ОңТҮстiк қазақстан мемлекеттiк фармацевтика академиясы техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КОЛЛЕДЖДІҢ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Тіс техникалық материалтану»
ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ Мамандығы: 0304000 «СТОМАТОЛОГИЯ» Біліктілігі: 0304023 «Дантист» Курсы: 2 Семестр: IV Құрастырушы: колледж мұғалімі Сейдуалиев С.К.
Шымкент-2012 ж.
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«_______» _____________
№ «_______» хаттама
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі _______________________
Сабақ №1
1.Сабақтың тақырыбы: Тіс техникалық материалдармен жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері.
2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)
3.Сабақтың түрі: теориялық
4.Сабақтың мақсаты: оқыту: Ортопедиялық стоматологияның тісті протездеу бөлімінде – тіс және тіс қатарындағы аурудың пайда болуын, олардың клиникасын, орнын толтыру мен алдын алуды үйретеді. Стоматологиялық материалдарды қолдану үшін олардың тек қана қасиеттерін біліп қоймай, әрбір материалдың физикалық және химиялық қасиеттерін білу қажет.
тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.
дамыту: Тіс технигінің жұмысына қажет құрал – саймандар, мүсіндеуші шпательдер, гипсті мүсіндеуге арналған пышақ, пинцет, қысқыштар, балғашықтар егеуіштер және т.б. түрлерін білу.
5.Оқыту әдісі:модульді
6. Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.