Күшті электролиттер теориясы (Дебай, Хюккель) бойынша күшті электролиттер ерітіндіде толық диссоциацияланғандықтан иондар концентрациясы жоғары болады.
Әр аттас иондар арасында электростатикалық тартылыс күштері туады. Нәтижесінде әр ион қарама-қарсы зарядты ионмен «иондық атмосфера» құрып қоршалады. Бұл иондардың қозғалғыштығын тежейді. Соның салдарынан иондардың активтігі төмендейді. Реакцияға түскенде, олардың концентрациясы нақты концентрациясынан кем болып көрінеді. Осы құбылысты түсіндіру үшін «активтілік» деген ұғым енгізілген. Химиялық реакцияға түсетін концентрацияға сәйкес концентрацияны ионның активтілігі деп атайды:
а = c
а – ионның активтілігі, моль/л;
– активтілік коэффициенті;
с – мольдік концентрация, моль/л
Гидратталған иондар – ерітіндіге өтеді Активтілік коэффиценті ерітіндінің иондық күшіне байланысты. Ерітіндінің иондық күші ондағы барлық иондардың мольдік концентрациясы мен олардың зарядтарының квадратының көбейтіндісінің жартылай қосындысына тең: - ерітіндінінің иондық күші
Сi – i-ионның мольдік концентрациясы, моль/л
Zi – i-ионның заряды
Мысалы: 0,1М алюминий сульфаты ерітіндісінің иондық күшін есептегенде
Қышқылдар мен негіздердің Аррениус және Льюис бойынша ілімі.
Льюс анықтамасы бойынша қышқыл болатын қосылыстар өзіне электрон жұбын қосып алуға қабілетті, ал негіздер – электрон жұбын беруші қосылыстар.Мұндай әрекеттесудің нәтижесінде коваленттік байланыс түзіледі.
Льюис теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз жұп электрон қосып алып коваленттік байланыс түзетін қосылыс(акцептор), негіздер осы коваленттік байланыс түзу үшін жұп электрондарын бере алатын қосылыстар(донор).
Льюис теориясы бойынша қышқылдар дегеніміз жұп электрон қосып алып коваленттік байланыс түзетін қосылыс(акцептор), негіздер осы коваленттік байланыс түзу үшін жұп электрондарын бере алатын қосылыстар(донор).