардап шеккен науқастарда өмір сүру сапасы мен оның ұзақтығын жақсарту 
мәселесін шешуде алға қарай ұмтылушылдық болған жоқ. Көптеген аурулар адамның физикалық жағдайына 
ғана емес, сонымен қатар оның мінез-құлқының психологиясына, эмоционалды реакцияларына да әсер 
етеді, сонымен қатар оның рөлін, әлеуметтік өмірдегі орнын өзгертеді.
Эпидемиологиялық деректерге сәйкес, Қазақстанда СЖЖ көптеген жүрек-қан тамырлары аурулары-
ның, әсіресе артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруларының асқынуы ретінде халықтың 
4%-ында кездеседі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, қан айналымы жүйесі 
аурулары салдарынан Қазақстан халқының өлім-жітім көрсеткіші Еуропа елдеріне қарағанда екі есе жоғары. 
Соңғы он жылда қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 1,7 есе өсті [1]. 
Науқастарды емдеу және оңалту тиімділігінің жеткіліксіздігінің себептерінің бірі-нақты өмірде емдеу 
бойынша қолданыстағы ұсынымдар науқастардың ұйғарылған терапиялық режимге көз-қарасының 
төмендігінен іске асырылмауы, диета мен өмір салтына қатысты дәрігерлік ұсыныстардың тиісті түрде 
орындалмауы болып табылады. Науқастарды өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларына 
үйрету, дәлелденген емдеу әдістерін мұқият қолдану, науқастарының ауруханаға жатқызылуының және 
өлімінің маңызды бөлігін болдырмауға қабілетті деп саналады [2, 3]. Соңғы уақытта СЖЖ бар науқастарға 
арналған мектептерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Науқасты және оның жақын туыстарын жүрек 
ауруларының алдын алу үшін оқыту өте маңызды мәселе болып табылады [4]. 
ДДҰ соңғы онжылдықтарда бүкіл әлем бойынша СЖЖ аурулары бар науқастар санының үздіксіз 
өсуін, өлім деңгейі жоғарылауын атап өтуде. Әлемде СЖЖ 25 миллионнан астам адам ауырады. 
СЖЖ жиілігінің таралу жиілігі дамыған елдерде жалпы популяцияның 0,3-2,4%, жасы > 65 төмен 
науқастардың 3-13% құрайды және әлемнің барлық дамыған елдерінде халық өлімінің негізгі себебі болып 
табылады. Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та популяциясында СЖЖ таралу жиілігі 0,1-0,5 %, жыл 
сайын бұл көрсеткіш екі есе артуда. 2019 жылы СЖЖ ауырған 100.000 науқасқа шаққандағы өлім 
көрсеткіші: Қазақстан - 34,5%; Ресей - 33,7 %; Қырғыстан - 32 %. 2020 жылы ҚР-да СЖЖ шалдыққан 
науқастар барлық тұрғындардың 25-30% құрады [5]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет