Бақылау: Бақылау сұрақтары: Дәрілік түрлердің интеграциялық жіктелуінің маңызы.
Дәрілік түрлердің агрегаттық жағдайына байланысты жіктелуі.
Дәрілік түрлердің енгізу жолына байланысты жіктелуі.
Дәрілік түрлердің негізгі топтарының дисперсиологиялық сипаттамасы.
кредит 1 Тақырыбы 3: Сұйық дәрілік түрлер үшін дисперстік орталар. Тазартылған су. Алынуы, сақталуы. Суды жұмыс орнына жектізу. Сапасын бағалау. Сақтау. Бейсу дисперстік орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар.
Мақсаты:ғылыми және практикалық есептерді шығаруда студенттерде өздігінше шығармашылық дағдыларды қалыптастыру.
Тапсырма: тақырыпты меңгеру үшін әдебиеттермен және электрондық қормен жұмыс істеуді жүргізу, сол кезде келесі сұрақтарға көңіл аудару керек:
- сұйық дәрілік түрлерде қолданылатын еріткіштер. Еріткіштерге қойылатын талаптар;
- тазартылған су. Алынуы. Сақталуы;
- суды жұмыс орнына жеткізу;
- спирттер концентрациясы, оларды анықтау әдістері және қолданылатын қондырғылар;
- этил спиртін есепке алынуы және сақталуы;
- майлы және минералды майлар;
- табиғи және синтетикалық еріткіштер.
Орындау түрі:реферат дайындау және қорғау, глоссарий құрастыру.
СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері: Реферат – студенттің қалау бойынша дайындалады. Реферат бір топ студенттермен дайындалу мүмкін, олардың әр қайсысы бір бөлімнен мәселені зерттеп дайындайды. Реферат сұрақтардың мәнін ашуы, максималды ақпараттық және қорытындысы болуы керек.
Глоссарий –комментарийлер мен мысалдар келтірілген терминдер сөздігі. Тақырып бойынша жиі қолданылатын мағыналы сөздер.
Бағалау критерилері: Минималды балл: 1(50балл)
Максималды балл: 4(100балл)