1. Тақырыбы №15: Вирусты этиологиясы бар ішек инфекцияларына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар. Бактериялық этиологиясы бар ішек инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.тИерсиниоз және жалғантуберкулез ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Тырысқақ ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. ТЭҚК және СБП
2. Мақсаты: Студентердің вирусты этиологиясы бар ішек инфекцияларының, жалғантуберкулез, кампилобактериоз, тырысқақ ауруларының эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпид.анамнезін дұрыс жинауға, инфекция ошағында контактта болғандарды анықтауға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын белгілеуге үйрету.
3. Тапсырма:
Вирусты және бактериальды этиологиялы ішек инфекцияларының, жалғантуберкулез, кампилобактериоз, тырысқақ ауруларының этиологиясы және эпидемиологиясы, берілу жолы.
Вирусты және бактериальды этиологиялы ішек инфекцияларының эпидемиологиясының теориялық негіздерін қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.
4. Орындау түрі:
Рефератты құру және қорғау
Тапсырма құру
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:
15-16 апта
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
Достарыңызбен бөлісу: |