Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Босану кезіндегі жарақаттанушылық. Акушериялық операциялар»
Пәні: Акушерия және гинекология
Мамандығы: 0301000 емдеу ісі
Курс: 4
Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат
Құрастырған: Абдукасымова Э,А.
Шымкент, 2013
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді «___» ____ 2013 ж №__ хаттама
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доц. м.а. ________________ Р.Т.Тлеужан
1. Тақырыбы: Босану кезіндегі жарақаттанушылық. Акушериялық операциялар
2. Мақсаты: оқушыларды босану кезіндегі жарақаттанушылықпен, акушериялық операциялармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері
Дәріс жоспары:
1.Жатырдың жыртылуы
2. Жатыр мойнының жыртылуы.
3. Қынаптың жыртылуы
Жатыр қабырғалары бүтіндігінің жүктілік немесе босапу кезінде бұзылып, жыртылуын жатырдың жыртылуы деп айтады. Егер жатырдың барлық қабаты жыртылса, оны жатырдың толық, ал тек екі қабаты (шырышты, бұлшық ет) жыртылса, жартылай жыртылуы деп аталады. Жатырдың жыртылуы ана мен нәресте өміріне өте қауіпті: қан шығыны артып, геморрагиялық шок жиі кездеседі, өттегінің жедел жетіспеушілігінен нәресте тез шетінейді. Осыған байланысты анаға жедел хирургиялық жәрдем көрсетілуі керек.
Этиологиясы және патогенезі
Жатырдың жыртылу себептеріи акушер-ганекологтар көп зерттеген, себептері әр түрлі.
Бұл ауытқудың негізгі себебін түсіндіретін екі көзқарас бар.
Бандль (1875 ж.) жатырдың жыртылу механизмін түсіндіру үшін, өзінің механикалық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша нәрестенің бас өлшемі әйелдің жамбас өлшемдеріне сәйкес келмегендіктен, жатырдың жиырылу қасиеті бұзылып, оның төменгі сегменті қатты созылып, жұқаланып жыртылады. Бұл жағдай көбінесе тар жамбаста, құрсақтағы нәресте ірі болса, көлденең немесе қиғаш жатса, нәресте басы шалқая орналасқанда кездеседі.
Я.Ф.Вербов (1911 ж.) жатырдың жыртылу механизмінің себебін - жатыр қабырғаларының қабынып, дегенерациялық - дистрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деп түсіндірді. Мұндай қабыну кесар тілігінен кейінгі тыртықта, сондай-ақ жасанды, жасырын түсіктсрден кейін және жыныс мүшелерінің дамып-жетілмеуінде жиі кездеседі.
Бүгінгі күнде екі теорияны да мақұлдайды. Жатыр қабырғасы бүтінділігінің бұзылуы (жыртылуы) көбінесе кесар тілігінен кейінгі тыртықтың мардымсыздығында жиі кездеседі (тыртық мардымсыздығы жатыр қабырғасына тігістің дұрыс салынбауынан немесе тігіс бетіне инфекцияның түсуінен болады). Осының салдарынан қабынған жатыр тігісі біртіндеп жұқаланып, жүктілік немесе босану кезінде жыртылады (тыртық бойымен). Жатырдың жыртылуы негізінен кеп босанған ойелдерде жиі кездеседі, ал түңғыш босанушы әйелдер арасында өте сирек (Л.С.Персианинов, 1964 х.).
Жатыр жыртылуының жіктелуі
I. Мезгіліне қарай жыртылуы:
1). Жүктілік мезгілінде.
2). Босану мезгілінде.
II. Патогенетикалық белгілері бойынша:
1). Өздігінен жыртылуы.
2). Күшпен жыртылуы.
3). Аралас жыртылуы.
III. Орнына қарай жыртылуы:
1). Түбі.
2). Денесі.
3). Төменгі сегменті.
4). Жагыр мойнының III дәрежелі жыртылуы, жатырдың қынап күмбезінен бөлінуі.
1V. Көлеміне қарай жыртылуы:
1). Толық жыртылуы (жатырдың барлық қабаты).
2). Жартылай жыртылуы (шырышты және бұлшық етті қабаты).
V. Клиникалық ағымына қарай.
Жыртылу қаупі.
Жыртылудың басталуы.
Жатырдың жыртылуы.
Кесар тілігінен кейінгі тыртықтың ажырауы. Жатырдың жыртылу каупі
Жатырдың жыртылу қаупі Бандльдің механикалық теориясына сай мынадай клиникалық белгілермен сипатгалады.
Клиникалық белгілері:
Толғақ қатты аурушаң; кейде "талмалы" түрде болады.
Жатырдың сырт пішіні ұзынша, оның түбі бір жағына қарай қисаяды, төменгі сегменті созылып, жүқарып қолмен үстағанда ауыртпалы.
Контракциялы сақина өте жоғары (кіндікте), қисық тұрады.
Жатыр мойны, қынап қабырғалары, аралық, сыртқы жыныс мүшелері домбығып ісінеді.
Жатырдың жұмыр байламы ауыртпалы.
Әйелдің кіші дәретке отыруы қиындайды.
Нәрестенің жүрек соғуы нашарлайды (1-сурет). Жатырдың жыртылу қаупінде анаға жедел жәрдем көрсетіліп, кесар тілігі арқылы босандырады.
Жатырдың жыртыла бастауы
Бұл ауытқуда жоғарыда жатырдың жыртылу қаупінде аталған белгілерге қосымша: босану жолдарынан қан аға бастайды; зәрге қан араласады; нәресте қысылып тұншығады, ауру сезімі қатты артып, әйелде қорқыныш үрей пайда болады. Егер әйелге жедел жәрдем көрсетілмесе, жатыр жыртылады.
Жатырдың жыртылуы
Жатыр толық жыртылғанда қатты айғайлап жатқан әйел тынышталып, толғақ сап тоқтайды; босану жолдарынан қан кетеді; нәрестенің жүрек соғуы естілмейді; геморрагиялық шоктың белгілері пайда болады; жатырдың пішіні өзгереді; нәресте ішперде қуысында анықталады (2-сурет).
Босану ағымының кез келген кезеңінде жатыр жартылай жыртылуы мүмкін. Көбінесе жатырдың төменгі сегменті жыртылады, жамбас клетчаткасында немесе ішперде астында гематома пайда болады (3-сурет).
Гематоманың пайда болуына байланысты, әйелдің іші қатты ауырып, кейде аяқтарына да жайылады, сыртқа қан шығыны болмайды. Диагаозын көбінесе жатыр қуысын қолмен тексергенде ғана немесе УДЗ арқылы анықтауға болады.
Дәрігерлік көмек: жатырдың жыртыла бастауында және жатыр жыртылғанда бірден операция - ампутация немесе экстирпация жасайды.
Жатыр тыртығынан кейінгі жыртылу ерекшеліктері
Бұл ауытқу ана мен бала өміріне өте қауіпті, соңғы жылдары жатырдың жатыр тыртығынан кейінгі жыртылуы жиі кездеседі, себебі әйелді кесар тілігі арқылы босандыру жиіледі.
Жыртылу ерекшеліктері: клиникалық белгілері мардымсыз, өте аз; іштің төменгі жағы, тыртық тұсы ауырады; тыртықты сипап зерттегенде, ауырсынады; ауыртпалы толғақ пайда болады.
Кесар тілігінен кейінгі тыртыққа УДЗ зерггеу жүргізеді, плацентанын, орнын, тыртықтың қасиетін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |