ОңТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы қалыпты және патологиялық физиология кафедрасы оқытушыларға арналған тәжірбиелік сабақТЫҢ



бет15/34
Дата03.02.2023
өлшемі475 Kb.
#65094
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34
Байланысты:
Методичка-СД-1курс-каз

Қолданылған әдебиеттер:

Тақырып бойынша дәріс.

  1. А.А. Өтепбергенов, Х.Қ Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева «Қалыпты физиология». Алматы-2005ж.

  2. қалыпты физиологияның лабораториялық жұмысы. Ақтөбе-1993ж. Х.Қ. Сатпаева, нілдібаева Ж.Б.

  3. Покровский В.М. физиология Человека. I-II том. М.: Медицина, 1998, 2001, 2003.

  4. Косицкий Г.И. «Физиология человека» М.: Медицина, 1975,1986.

  5. Логинов А.В. «Физиология с основами анатомии человека» М.: Медицина, 1983г.

  6. Ткаченко Б.И. «основы физиологии человека». А-Ата, 1992г.

  7. Тель Л.З., Агаджанян Н.а. «Физиологии человека». А-ата, 1992г.

  8. Коробков А.В., Чеснокова С.А. «Атлас по нормальной физиологии» М.: ВШ, 1987.

  9. Румянцева М.Ф., и др. Руководство к практическим занятиям по физиологии с основами анатомии человека. М.: Медицина, 1986г.




    1. 6.Тақырып: Ас қорыту жүйесінің физиологиясы.

    2. Оқу сағаттарының саны- 2 сағат

    3. Тақырыптың маңыздылығы: Асқорыту жолдарының қызметтерін тереңірек жетік білу, дәрігерлік практикада өзекті мәселелерді шешуге қажетті.

Дидактикалық мақсаты:
Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы- дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады.
Асқорыту -өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияғатүсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады. Асқорыту ферменттері сусыз жерде әсер ете алмайтын ашытқы гидролазалар тобына жатады. Бұлардың әсерінен күрделі органикалық қоректік заттар ыдырап, қан мен лимфаға өтетіндей, денедегі жасушалар пайданыла алатындай қарапайым қосынды- мономерлерге айналады.
Су, минерал тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайыморганикалық заттар ішек- қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді.
Асқорыту жүйесінің қызметі:

    1. Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, тбауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер болады. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады. Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза- әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза-полсахаридтерді (крахмал,гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады.

    2. қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды. Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі құрамына кіретін ағзалар бірімен жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады.

    3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек –қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді.

    4. Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі (экскреция). Қортылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгермеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық тұздар,су), өт құрамындағы затттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады.

    5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет