Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы


Аралықтың жыртылуы, себептері, дәрежелері, емі



бет2/4
Дата23.01.2023
өлшемі26,56 Kb.
#62467
1   2   3   4
Байланысты:
Лек-Босану-кезіндегі-жарақаттанушылық

3. Аралықтың жыртылуы, себептері, дәрежелері, емі
Аралықтың жыртылуы - ең жиі кездесетін жарақат, босанған әйелдер арасында 10-12%, тұңғыш босанушыларда 2-3 есе жиі.
Себептері: 1. Жасы 30-дан асқан тұңғыш босанушы; аралығы өте жоғары орналасқан; бұрын бірнеше рет аралығы жыртылған әйелдерде жиі кездеседі.
2. Нәресте басы жамбас жазықтықтарында дұрыс орнықпағанда (шалқая, маңдаймен, бетен) үлкен өлшемдермен туылғанда; бас үлкен және оның конфигурациясы жеткіліксіз болғанда.
3. Акушерия операциясында - қысқаш салудан кейін.
4. Жедел босанғанда.
5. Босану әрекетін дүрыс жүргізбегевде, нәресте басының мезгілінен бұрын шалқаюында.
Аралықтың жыртылу қаупінің белгілері: аралық көгеріп, ісініп, терісі түссізденеді - аралықты кеседі (перинеотомия).
Аралықтың жыртылуының үш дәрежесі бар (4-сурет).
Бірінші дорежесі. Тек артқы жабысқақ (шамалы аралық терісі және қынап қабырғасы) жыртылады, аралықтың бұлшық еттері сау (4 а-сурет).
Екінші дәрежесі. Аралықтың терісі және бұлшық еттері, қынаптың қабырғасы жыртылады (4 б-сурет).
Үшінші дәрежесі. Жоғарыда аталған ұлпалармен бірге, тік ішектің артқы сфинктері, кейде тік ішектің қабырғасьща жыртылады (4 в-сурет).
Сирек кездесетін жарақат - аралықтың орталық жыртылуы, артқы жабысқақ сау. Нәресте аралықтың орталық жыртылуынан туылады.
Аралықтың жыртылуында қан шығыны болады, үшінші дәрежесінде қан шығыны артады (әсіресе шүртекей жыртылғанда). Аралықтың жыртылу әсерінен жыныс мүшелерінің (қынаптың, жатырдың) төмен түсуі байқалады (көбінесе тігіс дұрыс салынбағанда). Үшінші дәрежесінде қынаптың, жатырдың төмен түсуімен бірге әйел үлкен дәретін үстай алмайды.
Емі. Барлық асептика ережелерін қолдана отырып, аралықтың жыртылған жеріне тігіс салады. Бірінші жоне скінші дорежесінде новокаинмен ауырсыздандырады, үшінші дәрежесінде наркоз береді.
Тігіс салар алдында қынап айнасы арқылы жыртылған жерді анықтайды. Содан кейін бірінші тігісті жыртылған жердің ең жоғарғы бұрышына салады, жіптің ұштарын қысқыш арқылы жоғары тартып ұстап, жарақаттың шетгеріне екі қысқыш салып, тампонмен құрғатады.
Бірінші дәрежесінде алдымен кетгут жібін қынаптың шырышты қабатына, содан кейін жібек жіпті аралықтың терісіне салады. Тігіс қашықдығы - 1 см, тігісті бір-бірімен байлағанда жыртылған жердің шеттері бір-бірімен түйісуі қажет.
Екінші дәрежесінде - тігіс жарақаттың ең жоғарғы бұрышына, содан кейін жыртылған аралықтың бұлшық етіне, қынаптың шырышты қабатына салынады. Соңғы салынған кетгут жібін жоғары кетеріп тартып (аралықтың терісіне тігіс салу ыңғайлы болады), аралыққа жібек жібін немесе косметикалық тігіс салып, жарақатқа иод ерітіндісін жағады (5-сурет).

Үшінші дәрежесінде алдымен тігісті тік ішек қабырғасына, содан кейін жыртылған сфинктерге салады, оларды тігіспен жалғастырады. Әрі қарай тігісті салу аралықтың жыртылуының екінші дәрежесіндегідей ..Аралықтың жыртылуының үшінші дәрежесіне тігіс салу: а - тік ішек қабырғасына тігіс салу; б - тік ішек сфинктеріне сыртқы тігіс салу; в - тік ішек сфинктерінің тұтастығын жасағаннан кейін (аралық жыртылуының үшінші дәрежесі, екінші дәреже болады)


Жарақатқа асептикалық дәкені салып, тігіс орнын құрғатып, йод, спирт ерітінділерімен тазартып отырады, әйел арнайы диета сақтайды (сұйық тамақ ішеді).
Аралық жыртылуының I және II дәрежесінде тігісті бесінші күні алады, ал III дәрежесінде тігіс алынбайды ұлкен дәретке тек 7-8-күндері отыруға болады.
Сыртқы жыныс мүшелері жыртылған кезде, жарақатқа жіңішке кетгутпен тігіс салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет