ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет96/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   212
Байланысты:
№4942021том2

 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
60 
Егер сапалы жаңа өнімдер (
quality, Q
), арзан (
cost, С
) және аз уақыт (
delivery, D
) ішінде шығармаса, 
қазіргі заманғы кәсіпорындар әлемдік бәсекелестікте өмір сүре алмайды. Сондықтан автоматтандыру, 
жобалау және өндірісті бір-бірімен байланыстыру үшін компьютерлердің жадының үлкен мүмкіндіктері, 
олардың жоғары жылдамдығын және ыңғайлы графикалық интерфейстің мүмкіндіктері пайдаланылады[2]. 
Осылайша, өнімді әзірлеу және шығару уақыты мен құны азаяды. Осы мақсатта автоматтандырылған 
жобалау 
(computer-aided design - CAD), 
автоматтандырылған өндіріс 
(computer - aided mаnufасturing - 
САМ), 
компьютерлік өңдеу немесе жобалау технологиялары (
соmрutеr аidеd engineering - СAЕ) 
қолданылады. Осы бағдарламаларды ескере отырып жобалап жатқан өндіріс орнын 3d-max 
бағдарламасында жобасын жасасақ, жобалап жатқан өндіріс орнын бизуалды түрде көру мүмкіндігіне ие 
боламыз.[4]. 
3d-max бағдарламасы – 3D модельдеу, анимация және визуализацияға арналған бағдарламалардың 
арасындағы бірегейі. Бұл бағдарламада әр түрлі пішіндегі есіктер мен терезелерден бастап баспалдақтар мен 
қоршауларға дейін әр түрлі жобаларды модельдеу үшін қажетті көптеген мүмкіндіктер бар. Бұған қоса, бұл 
3D редакторында үш өлшемді жобаның жарықтандыруын талдауға және реттеуге арналған құралдар бар. 
Сондай-ақ, бағдарламаға фотореалистік визуализатор біріктіріледі, бұл көрсетілген кескіннің жоғары 
дәрежедегі шынайылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.[5]. 
Өнеркәсіптік әдіспен дәрілік заттарды шығару саласында 3D-max бағдарламасын пайдаланып, 
өнеркәсіптік зауытты жобалауда практикалық қолданылуын, шаншуға арналған 2,4%-ды эуфиллин 
ерітіндісін алу технологиясына сүйене отырып, көрсету. 
Инъекциялық ерітінділердің басқа дәрілік түрлердәң технологиясынан ерекшелігі: қосымша 
материалдарды дайындау, инъекцияға арналган су алуды толық регламентациялау; 
асептикалық 
дайындау жағдайларын ұйымдастыру. Инъекциялық ерітінділердің стерильдігі мен апирогендігі асептика 
ережелерін мінсіз орындау және стерильдеудің түрлі әдістерін енгізумен қамтамасыз ету болып табылады 
[3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет